Павлодар

Меню

Страницы

Статья

Бруцеллездің алдын алу!

«Павлодар қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ Павлодар қаласында 2021 жылғы наурыз айының 9-нан 19 аралығындағы кезеңде «Бруцеллез және құтырманың алдын алу» атты тақырыпқа облыстық онкүндік өткізілуде.

Бруцеллез – адамға бруцеллезбен ауыратын ауыл шаруашылық жануарлардан берілетін, буындардың, жүйке жүйесінің, жыныс мүшелерінің зақымдануына әкелетін аса қауіпті инфекциялық аурулардың бірі.

Ауру қоздырғыштары төлді қабылдаған кезде, ауру малды сою, жіліктеу, жүнді қырқу кезінде зақымды тері арқылы, сондай-ақ, ауру малдың қайнатылмаған сүтін, термиялық өңдеусіз сүт өнімдерін пайдаланылған кезде адам ағзасына енеді.

Адамда ауру зақымданудан соң 1-4 аптадан кейін білінеді,  шаршағандық, тәбеттің төмендеуі, бас ауруы, дене қызуының көтерілуі, түнгі уақытта терлегіштік, ұйқының бұзылуы пайда болады.

Тұтынушылардың назарын бруцеллезді алдын алу шараларына аударамыз:

1. Мал басын жүйелі түрде бруцеллезге тексеру, вакциналауды жүргізу қажет;

2. Ауру мал анықталған жағдайда оны оқшаулату және оған күтім жасау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажет;

3. Тағамға нашар пісірілген, қуырылған етті, шикі сүтті, ашуы жетпеген ірімшікті немесе сүзбе ірімшікті қолданбау;

4. Етті немесе сүтті сатып алған кезде сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжатты талап ету қажет.

Бруцеллезді алдын алуда жеке гигиена ережелерін сақтау үлкен рөл атқарады. Жоғарыда аталған қарапайым ережелерді сақтаған кезде Сіз өзіңізді тек бруцеллезден ғана емес, басқа да үй жануарларынан берілетін аурулардан сақтай аласыз.

Бруцеллез – мүгедектікке әкелетін ауыр дерт. Сондықтан әрбір адам дәрігерге уақытылы жүгіну, оның тағайындалуын және кеңестерін орындау жазылуды қамтамасыз ететінін ескеру қажет.

Дата публикации
15 марта 2021
Дата обновления
25 июня 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы