Павлодар

Меню

Страницы

Статья

Павлодар қаласының 2020 жылғы қаңтар-наурыздағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат

Өнеркәсіп

Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында өнеркәсіп кәсіпорындарымен 201,3 млрд. теңге сомасына өнім өндірілді, НКИ – өткен жылдың тиісті кезеңіне 100,7% құрады (2019 ж. 3 ай  – 192,4 млрд. теңге немесе 103%).

Салалар бөлінісінде:

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде (үлесі 0,1%) өндіріс көлемі – 119,3 млн.теңгені, НКИ – 116,3% - ды құрады.

Өңдеу саласында (үлесі 90%) өндірілген өнім көлемі – 182,8 млрд.теңгені, НКИ – 101,5% - ды құрады.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда (үлесі 7,1%) өндіріс көлемі 16,2 млрд.теңгені құрады, НКИ – 103,5%.

Сумен жабдықтау саласында (үлесі 1,0%) өндіріс көлемі 2,1 млрд.теңгені, НКИ – 100%-ды құрады.

Инвестициялар

Негізгі капиталға инвестиция көлемі 17,5 млрд. теңгені құрады, НКИ 101,7% (2019 ж. 3 ай - 17,0 млрд. теңге).

Инвестициялар құрылымында ең үлкен үлес салмақты кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті қаражаты – 83,8%-ды алады, бюджет қаражатының үлесі 9,6%-ды, қарыз қаражаты – 6,6%-ды құрады.

Құрылыс

Құрылыс саласында құрылыс жұмыстарының көлемі 6,9 млрд. теңгені құрады, НКИ-103,1%.

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 37,4 мың ш.м. немесе 102,8%.

Бюджет қаражаты есебінен Сарыарқа шағын ауданында № 31 (4 999,6 ш.м.) тұрғын үй пайдалануға берілді, жалпы ауданы 23 мың ш. м. 3 (№ 11, 24/2, 29,) көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда, «Әуеқалашық» ауданында 3 - тип енгізілді (1868,5 ш.м.), 37 үйдің құрылысы жалғасуда (37 учаске, 37 пәтер) –  6,0 мың ш. м. «Достық» шағын ауданында жалпы ауданы 9,4 мың ш. м. үш (2, 3, 13 - дақ) тұрғын үй;

Жеке инвестициялар есебінен 2020 жылы іске қосылатын жалпы ауданы 24,8 мың ш.м. 2 үйдің құрылысы жалғастырылуда (Ткачев көшесі,18/1 бойынша Павлодарэнерго» АҚ  және Лесная-Гагарин көшесі бойынша «Қазақстан алюминийі» АҚ).

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы (қызмет көрсету) 1,2 млрд. теңгені құрады, НКИ-107,7%.

Анықтама ретінде:

ІҚМ басының саны 6,9 мың басты құрады. (2019 жылғы 1 сәуірге 102,6%), қой – 11,3 мың бас (101,6%), ешкі – 1,1 мың бас (87,9%), жылқы – 2,6 мың бас (93,7%), шошқа  – 26,4 мың бас (113,4%), құстар – 585,4 мың бас (120 %).

Тірі салмақта ет – 337,4 тонна (100,7%), сүт – 959,6 тонна (97,6%), жұмыртқа – 31 540,2 мың дана (113,8%) өндірілді.

Азық-түлік өнімдері, 13,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, НКИ - 120,4%.

Шағын және орта кәсіпкерлік

 Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 30 460 бірлікті құрады (4% - ға төмендеу), оның ішінде жұмыс істеп тұрған 25 634 бірлік (0,9% - ға төмендеу) жеке кәсіпкерлер 18 144 бірлік (3,9% - ға төмендеу).

«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы сомасы 1,1 млрд. теңгеге 33 жоба мемлекеттік қолдауға ие болды, оның ішінде:

Сауда

Бөлшек сауда көлемі 56,3 млрд. теңгені немесе 101%-ды құрады.

Көтерме сауда көлемі 60,6 млрд. теңгені немесе 98,1% - ды құрады.

- азық-түлік емес тауарларды (кеңсе тауарлары, тұрмыстық техника, жиһаз сату, авто, автомобиль бөлшектерін, құрылыс материалдарын сату) сату көлемін азайту.

2020 жылғы қаңтар-ақпанға барлық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге инфляция деңгейі 2019 жылғы желтоқсанға қарағанда 102,9% - ды құрады, оның ішінде:

- азық-түлік тауарларына – 105%;

- азық-түлік емес тауарлар – 101,6%;

- ақылы қызметтер – 101,4%.

Орташа айлық жалақының мөлшері ұлғайып, 160 918 теңгені немесе 113,8%-ды құрады (қаңтар-желтоқсан айларындағы деректер).

Дата публикации
01 апреля 2020
Дата обновления
01 апреля 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы