Павлодар

Меню

Страницы

Статья

Павлодар облысында құтырудын алдын алу онкүндігі өтуде

«Павлодар қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ наурыз айының 9-нан бастап 19-на дейін облыста құтырудын алдын алу онкүндігі өтуде. Қалада осы күнге дейін жануарлар тістеуінен шамамен 230-дан астам адам зардап шеккен, 80% үй жануарларының тістеу жағдайынан. Осыған байланысты, тұрғындарды құтыру сияқты сырқат туралы ұытпауға шақырамыз, алдын алу шараларын қадағалау және тістеген жағдайда  кешіктірмей медициналық көмекке  жүгіну.

Құтыру-орталық жүйке жүйесін ауыр жаралаумен, өте қауіпті  инфекциялық сырқат, ол әрқашан қазалы жағдаймен аяқталуы мүмкін. Құтыру вирусы адамға ауру тағы және үй жануарларынан беріледі.

Адамның зақымданған терісіне (жарақат, терісі сыдырылған жер, тырнақ ізі) ауру жануардың сілекейінің тиюі болмаса жануардың тістеп алуында ауру жұғады.

Сырқаттың инкубациалық кезеңі он күннен бір жылға дейін созылады, оның ұзақтығы тістелген орнына байланысты. Ең қауіптісі бас, бет, мойын, алақан  және қол саусақтарының тістелуі, яғни клиникалық белгілеріне дейінгі мерзім өте қысқа және ауру ерекше белсенді өтеді. Киіммен жабық орын, дене  бөлігіндегі тістелу онша қауіпті емес.  

Жануарлармен тістелген жағдайда жылы сумен жарақатты жуу, тұрған орны бойынша медициналық ұйым травмпунктіне жүгіну қажет.   Медициналық ұйымда Сізге құтыруға қарсы екпе курсын тағайындайды.  Дәрігермен тағайындалған вакцинаны үздіксіз және толығынан алу қажет. Қазіргі уақытта қолданылатын вакциналар, ережемен 6 рет егіледі: инъекция дәрігерге жүгінген күнде жасалады, содан соң  3, 7, 14, 30 және 90 күні. Вакцинация ақысыз жасалады.

Жануарды еш уақытта өлтіруге болмайды. Жануар бөлек қойылады және ветериинарлық дәрігермен қадағаланады.

Әр адам білуі қажет, адамды тікелей өлімнен құтқарудың жалғыз құралы - бұл уақытылы құтыруға қарсы кешендік екпені жүргізу.

Иммундық алдын алудың тиімділігі оны уақытылы жүргізуден байланысты. Әрқашан есте сақтаңыздар, әр өткізілген күн- өте қауіпті!

Дата публикации
15 марта 2021
Дата обновления
25 июня 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы