Павлодар

Меню

Страницы

Статья

Павлодар қаласының 2020 жылғы қаңтар-мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

1. Экономиканың нақты секторы

1.1 Өнеркәсіп

Ағымдағы жылдың қаңтар амырайларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 325,6 млрд. теңгені құрады, НКИ-95,8%.

- Тау-кен өндіру өнеркәсібінің НКИ-116,7%;

- Өңдеу өнеркәсібінің НКИ – 96%;

- Электрмен жабдықтаудың НКИ, бу беру және ауа баптау – 104,6% құрады;

- Сумен жабдықтаудың НКИ; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау - 91,1%.

1.2. Ауыл шаруашылығы

2020 жылғы 1 маусымда ауыл, орман және балық шаруашылығы жалпы өнімінің (көрсетілетін қызметтердің) көлемі 2,2 млрд.теңгені құрады, НКИ – 107,5%.

Мал шаруашылығы

Ірі қара мал басының саны 7,1 мың басты құрады. (2020 жылғы   1 маусымға 99,2%), қой – 13,2 мың бас (99,4%), ешкі – 1,2 мың бас (84%), жылқы – 3,0 мың бас (95,5%), шошқа – 26,1 мың бас (110,9%), құс – 569,3 мың бас (120,3%).

Тірі салмақта ет – 648,8 тонна (100%), сүт – 2 305,3 тонна (97,6%), жұмыртқа – 52 479,2 мың дана (115,0%) өндірілді.

Азық-түлік өнімдері, 24,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, НКИ-115,8%.

1.3. Құрылыс

Құрылыс саласындағы құрылыс жұмыстарының көлемі 13,3 млрд. теңгені құрады, НКИ-101,3%.

Тұрғын үй ғимараттарын пайдалануға беру

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 50,9 мың ш.м. немесе 122,9%.

Шағын аудандардағы бюджет қаражаты есебінен Сарыарқа ауданында № 31 (4 999,6 ш.м.), № 24/2 (8 510,7 ш. м.) тұрғын үй пайдалануға берілді, жалпы ауданы 14,5 мың ш.м. 2 көп қабатты тұрғын үйдің (№ 11, 29) құрылысы жалғасуда. «Әуеқалашық» шағын ауданында «3-тип» (1868,5 ш.м.) тұрғын үйлер пайдалануға берілді, 37 үйдің (37 учаске, 37 пәтер) құрылысы жалғасуда – 6,0 мың ш. м. Достық үш тұрғын үй (2, 3, 13 дақ), жалпы ауданы 9,4 мың ш. м.;

Жеке инвестициялар есебінен 2020 жылы іске қосылатын жалпы ауданы 24,8 мың ш.м. 2 үйдің құрылысы жалғастырылуда («Павлодарэнерго» АҚ Ткачев к – сі,18/1 және «Қазақстан алюминийі» АҚ Лесная-Гагарин к-сі бойынша).

2. Инвестициялар

Негізгі капиталға инвестиция көлемі 30,8 млрд. теңгені құрады, НКИ 112,9% (2019 ж. 5 айда - 27,0 млрд. теңге).

Инвестициялар құрылымында ең үлкен үлес салмақты кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті қаражаты – 70,9%-ды алады, бюджет қаражатының үлесі 24,3%-ды, қарыз қаражаты - 4,7%-ды құрады.

Индустрияландыру картасы

Кәсіпкерлікті қолдау Картасы аясында 2020 жылы инвестиция көлемі 3,2 млрд.теңге және 140 тұрақты жұмыс орнын құрумен  2 жобаны іске қосу жоспарлануда.

Анықтамалық:

  1. Ыстық мырыш тау өндірісін ұйымдастыру («POCCDORCOM KZ» ЖШС), инвестиция көлемі – 3,0 млрд.теңге, жұмыс орындары – 120.
  2. Композиттік коагулянттар дайындау цехының құрылысы («ASCOR өндірістік бірлестігі» ЖШС), инвестиция көлемі – 180,0 млн.теңге, жұмыс орындары – 20.
  1. Шағынжәне орта кәсіпкерлік

Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 30 422 бірлікті (4,5%-ға төмендеу) құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрған 25 803 бірлік (1,2%-ға төмендеу) жеке кәсіпкерлер 18 233 бірлік (4,4% - ға төмендеу).

«Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы сомасы 4,5 млрд. теңгеге 88 жоба мемлекеттік қолдауға ие болды, оның ішінде:

- ішінара кепілдік беру - 1,8 млрд. теңге сомасына 34 жоба;

- пайыздық мөлшерлемені субсидиялау - 2,3 млрд. теңге сомасына 47 жоба

- гранттық қаржыландыру 17,5 млн. теңге сомасына 4 жоба;

- ИКИ жүргізу 448,3 млн.теңге сомасына 3 жоба.

4. Сауда

2020 жылғы қаңтар-мамырда бөлшек сауда айналымы 79,2 млрд.теңгені (79,1%) құрады.

Көтерме сауда көлемі 115,6 млрд.теңгені (95,5%) құрады.

Қаланың тұтыну нарығында бағаның негізсіз өсуіне жолбермеу және тұрақтандыру үшін

- 19 топ бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына күнделікті баға мониторингі жүргізіледі (Үкіметтің 2010 жылғы 1 наурыздағы №145 қаулысына сәйкес)

- 69 «Әлеуметтік» дүкен жұмыс істейді (оның ішінде 4 дүкен ауылдарда орналасқан).

- өңір өндірушілерімен және көтерме және бөлшек сауда желісімен жасалған 12 Меморандум жұмыс істейді;

5. Бюджет

Есепті кезеңде қала бюджетіне жоспар бойынша 25 987,1 млн. теңге немесе 116% өсіммен 30 149,5 млн. теңге жеке кірістер жұмылдырылды.

Қала бюджетінің шығыс бөлігі 2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жалпы 96,8% - ға орындалды, есепті кезеңге арналған жоспар 40 324,5 млн.теңге болса, орындалуы 39 036,6 млн. теңгені құрады.

2020 жылға арналған қала бюджетінің көлемі жалпы 129 540,7 млн.теңгені құрады. Бюджеттің жалпы көлеміндегі трансферттердің үлес салмағы 28,2% - ға немесе 36 480,8 млн.теңгеге тең.

6. Әлеуметтік сала

6.1 Еңбек нарығы

Жұмыспен қамту саласында ағымдағы жылдың 1 маусымына жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жүгінген тіркелген азаматтар саны 3 608 адамды құрады.

3988 азаматқа жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді, оның ішінде: тұрақты жұмыс орындарына – 3292 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 161 адам, жастар практикасына – 54 түлек жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмыстарға 481 азамат қатысты.

Қала кәсіпорындарымен 1230 тұрақты жұмыс орны құрылды.

Есепті кезеңде Жұмыспен қамту орталығында есепте тұрған жұмыссыздар саны - 1894 азаматты құрады.

6.2 Еңбекке ақы төлеу

2020 жылғы қаңтар-наурызда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 168 584 теңгені немесе 2019 жылғы қаңтар - наурызға (статистика бойынша деректер тоқсанына бір рет) 116,7% - ды құрады.

7. Білім

Павлодар қаласының білім беру жүйесі құрамына 133 мемлекеттік және жеке меншік білім беру ұйымдары, оның ішінде: 44 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп, 1 ҚІЖК, 72 мемлекеттік мектепке дейінгі мекеме, 8 мектептен тыс мекеме, 8 мемлекеттік емес мектепке дейінгі ұйымдар кіретін ұйымдар желісі болып табылады.

Жалпы қала бойынша 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту - 73,5%, 3 жастан 6 жасқа дейін-100%.

Қаланың 42 мектебінде компьютерлік  техника бар және Интернет желісіне қосылған. Бір компьютерге жарақтандырудың орташа көрсеткіші 7,3 адамды құрайды.

8. Денсаулықсақтау

Қаланың денсаулық сақтау жүйесі емдеу-алдын алу ұйымдарының желісімен ұсынылған: 5 емхана; 2 қалалық аурухана; балаларды оңалтудың қалалық орталығы; қалалық жерде 5 дәрігерлік амбулатория, 2 медициналық пункт, сондай-ақ жеке меншік медициналық мекемелер.

Қала бойынша 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық көрсеткіштерінің 18,8% - ға (100 мың тұрғынға 262,9), қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 9,2%-ға (100 мың тұрғынға 168,7), қан айналымы жүйесінің аурулары 12,8%-ға (100 мың тұрғынға 2860,5), туберкулезбен сырқаттану 33,8% - ға (100 мың тұрғынға 35,3) төмендегені байқалады.

2020 жылдың қаңтар-наурыз айларында қалада 1 ана өлімі тіркелді.

9. Жолдар

Павлодар қаласының Автомобиль жолдарының ұзындығы 447,8 км. құрайды, оның ішінде 308,6 км. асфальт - бетон жабынымен және 139,2 км. топырақ жабынымен жабылған.

Қала көшелерін, жолдар мен тротуарларды ағымдағы жөндеуге 1275,3 млн.теңге бөлінді.

10. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

2020 жылғы қаңтар-мамырда құқық бұзушылықтардың жалпы саны (2020 ж. 5 айда – 1426 бірл., 2019ж. 5 айда - 2003 бірл.) 28,8% - ға төмендегені байқалады.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмыс деңгейін төмендету мақсатында «Жасөспірім», «Тұрмыс» және «Подучетник» жедел-алдын алу іс-шаралары жүргізіледі.

Осы жылдың 5 айында көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы 9,4% - ды құрады (2019 ж. - 16,9%).

Тонау 38,7% - ға, ұрлық 55,7% - ға, зорлау 50% - ға және бұзақылық 17,4% - ға төмендегені байқалады. Бұл ретте алаяқтықтың 44,4% - ға өскені байқалады.

Қала аумағында 117 жол-көлік оқиғасы тіркелген, бұл өткен жылдың деңгейінен 7,1% - ға аз (2019ж. 5 айда – 126), түрлі дәрежедегі дене жарақатын алған кезде - 171 адам (2019 ж. 5 айда - 157 адам, 8,9% - ға өсті), 4 адам қайтыс болды (2019ж. 5 айда - 4 адам).

ЖКО-да қаза тапқандар санын 100 зардап шегушіге төмендету көрсеткіші (2019ж. 5 айда - 2,5%) 2,3 %-ды құрады.

Дата публикации
01 июня 2020
Дата обновления
06 апреля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы