
Карантиндік сертификат - мемлекет ішінде тасымалдауға арналған карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйін куәландыратын құжат.
Фитосанитариялық сертификат - карантинге жатқызылған экспорттық өнімнің карантиндік жай-күйін куәландыратын құжат.
Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауға карантиндiк сертификат беру және карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығаруға фитосанитариялық сертификат беру мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары көрсетеді.
Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны электрондық және қағаз түрінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: карантиндік сертификат - көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 1 (бір) жұмыс күні ішінде; фитосанитариялық сертификат беру - көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызмет алу үшін келесі құжаттар қажет болады:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
2) жеке басын куәландыратын құжат және өкiлдiң өкiлеттiлiгiн растайтын құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін);
3) импорттаушы елдің өсімдіктер карантині жөніндегі ұлттық қызметінің өсімдіктер карантині саласындағы талаптары (фитосанитариялық сертификат алу кезінде ғана).
Ал, электрондық порталда:
1) Мемлекеттік қызмет көрсету стандартындағы қосымшаға сәйкес, электрондық құжат нысанындағы өтінім.
2) импорттаушы елдің өсімдіктер карантині жөніндегі ұлттық қызметінің өсімдіктер карантині саласындағы талаптары (фитосанитариялық сертификат алу кезінде ғана);
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1. көрсетілетін қызметті алушының карантинге жатқызылған өнімді карантиндік жай-күйін айқындау үшін ұсынбауы;
2. карантинге жатқызылған өнімде карантинді объектілердің анықталған жағдайда;
3. импорттаушы елдің фитосанитариялық талаптарына сәйкессіздігі анықталған жағдайда;
4. көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
5. уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшелерінен ақпараттарды алғаннан кейін 30 күнтізбелік күн ішінде өнім иесіне фитосанитариялық сертификатты беруден бас тартуға, жеткізу орынының өзгеруі жағдайын қоспағанда, бірнеше рет (2 рет және одан көп) қызмет берушінің лауазымды тұлғасына карантинге жатқызылған өнімді хабарламау және ұсынбау негіз болып саналады.
Аталмыш мемлекеттік қызметтер толығымен тегін көрсетіледі.
«ҚР АШМ АӨК МИК Павлодар қалалық аумақтық инспекция»
ММ бас маманы – өсімдіктер карантині бойынша инспектор
Балганова М.С.