Павлодар

Меню

Страницы

Статья

2020 жыл бойынша және 2021 жылға жоспар туралы Кенжекөл ауылдық округінің әкімі С. Н. Шуақбаевтың есепті баяндамасының тезистері

Әкімшілік-территориалдық бірлік – Кенжекөл ауылдық округ территориясында 3 тұрғылықты пункт орналасқан, онда 9 309 адам тұрып жатыр, Кенжекөл ауылында – 8 158, Байдала ауылында – 785, Долгое ауылында – 366 тұрғын, оның ішінде 5 707 - жұмыспен  қамтылғандар, 188 – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар,  3 587 – жұмыссыздар, оның ішінде 1 136 – зейнеткерлер.

Ауылшаруашылық, шағын, орта бизнес

Ауылдық округінде 1 679 аула бар, оның ішінде 375 аулада жеке шаруашылық бар. Округ бойынша барлығы 2 229 бас ірі қара мал бар, оның ішінде сиыр - 1089, ұсақ қара мал – 5 086 бас, жылқы - 1021 бас,  шошқа - 30 және құс - 1 733.

Ауылдық округ аумағында 90 шағын кәсіпкерлік субъектісі өз қызметін жүзеге асырады.

2017 жылы ашылған сүт өндіру бағытындағы «Жанали Агро» ауылшаруашылық кооперативі «МолКом-Павлодар» ЖШС-на өңдеуге жіберу үшін 70 тонна сүт өндірген.

 Жүнді қайта өңдеу және киіз, пима дайындау цехы (Байдала ауылындағы «Мустафинов» ЖК) жұмыс істейді. Цехтың жыл сайынғы өнімділігі: 4 мың пима, 2 тонна киіз, 20 тонна жүн өңделеді. Барлық өнімді Қазақстанда өткізеді.

Ай сайын 32 жиһаз жинағын шығаратын жұмсақ жиһаз өндірісі бойынша шеберхана жұмыс істейді (ЖК «Мендыбаева Б.Ш.»).

«Фито-ПВ» ЖШС суармалы жерден 5,0 мың тонна картоп және  1,0 мың тонна сәбіз жинады.

2020 жылғы 25 желтоқсан айында Кенжекөл ауылдық округі Баян Батыр 21 көшесінде «Баян Батыр» дүкені ашылды; Нұр-Сұлтан, Шымкент және Семей қалаларында өндірілген шұжық өнімдерін өткізетін дүкеннің иесі жеке кәсіпкер Қабыш Жұмажан. Барлық ұсынылған шұжық өнімдері «Қазақстанда жасалған» маркасымен отандық өнімнің жүзден аса шұжық түрлері мен қырыққа жуық ірімшік жинағын құрайды. Сонымен қатар дүкенде «Халял» жылқы, сиыр және қой еті қол жетімді бағамен сатылатын болады.

Халыққа екі дәріхана,  үш  кафе, оның ішінде екі жол бойындағы,  екі шаштараз және көлік жуу қызмет көрсетеді.

Бюджет

Кенжекөл ауылдық округінің әкімі аппаратының 2020 жылға арналған бюджеті 354 млн. 213,0 мың теңгені құрады, оның ішінде:

субвенциялар – 196 388,0 мың теңге;

жоғарғы органдар  трансферттері – 145 млн. 699,0 мың теңге;

бос қалдықтар – 3 млн. 054 мың.теңге.

Салықтық емес түсімдер (меншікті жалға беруден түсімдер (Долгое ауылындағы ФАП) – 214,0 мың теңге.

Салықтық түсімдерінің жоспары – 8 млн.  858,0 мың теңге, оның ішінде:

- жеке тұлғалардың жеріне салық - 846,0 мың теңге;

- жеке тұлғалардың мүлігіне салық – 3 млн. 006,0  мың теңге;

- жеке тұлғалардың көлік салығы – 4 млн. 286,0 мың теңге;

- заңды тұлғалардың көлік салығы - 35,0 мың теңге;

- жеке табыс салығы – 625,0 мың теңге.

Салықтың нақты түсімі 15 255,6 мың теңгені құрайды немесе жоспардың орындалуы 172,2%.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, құрылыс және көлік

Қашықтығы 1,676 км. Кенжекөл ауылының үш көшесінде орташа жолдарды жөндеу жұмыстары 45 млн. 169,0 мың тенге сомасына жүргізілді:

- Алиясов көшесі-0,968 м;

- Рамазанов көшесінің бөлігі – 0,305 м;

- Семей көшесі – 0,403.

Қашықтығы 0,244 км ЖСҚ (Дружба тұйық к-сі – Жакен Абдыков к-сі –Көкжайық к-сі) 278,0 мың теңге сомасына жасалынды.

«Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының қызмет атқаруын қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 16 148,0 мың теңге бөлінді.

Қысқы мерзімде жолдарды қардан тазалау жұмыстары жүргізілді. Жолдың жиегін қардан тазалау, жолдың жүру бөлігін тазалау – 171 км. 12 млн. 717 мың теңге сомасына 3 580 куб қар шығарылды.

Көктемгі су тасқыны кезеңінде жолдың жүру бөліктерінен, сонымен қатар тұрғын үй аумақтарынан еріген қардың суын сору жұмыстары   984,0 мың теңге соммасына жүргізілді;

- округтің барлық үш ауылында жолдарды тегістеу бойынша жұмыстар 1 млн. 345 мың теңге сомасына атқарылды;

- жолдардың ағымдағы (шұңқырлы) жөндеу жұмыстары 1 млн. 102,0 мың теңге соммасына жүргізілді.

«Елді мекендердің тазалығын сақтау» бағдарламасы бойынша – 3 млн. 560,0 мың теңге бөлінді. «Сервис плюс» ЖШС стихиялық қоқысты шығару бойынша жұмыстар жүргізді, 700 тонна тұрмыстық қоқыс шығарылды және 8 830 м3 тегістеу жүргізілді.

«Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» бағдарламасы бойынша 37 млн. 493,0  мың теңге келесі іс-шараларға бөлінген:

- электро қуатын жеткізуіне – 9 млн. 246,0 мың теңге;

- жарықтандыру желілерін ағымдағы жөндеу мен қызмет көрсетуіне  –  7 млн. 462,0 мың теңге.

Электро желілерін ұстау бойынша жұмыстарды «СтройЛЭП Монтаж» ЖШС мердігер кәсіпорны атқарады, олар 11 млн. 851 мың теңге соммасына Саттарханов, Ақсу, Алиясов, Солодовникова көшелерінде желілерді жөндеу бойынша қосымша жұмыстарын атқарды. 34-КТП орын ауыстыру және жөндеу, 38-КТП-дан 59-КТП-ға қосу жұмыстары 8 млн. 934 мың теңге соммасына жүргізілді.

«Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы бойынша 26 млн.  927,0 мың теңге бөлінді.

Келесі жұмыстар атқарылды:

«Қазақ зағиптар қоғамы» Павлодар қоғамдық бірлестік корпоративтік қорымен ауылдың негізгі көшелерінде ағашты кесу және Босатушы жауынгер монументі маңында шырша отырғызу жұмыстарын жүргізілді.

Жазғы кезеңде көше жолдарының бойында шөп шабу жұмыстары 1 млн. 500,0 мың теңге жалпы соммасына атқарылды.

Ауылды абаттандыруға мектеп оқушылары 848 мың теңге соммасына  еліктірілді.

Байдала ауылында 7 млн. 500,0 мың теңге соммасына шағын футбол алаңы құрылды.

Кенжекөл ауылында 4 млн. 875,0 мың теңге соммасына балалар ойын алаңы, 4 млн теңге соммасына спорт алаңы (жаттығу құрылғылары) алынып орнатылды.

«Жерлеу орындарын ұстау және тексіздерді жерлеу» бағдарламасы бойынша 1 млн. 308,0 мың теңге бөлінді. «Сервис плюс КZ» ЖШС мердігер кәсіпорнымен Кенжекөл ауылындағы зираттарда қоқысты шығару жұмыстары жүргізілді.

«Оқушыларды жақын мектепке және қайта ауылдық мекенге тегін жеткізуді ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша 14 млн. 750,4 мың теңге соммасына мектеп автобусы сатып алынды.

Құрылыс

Павлодар қаласының құрылыс бөлімі Кенжекөл ауылының 3-4 кіріс ауданында ішкі кварталдық электро жабдық жүйелерін орнату жұмыстарын аяқтады.

Есептік жылы ЖТҮҚ-1 Әуеқалашық ауданында «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Павлодар қаласы құрылыс бөлімімен әртүрлі ауданды 73 пәтерден тұратын бір және екі деңгейлі 4 типті үйлер құрылысы аяқталынды. Үй жер телімін алуға арнайы кезекте тұрған азаматтарға  қарастырылған.

Ресми түрде 36 пәтер іске қосылды. Бүгінгі күнге №3 типті бір пәтер сатылды.

Кенжекөл ауылында жеке салушы Юсуп Габдулганиұлы Ибрагимов  мақсаттық негізі усадьба типті жеке тұрғын үй құрылысы үшін 7,9276 гектар жер телімін игеруде. Осы алаңда 72 пәтер құрылысы қарастырылған. Әрбір пәтердің ауданы 78 ш.м. құрайды. Сонымен қатар әрбір пәтерге 0,05 га (5жүздік) жер қарастырылған.

Осы алаңға электро-, су жабдығы магистральдық желілері тартылған. Тұрғын үйлерді еліміздің оңтүстік ауданынан қоныс аударғандарға «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жүзеге асырылып жатыр.

Қала құрылысы құжаттамаларын қамтамасыз ету жұмыстары

БЖЖ-на сәйкес Байдала ауылында  3 312 жер телімі, Долгое ауылында – 196 жер телімі жобаланды. Жобалау телімдерінің жалпы саны – 0,10 гектардан 3 508 телім.

Байдала-1, Байдала-2  ЖТҮҚ массивінде жер телімін алуға арнайы есепке 5 481 адам тіркелді.

Кенжекөл ауылының қоныс тепкен жерінде ДСК (денешынықтыру-сауықтыру кешені)  құрылысына 1,9 гектар жер телімі қалдырылды

Бүгінгі күнге Павлодар қаласының жер қатынастар мен сәулет және қала құрылысы бөлімдерімен бірлесіп жер-сәулет бойынша қажетті келісім жұмыстары жүргізілуде.ауылдың 4-ші кіріс аймағында БЖЖ бойынша әлеуметтік нысан құрылысы қарастырылған. Осы жерде 280 орындық бала-бақшасының құрылысы жоспарланды.

Әлеуметтік саласы

«Оңаша санаттағы  мұқтаж азаматтарға  әлеуметтік көмек көрсету» бағдарламасы бойынша екі әлеуметтік қызметкерлер мүмкіндігі шектеулі балаларға және жалғыз басты қарт адамдарға үйлерінде әлеуметтік көмек көрсетеді. Мүмкіндігі шектеулі балалармен сауықтыру-ойын және жаттығу сабақтары жүргізіледі. Жалғыз басты қарт адамдарға шаруа-тұрмыстық қажеттілік бойыншаа көмек көрсетіледі.

Одан басқа округте «Кенжекөл жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің, «Unity» Мәдениет үйі негізіндегі еріктілер орталығы құрылды және «Sunshine» КОББМ жас мамандары еріктілер ағымы дамыған. Жыл ағымында еріктілермен зейнеткер-тыл еңбеккерлеріне, жалғыз басты мүгедектерге, аз қамтылған отбасыларына практикалық және материалдық көмек көрсетілді.

Жыл басынан АӘК ресімдеуге өтініш білдіргендер саны – 81 отбасы (оның ішінде 395 – адам, 242 - бала).

«Қамқорлық» айлығы шегінде «Павлодар облысының орман шаруашылығы және жануарлар әлемі территориалдық инспекциясы» РММ-мен 1 топтағы мүгедек адамға бір көлік ағаш ретінде қайырымдылық көмек көрсетілді. Долгое ауылынан көп балалы отбасына бір арба шөп бөлінді. «AIDABOL» ЖШС 10 тонна майкүбе көмірін төрт аз қамтылған және толық емес отбасыларына жеткізді.

Демеушілер көмегі арқылы Кенжекөл ауылдық округі әкімінің аппараты 40 жалғыз тұратын және ауыр қалдегі зейнет жасындағы азаматтарға азық-түлік пакеттері табысталды.

«Қазақстан электролиз зауыты» АҚ тұрақты негізінде Жаңа жыл және Балаларды қорғау күніне мүмкіндігі шектеулі балаларға сыйлық пакеттер ретінде  демеушілік көмек көрсетеді.

Аз қамтылған азаматтар, көп балалар аналар, жалғыз бастылар, жалғыз тұратын зейнеткерлер, мүгедектер, жұмыссыздар есебі тұрақты жүргізіледі.

Тұрғындарды жұмыспен қамту

Нәтижелі жұмыспен қамту  және жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ауылдық округтің алты тұрғыны мал шаруашылығын дамытуға 4-6 млн.теңгеден, жалпы соммасы 30,8 млн.теңге несие алды. Осы иелерімен 32 бас ірі қара мал, 28 бас жылқы және 80 бас қой алынды.

Ауылдық округін абаттандыру бойынша қоғамдық жұмыстарға 12 жұмыссыз адам орналастырылды.  Сынақ мерзімі қызметіне қолдау көрсету шегінде ауылды абаттандыру бойынша қоғамдық жұмыстарға 2 адам тартылды.

Білім

Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебінде 2020-2021 оқу жылына 1 297 оқушы оқиды, оның ішінде мектепке дейінгі даярлық сыныптарында 53 бала.  1-11 сынып оқушыларын – 1 244 баланы құрайды.

Ыстық тамақпен 858 оқушы қамтылған (74,6%), оның ішінде тегін ыстық тамақпен әлеуметтік қорғалмаған балалардың ішінен 293 (33,6%) бала қамтылған.

Екі қазақ және орыс сыныптарында (40 оқушы, 83,1% сапалы біліммен) пәндерді тереңдетіп оқыту жүзеге асырылады, қазақ және орыс тілінде оқытатын 8 гимназиялық сынып жұмыс істейді (бастауыш мектепте және негізгі білім беру сатысында – 176 оқушы 84,7% сапалы біліммен).

2020 жылы өткен жылдарғы мектеп түлектерінің демеушілік көмегімен домбыра кабинеті ашылды.

Есептік жылы «Павлодар қаласы Кенжекөл орта білім беру мектебі» ММ бюджеттен 446 117,0 мың теңге бөлінді (2019 жылы – 320 545,9 мың теңге).

Бағдарламалар бойынша шығындар:

1. Еңбекақы мен салыққа – 458 666,0 мың теңге, оның ішінде:

- республика бойынша – 24 582,0 мың теңге;

- жергілікті бюджеттен – 212 784,0 мың теңге;

2. Коммуналдық қызметке – 14 501,0 мың теңге, оның ішінде:

- отын алуға – 10 690,0 мың теңге;

- электроқуатына – 2 715,0 мың теңге;

- су жабдығына – 1096,0 мың теңге;

3. Байланыс қызметіне – 569,0 мың теңге.

4. Шаруа тауарларын алуға – 2 251,0 мың теңге.

5. Компьютерлер алуға – 83 дана, NET-буктер – 100 дана, планшеттер – 15 дана.

6. МФУ: 1 МФУ және 1 ламинатор – 146,0 мың теңге.

7. Домбра – 15 дана – 244,0 мың теңге.

8. Жалпы оқыту қоры – 7929074,0 мың теңге, оның ішінде:

- кеңсе тауарлары – 778,0 мың теңге;

- оқушылардың тамақтануы – 8267,0 мың теңге;

- оқушыларға киім (күрте, спорттық костюмдер) – 3578,0 мың теңге.

9. ЖСҚ – 1 884,0 мың теңге.

10. Қоршаған ортаға эмиссия төлемі – 2271,0 мың теңге.

11. Ағымдағы шығындар: 1783,0 мың теңге, оның ішінде:

- бейне бақылау камераларын құру және қызмет көрсетуге – 420,0 мың теңге;

- өрт дабылының қызмет көрсетуіне – 163,0 мың теңге;

- ассенизаторлық көлік қызметіне – 1 200,0 мың теңге.

12. Басқа шығындар – 3 047,0 мың теңге.

Ауылдың балалар музыка мектебінде 85 оқушы келесі сабақтар бойынша қосымша білім алады:  домбыра, фортепиано, вокал, қобыз, жетыген, баян, гитара және рухани аспаптар (флейта, кларнет,саксафон).

140 орындық № 20 сәбилер бақшасы  өз қызметін 3 жастан 6 жасқа дейінгі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жұмыс істейді. Тәрбие тілі-мемлекеттік.

2020 жылы бюджеттен бөлінген қаражат: жергілікті бюджеттен – 68 261 мың теңге, республикалық бюджеттен – 7 337 мың теңге.

2020 жылға жалпы қаражаттандыру жалпы соммасы 75 998 мың теңгені құрады. Оның ішінде: еңбек ақы қоры – 52 396 мың теңге; сауықтыру жәрдемақысы – 3 290 мың теңге; көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларына тамақтандыру – 3 663 мың теңге; дәрі-дәрмектер – 58 мың теңге; тауарларды сатып алу – 2 784 мың теңге: коммуналдық қызмет – 6 497 мың теңге; байланыс қызметі – 353 мың теңге; басқа қызметтер – 1 373 мың теңге; салықтар – 56 мың теңге. Жылу жүйесін ағымдағы жөндеу жұмыстары – 600 200 мың теңге соммасына жүргізілді.

Кітапханада 13 орынға оқу залы, 19 275 дана кітап қоры бар, оның ішінде қазақ тілінде – 5 756, орыс тілінде – 13 323 және өзге тілде – 197 кітап бар.

86 адамды қамтитын 4 іс-шара жүргізілді. 51-көрме ұйымдастырылды. 356 – онлайн іс-шара өткізілді, келіп-кету – 21 296 адам, оқырмандар – 1 500, берілген кітап – 21 631 дана, оның ішінде – 11 341 виртуалды.

Денсаулық қорғау

Ауылдық дәрігерлік амбулаториясы тіркелген 6 498 адамға қызмет көрсетеді және ауысымда 100 адамға есептелген. Жұмысқа 3 жас мамандар қабылданды. 2 жалпы практика дәрігерлері, 1 терапевт және 1 гинеколог қызмет атқарады. Стоматологиялық көмек көрсетіледі. 5 орындық күндізгі стационар жұмыс істейді. Амбулатория ГОМП және ОСМС алғашқы медициналық көмегін көрсетеді. АЛО бойынша препараттармен диспансерлық топты қамтамасыз етеді.

«Цифрлі Қазақстан» мемлекеттік жобасын іске асыру шеңберінде дәрігерлік амбулатория  9 позиция бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді. 

Мәдениет 

Өткен кезең бойынша  Кенжекөл ауылдық округінің Мәдениет үйі 87 іс шаралар өткізді, ондағы 74 онлайн шаралар, оның ішінде 29  «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарлама шегінде өтті.

Мәдениет үйінде 8 клубтық құрылым ұйымдастырылды: «Кең дала» хореографиялық ұжым, «ЖасStar» вокалдық ұжым, «Домбыра дастан» домбыра үйірмесі, «Ертіс толқыны» еңбек ардагерлерінің вокалдық ансамблі, сонымен қатар қызығушылық бойынша клубтар: «Асыл қазына» ардагерлер клубы, «Жас қол өнерші» қолөнер үйірмесі, «Тарлан» формалды емес құрылым орталығы, «Unity» (Юнити) еріктілер клубы.

Байдала мен Долгое ауылдарында «Жәдігер»  және «Өрнек» қолөнер үйірмесі өз жұмыстарын жалғастыруда.

Барлығы клуб құрылымдарымен 171 адам қамтылған, оның ішінде 123 балалар мен жасөспірімдер, 48 адам жастар мен ересектер.

Одан басқа, Мәдениет үйінде ерекше адамдарды оңалтуға арналған арнайы құралдармен жабдықталған мүмкіндігі шектеулі адамдарға «Қаракет» оңалту орталығы жұмыс жасайды.

Жыл ішінде  Мәдениет үйінің 2 қызметкері үш сайысқа қатысты: «Еңбек - елдің мұраты» арнайы жобаны іске асыру шегінде  еңбек мамандары арасындағы «Мен профимін» конкурсында белсенді қатысқан үшін «Кең дала» хореографиялық ұжымның басшысы Қасымхан Таиршайұлы  Қадырбеков марапатталды. Мәдениет үйінің әдіскері Жадыра Тілеуберді Ұлы Жеңістің 75-жылдығына «Шаңырақ» орталығымен ұйымдастырылған «Жеңістің жалынды жырлары» онлайн-сайысында II-ші орынға ие болды. Отбасы күніне Жадыра Тілеуберді «Отбасылық weekend» қалалық сайысына белсенді  қатысқаны  үшін марапатталды. 

Спорт

«Жергілікті деңгейдегі дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізу» бағдарламасы бойынша  ауылдық округінде спортты дамыту үшін спорт жөніндегі әдіскермен спорттық тұрмысқа тұрғындарды тарту және әр түрлі сайыстарға баруымен бірге  спорттық шаралар бойынша ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс өткізіледі.

Ауылдық округінің жасөспірімдері мен жастарды саламатты өмір салтына «Сұңқар» балалар-жастар спорттық клубында дағдыландырылады, онда футбол, волейбол, жеңіл атлетика, тоғыз құмалақ, шахматтар, шашкалар, дзюдо, бокс, қазақша күресі бойынша үйірмелері мен секциялары ұйымдастырылған.

Спорттық клубтың жанында  футбол және ойын алаңдары мен воркаут бар.

Ауылдық спортшылардың тобы қала және облыстық біріншіліктеріне қатыса жүре, жүлделі орындарға ие болады.

Бокстан Республикалық біріншілкте «Сұңқар» клубының тәрбиеленушісі Арыстан Нұрмағамбет 1 орынға ие болып, салмақтық категорияда Қазақстан Республикасының Чемпионы атанды, сонымен қатар қалалық біріншілікте 1 орынға ие болды.

Көлік

Кенжекөл ауылына «Жолаушылар көліктік альянсы» ЖШС №24 автобус маршруты арасы 30 минуттан төрт автобус қызмет етеді.

Сонымен қатар, таңғы және кешкі уақытта «№1 автобус паркі» ЖШС №21 маршруты қызмет етеді.

Байдала ауылына  жолаушыларды тасымалдауға жеке микроавтобус қатынайды.

 Өтініш білдіру

Кенжекөл ауылдық округі әкімінің аппаратына  57 өтініштер түсті, оның ішінде, 41 – жазбаша және 16  жеке қабылдауында.

Тұрғындарды жеке қабылдауға шақырту мен мекен-жайына шығумен түсініктеме беруге шаралар қолданылады.

Өтініштердің уақытылы қаралуы, сонымен қатар тапсырмаларды сапалы орындау ауылдық округінің әкімі аппаратының бақылауында.

Қоғамдық қауіпсіздік

Ауылдық округінде құқықтық тәртіп Павлодар қаласы ІІБ ЖПҚБ Оңтүстік ПБ үш полиция инспекторымен бақыланады.

Есепті жылы ауылдық округі бойынша 28 қылмыс тіркелді, оның ішінде 18 қылмыс ашылды.

Әкімшілік хаттамалар барлығы   430  құрылды.

Мәжбүрлеп емделуге 4адам жіберілді.

«Қоғамдық тәртіпті  қорғауда азаматтардың қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ауылдық округінде ауыл тұрғындарынан 2 адам полицияның қоғамдық көмекшілері (ПҚК) болып  жұмыс жасайды. 

 2021 жылға жоспары

1. Автомобиль жолдарының жұмыс жасауын қамтамасыз ету – 11 829,0 мың теңге:

- қыс мезгіліндегі жолдарды ұстау – 8 103,0 мың теңге;

- ағымдағы жолдарды жөндеу – 1 157,0 мың теңге;

- жолдарды тегістеу – 1 412,0 мың теңге;

- өту жолдарынан қардың еріген суын сору – 1 157,0 мың теңге.

2. Мұқтаж адамдарға үйде әлеуметтік көмек көрсету – 3 288,0 мың теңге.

3. Жергілікті деңгейде мәдени-ойын сауық жұмыстарын қолдау – 41 176,0 мың теңге, оның ішінде:

мерекелік шараларды өткізу – 1 814,0 мың теңге.

4. Тұрғын мекендер көшесін жарықтандыру – 17 543,0 мың теңге:

-сыртқы жарыққа электро қуатын жеткізу – 9 708,0 мың теңге;

-көше жарықтары жүйесін жөндеу және қызмет көрсету – 7 835 мың теңге.

5. Тұрғын мекеннің санитарлық тазалауын қамтамасыз ету – 3 423,0 мың теңге.

6. Тұрғын мекенді абаттандыру және көгалдандыру – 13 470,0 мың теңге:

-балалар ойын алаңын алу – 9 975,0 мың теңге;

-балалар ойын алаңын ағымдағы жөндеу – 363,0 мың теңге;

-ағаш отырғызу және кесу – 1 986,0 мың теңге;

-ауылды абаттандыруға аз қамтылған отбасынан мектеп оқушыларын еліктіру – 890,0 мың теңге;

-гүл гүлзарларын отырғызу – 256,0 мың теңге.

7. Жерлеу орындарын ұстау – 1 537,0 мың теңге.

8. Дене сауықтыру және спорттық шараларды өткізу – 2 056,0 мың теңге:

-спорттық құралдарды алу – 273,0 мың теңге;

-спорттық шараларды өткізу – 1 003,0 мың теңге;

-әдіскердің 0,5 мөлшерлемесін төлеу – 705,0 мың теңге.

9. Әкім аппаратының қызметін қамтамасыз ету қызметі – 54 556,0 мың теңге.

Дата публикации
05 января 2021
Дата обновления
05 января 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы