Павлодар

Меню

Страницы

Статья

Павлодар қаласының 2020 жылғы қаңтар айының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Негізгі макро көрсеткіштер

Сала

ФАКТІ

2020 ж. қаңтар

НКИ

Облыс бойынша орын

Өнеркәсіп млн. теңге

63 652,8

95,9

11

Ауыл шаруашылығы млн. теңге

383,9

115,4

1

Инвестициялар млн. теңге

2 096,0

105,1

4

Құрылыс млн. теңге

1 069,2

201,9

4

Тұрғын үйді іске қосу шаршы метр

149

9,7

7

Бөлшек сауда млн. теңге

17 629,4

100,5

4

Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны бірл.

25 550

101,4

7

 1. Экономиканың нақты секторы

1.1 Өнеркәсіп

2020 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 63,6 млрд.теңгені құрады, НКИ – 95,9 %.

- Тау-кен өндіру өнеркәсібінің НКИ –  42,4 %;

- Өңдеу өнеркәсібінің НКИ – 95,5 %;

- Электрмен жабдықтаудың НКИ, бу беру және ауа баптау – 103,4%-ды құрады;

- Сумен жабдықтаудың НКИ; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау – 88,8%.

 1.2. Ауыл шаруашылығы

2020 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығы жалпы өнімінің (көрсетілетін қызметтердің) көлемі 383,9 млн.теңгені құрады, НКИ – 115,4%.

Мал шаруашылығы

ІҚМ басының саны 6,5 мың басты құрады. (2020 жылғы 1 ақпанға 103,9%), қой – 9,2 мың бас (104,8%), ешкі – 0,8 мың бас (98,3%), жылқы – 2,4 мың бас (91,4%), шошқа – 23,9 мың бас (973%), құстар – 620,1 мың бас (147 %).

Тірі салмақта ет – 101,1 тонна (113,7%), сүт – 241,9 тонна (97,4%), жұмыртқа – 10447,1 мың дана (122,4%) өндірілді.

1.3. Құрылыс

Құрылыс жұмыстарының көлемі 1,1 млрд. теңгені құрады, НКИ-201,9%.

Тұрғын үй ғимараттарын пайдалануға беру

Пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттарының жалпы ауданы 149 ш.м. (ЖТҮҚ есебінен) немесе 9,7%.

Бюджеттік қаражат есебінен ш. а. Сарыарқа ауданында 4 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр (№ 11, 24/2, 29, 31,) жалпы ауданы 27 мың ш.м., ш / а. "Авиагородок" – 46 үй (46 учаске, 55 пәтер) - 7,8 мың шаршы метр. Достық үш тұрғын үй (2, 3,13 дақ), жалпы ауданы 9,4 мың ш. м.;

Жеке инвестициялар есебінен 2020 жылы іске қосылатын жалпы ауданы 24,8 мың ш.м. 2 үйдің құрылысы жалғасуда (Ткачев көшесі,18/1 бойынша «Павлодарэнерго» АҚ және Лесная – Гагарин көшесі бойынша «Қазақстан алюминийі» АҚ).       

2. Инвестициялар

2020 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі 2096,0 млн.теңгені құрады, НКИ – 130,1%.

3. Шағын және орта кәсіпкерлік

Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 30 613 бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрған 25 550 бірлік, жеке кәсіпкерлер 18 139 бірлік.

4. Сауда

Бөлшек сауда көлемі 17 629,4 млн. теңгені немесе 100,5% құрады.

Қаланың тұтыну нарығында бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу және тұрақтандыру үшін:

- 19 топ бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына күнделікті баға мониторингі жүргізіледі (Үкіметтің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысына сәйкес)

- 28 «Әлеуметтік» дүкен жұмыс істейді (оның ішінде 3 дүкен ауылдарда орналасқан);

- өңір өндірушілерімен және көтерме және бөлшек сауда желісімен жасалған 12 Меморандум жұмыс істейді.

- Естай көшесі, 81 мекенжайында ауыл шаруашылық жәрмеңкесі күн сайын өткізіледі.

5. Еңбекақы төлеу

2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда бір жұмысшының орташа айлық атаулы жалақысы 160 918 теңгені немесе 2018 жылғы қаңтар - желтоқсанға қарағанда 113,8%-ды құрады (тоқсанына 1 рет есептеледі).

6. Білім беру

Есепті кезеңде Павлодар қаласының білім беру жүйесі құрылымына 133 мемлекеттік және жеке меншік білім беру ұйымдары, оның ішінде: 44 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп, 1 ҚІЖК, 72 мемлекеттік мектепке дейінгі мекеме, 8 мектептен тыс мекеме, 8 мемлекеттік емес мектепке дейінгі ұйым кіретін ұйымдар желісін білдіреді.

Жалпы қала бойынша 1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамту - 73,5%, 3-тен 6 жасқа дейін - 100%.

Қаланың 42 мектебінде компьютерлік техника бар және Интернет желісіне қосылған. Бір компьютерге жарақтандырудың орташа көрсеткіші 7,3 адамды құрайды.

7. Денсаулық сақтау

Қаланың денсаулық сақтау жүйесі емдеу-алдын алу ұйымдарының желісімен ұсынылған: 5 емхана; 2 қалалық аурухана; балаларды оңалтудың қалалық орталығы; қалалық жерде 5 дәрігерлік амбулатория, 2 медициналық пункт, сондай-ақ жеке меншік медициналық мекемелер.

Қала бойынша 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда қатерлі ісіктермен сырқаттану көрсеткіштерінің 1,9%-ға (100 мың тұрғынға шаққанда 349,9), туберкулезбен сырқаттану көрсеткіштерінің 18,7%-ға (100 мың тұрғынға шаққанда 43,3) төмендегені байқалады. Ана өлімінің 1 жағдайы тіркелген жоқ.

8. Жолдар

Павлодар қаласының автомобиль жолдарының ұзындығы 421 км. құрайды, оның ішінде 270 км. асфальт-бетон жабынымен және 151 км. топырақ жабынымен.

Қала көшелерін, жолдар мен тротуарларды ағымдағы жөндеуге 1,4 млрд.теңге бөлінді.

Дата публикации
01 февраля 2020
Дата обновления
01 февраля 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы