
Базалық макрокөрсеткіштер
|
Сала |
ФАКТІ |
||
|
2020 жылғы қаңтар-сәүір |
НКИ |
Облыс бойынша орын |
|
|
Өнеркәсіп млн. теңге |
271 563,8 |
98,1 |
9 |
|
Ауыл шаруашылығы млн. теңге |
1 668,8 |
107,1 |
2 |
|
Инвестициялар млн. теңге |
24 169,4 |
113,3 |
3 |
|
Құрылыс млн. теңге |
9 188,7 |
101,7 |
7 |
|
Тұрғын үйді іске қосу шаршы метр |
40 336 |
105 |
7 |
|
Бөлшек сауда млн. теңге |
65 833,7 |
84,8 |
12 |
|
КОК жұмыс істейтін субъектілердің саны |
25 727 |
98,5 |
5 |
1. Экономиканың нақты секторы
1.1 Өнеркәсіп
2020 жылғы 1 мамырға жағдайына өнеркәсіптік өндіріс көлемі 271,6 млрд. теңгені құрады, НКИ – 98,1%.
- НКИ тау-кен өнеркәсібі – 135,9%;
- НКИ өндіру өнеркәсібі – 98,7%;
- НКИ электрмен жабдықтау, бу беру және ауалық салқындату – 103,7% құрады;
- НКИ сумен жабдықтау; кәріздік жүйе, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау – 95,9%.
2020 жылғы 1 маусымға күтілетін НКИ – 98%
1.2. Ауыл шаруашылығы
2020 жылғы 1 мамырға ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімін (қызметтерін) жалпы шығару көлемі 1,7 млрд. теңгені құрады, НКИ – 107,1%.
2020 жылғы 1 маусымға күтілетін НКИ – 110%
Ауыл шаруашылығы
ІҚМ басының саны 7,1 мың басты (2019 жылғы 1 мамырға қарағанда 102,9%), қой – 12,3 мың басты (100,4%), ешкі – 1,1 мың басты (85,9%), жылқы – 2,8 мың басты (95,5%), шошқа – 26,4 мың басты (113,1%), құс – 579,9 мың басты (109,9%) құрады.
Еттің барлық түрлерін өндіру 464,1 тоннаны (96,9%), сүт өндіру – 1 493,8 тоннаны (97,9%), жұмыртқа – 42 169,5 мың дананы (114,6%) құрады.
1.3. Құрылыс
Құрылыс жұмыстарының көлемі 9,2 млрд. теңгені құрады, НКИ – 101,7%.
2020 жылдың 1 маусымға күтілетін НКИ – 100,6%.
Тұрғын ғимараттарды іске қосу
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 40,3 мың ш. м.немесе 105%.
Бюджет қаражаты есебінен «Сарыарқа» шағын ауданында № 31 (4 999,6 ш. м.) тұрғын үй пайдалануға берілді, жалпы ауданы 23 мың ш. м. 3 көп қабатты тұрғын үйдің (№ 11, 24/2, 29) құрылысы жалғасуда. «Әуеқалашық» ш. а. - 3 типі енгізілді, (1868,5 ш. м.), 37 үй құрылысы жалғасуда (37 учаске, 37 пәтер) - 6,0 мың ш. м., «Достық» шағын ауданында жалпы ауданы 9,4 мың ш. м. үш тұрғын үй (2, 3, 13-дақ);
Жеке инвестициялар есебінен 2020 жылы іске қосылған жалпы ауданы 24,8 мың ш. м. 2 үйдің («Павлодарэнерго» АҚ Ткачев көшесі, 18/1 және «Қазақстан алюминийі» АҚ Лесная – Гагарин көшесі бойынша) құрылысы жалғасуда.
1 маусымға күтілгендер – 41,5 мың ш. м. немесе 100,3%.
2. Инвестициялар
2020 жылғы 1 мамырға негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 24,2 млрд. теңге, НКИ – 113,3%.
2020 жылғы 1 маусымға күтілетін инвестициялар көлемі – 27 274,6 млн. теңге немесе 100,1%.
3. Шағын және орта кәсіпкерлік
Шағын және орта кәсіпкерліктің тіркелген субъектілерінің саны 30 492 бірлікті құрады, соның ішінде жұмыс істейтіндері 25 727 бірлік, соның ішінде жеке кәсіпкерлер 18 204 бірлік.
4. Сауда
Бөлшек сауда көлемі 65 833,7 млн. теңгені немесе 84,8% - ды құрады.
Қаланың тұтынушылар нарығында бағаның негізсіз өсуін болдырмау және тұрақтандыру үшін:
- 19 топ бойынша әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасына күнделікті мониторинг жүргізіледі (Үкіметтің 2010 жылғы 1 наурыздағы №145 қаулысына сәйкес);
- 30 «Әлеуметтік» дүкен қызмет етеді (оның 3-еуі ауылдарда орналасқан).
- аймақ және көтерме-бөлшек сауда желісінің өндірушілерімен жасалған 12 Меморандум әрекет етеді.
2020 жылғы 1 маусымға күтілетін НКИ – 88%
5. Бюджет
Есепті кезең ішінде қала бюджетіне жоспар бойынша 24 061,8 млн. теңге немесе 110,2% өсіммен 21 844,1 млн. теңге меншікті кірістер тартылды.
Қала бюджетінің шығыс бөлігі 2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жалпы 99,8% - ға орындалды, есепті кезеңге жоспар бойынша 29 617,7 млн.теңге, орындалуы 29 556 млн. теңгені құрады.
2020 жылға арналған қала бюджетінің көлемі жалпы 128 784,2 млн.теңгені құрады. Бюджеттің жалпы көлеміндегі трансферттердің үлес салмағы 23,6% - ға немесе 30 454 млн. теңгеге тең.
6.Әлеуметтік орта
6.1 Еңбек нарығы
Жұмыспен қамту саласында есепті кезеңде жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жүгінген тіркелген азаматтардың саны 1 840 адамды құрады.
2 207 азаматқа жұмысқа орналасуға көмек көрсетілді, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына – 1622, әлеуметтік жұмыс орындарына – 154 адам, жастар тәжірибесіне – 49 түлек. Қоғамдық жұмыстарға 382 адам қатысты.
Қала кәсіпорындарымен 775 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 754 тұрақты жұмыс орны.
Жұмыспен қамту орталығында есепте тұрған жұмыссыздар саны – 1 874 адамды құрады.
6.2 Еңбекақы төлеу
2020 жылғы қаңтар – наурыз ішінде бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 168 584 теңгені немесе 2019 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 116,7%-ды құрады.
7. Білім беру
Есепті кезең ішінде Павлодар қаласының білім беру жүйесі 133 мемлекеттік және жеке меншік білім беру ұйымы, соның ішінде: 44 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп, 1 ОӨК, 72 мемлекеттік мектепке дейінгі мекеме, 8 мектептен тыс мекеме, 8 мемлекеттік емес ұйымға кіретін ұйымдар желісін ұсынады.
Тұтас қала бойынша, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 73,5% - ды, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту – 100% - ды құрады.
Қаланың 42 мектептері компьютерлік техникамен қамтылған және Интернет желісіне қосылған. Бір компьютерге жабдықталудың орташа көрсеткіші 7,3 адамды құрайды.
8. Денсаулық сақтау
Қаланың денсаулық сақтау жүйесі емдеу-алдын алу ұйымдарының желісімен көрсетілген: 5 емхана; 2 қалалық аурухана; балаларды оңалту қалалық орталығы; қалалық жерде 5 дәрігерлік амбулатория, 2 медициналық пункт, сондай-ақ жеке меншік медициналық мекемелер.
Қала бойынша 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық көрсеткіші 19,2% - ға (100 мың тұрғынға 317,6), қан айналымы жүйесі ауруларынан көрсеткіші 12,6% - ға (100 мың тұрғынға 2 857,5) төмендегені байқалады. 2020 жылдың қаңтар-сәүір айларында қалада 1 ана өлімі тіркелді. Туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 38,2% - ға төмендеді (100 мың тұрғынға 34,9).
9.Жолдар
Павлодар қаласының автомобиль жолдарының ұзындығы 421км. құрайды, оның асфальтобетонды жабындысымен 270 км. және құм жабындысымен 151 км.
Қала көшелерінің, жолдарының және тротуарларды ағымдағы жөндеуге 1,4 млрд. теңге бөлінді.
10. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп
2020 жылғы қаңтар-сәүір ішінде қылмыстардың 1221 фактісі тіркелді. Осыған қоса 4 ай ішінде көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы 7,9%-ы құрады.
79 жол-көлігінің оқиғасы тіркелді, онда 4 адам қаза тапты, 116 адам - әртүрлі деңгейде дене жарақаттарын алды.
ЖКО қаза тапқандар санын азайту бойынша көрсеткіш 100 зардап шегушіге 3,4%-ы құрады (Жоспары – 2,1).