Павлодар

Меню

Страницы

Статья

Жетекші ауылының әкімі Е.Қ. Құрмантаевтың есеп беру баяндамасының тезистері

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына  Жолдауына сәйкес «Жетекші ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмысындағы ауылдың әлеуетін толық ашу стратегиялық маңызды міндет болып табылады. Ауылдағы ең өткір мәселелерді шешуге бағытталған  «Ауыл – ел бесігі»  бағдарламасын  іске  асыру жалғасатын  болады.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Ауылда мал мен құс саны  3504  бірлікті құрайды.

- ІҚМ - 686 бас;

- ҰҚМ - 1272 бас;

- шошқа – 14 бас;

- жылқы - 274 бас;

- құс – 1258 бас;

- Павлодар ҚҰС ӨК құс – 395,0 мың.

Ауылда  667 аула бар, қосалқы шаруашылықта 131 аула бар.

САЛЫҚ ЖИНАУ, ЖЕРГІЛІКТІ САЛЫҚТАРДЫҢ КІРІСТЕРІН КӨБЕЙТУ

2020 жылғы 20 желтоқсандағы жағдай бойынша Жетекші ауылында жергілікті өзін-өзі басқару есебіне нақты салық түсімі 5 211,0 мың теңгені құрайды:

- жеке тұлғалардан жер салығы - 181,0  мың теңге;

- жеке тұлғалардан мүлік салығы - 456,0 мың теңге;

- көлік құралдарына салынатын салық – 2 127,0 мың теңге;

- кәсіпкерлерден төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығы – 1 000,0 мың теңге;

- «Қазпошта» АҚ ПОФ үй-жайын жалға беруден түскен кіріс – 34 мың теңге;

- заңды тұлғалардан көлік құралдарына салық -  1 413, 0 мың теңге.

АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР

 Ағымдағы жылы Жетекші ауылын абаттандыру аясында бірқатар іс-шаралар  өткізілді:

1) Ағымдағы жылдың наурыз айында «Равелин Group» ЖШС мердігерлік ұйымымен жалпы сомасы 7 500,0 мың теңгеге көшедегі бейнебақылау камераларын орнату бойынша жұмыстар  жүргізілді.

2) Ағымдағы жылдың  наурыз айында «MKB Construction» ЖШС 7 420,0 мың теңге сомасына  ЖТҚ ауданында көше жарықтандыру шамдарын орнату бойынша жұмыстар жүргізді.

3)  Ағымдағы  жылдың сәуір айында «Гермес» ЖК мердігерлік  ұйымымен  7 500,0 мың теңге  сомасына  ауылдық қоқыс тастайтын  жерлерді  қоршау бойынша  жұмыстар  орындалды.

4) Ағымдағы жылдың сәуір айында «Ертіс Экспорт» ЖК мердігерлік ұйымымен 1 661,0 мың теңге сомасына рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісін жою бойынша жұмыстар орындалды, 117,0 мың теңге сомасына ауылдық зиратты санитарлық  тазалау бойынша жұмыстар жүргізілді.

5) Ағымдағы  жылдың  мамыр  айында «StepParkKZ»  ЖШС М.Мәметова көшесі бойынша 7 500,0 мың теңге сомасына балалар алаңын дайындау және орнату бойынша, Школьная көшесі бойынша 4 000,0 мың теңге сомасына стритьт воркаут орнату бойынша жұмыстар жүргізілді.

6) Ағымдағы жылдың мамыр айында «ПрофРемСтрой Аксу 2» ЖШС Мұхтар Әуезов көшесінде 7 500,0 мың теңге сомасына тротуар орнату бойынша жұмыстар жүргізілді.

7) ЖК «Дастан Логистик» 600,0 мың теңге сомасына автобус аялдамаларын орнату бойынша жұмыстар жүргізілді.

8 ) Ағымдағы жылдың тамыз айында  «ПЭТК» АҚ Мұхтар Әуезов, Мәшһүр Жүсіп, Алаш Орда, Қыз Жібек, Қобыланды батыр көшелеріндегі № 40, № 33 ҚТК электрмен  жабдықтау желілері  мен  тіректерін қайта жаңарту жұмыстарын бастады.

ДЕМЕУШІЛІК  ҚАРАЖАТ

1)  «Павлодар құс»  ӨК  ЖШС  демеушілік  қаражат есебінен ардагерлер аллеясын  орнату  бойынша жұмыстар жүргізілді.

2) «Асхар Тау» ЖШС демеушілік қаражат есебінен Школьная көшесіндегі су қысымды мұнарасын ауыстыру  және  орнату бойынша жұмыстар жүргізілді.

3)  Ағымдағы  жылы азамат Т.Ж.Тобояковтың бастамасы бойынша  Мәшһүр Жүсіп көшесінде мешіт құрылысы басталды.

ҚҰРЫЛЫС

1) Ағымдағы жылы  «Көлсай Строй» ЖШС Жетекші ауылының аумағын сумен жабдықтау желілерінің құрылысы бойынша жұмыстар басталды, құрылыстың аяқталу мерзімі 2021 жыл.

2) Ағымдағы жылы  «Мехколонна № 59 «Құрылыс-монтаж фирмасы»  ЖШС 100 орындық  шағын  орталығы бар 300 орындық мектепке жапсаржай (присторойка) құрылысын бастады, құрылыстың аяқталу мерзімі 2021 жыл.

3)  «Вершина» ЖШС Жетекші ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды.

КЕНТШІЛІК ЖОЛДАР

2020  жылы  «Ауыл ел бесігі»  жобасы бойынша ауылдың 9 көшесінің  жолдарына орташа  жөндеу жүргізуге бюджет  қаражаты бөлінді:

- 2020 жылдың сәуір айында  «Асфальтобетон - ПВ»  ЖШС орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді: Мир көшесі бойынша 4 090,0 мың теңге сомасына, Мәшһүр Жүсіп көшесі бойынша (0,600 км) 10 461,0 мың теңге сомасына, Кенесары хан көшесі бойынша (0,150 км) 2 318,0 мың теңге сомасына, Жеті жарғы көшесі бойынша (0,600 км) 10 237,0 мың теңге сомасына.

- 2020 жылдың сәуір айында «Дорстрой» ЖШС шаруашылық жолдарының орташа жөндеуін жүргізді. Мұхтар Әуезов көшесінен Мир көшесіне дейін 8 813,0 мың теңге сомаға, сондай-ақ  Гагарин көшесі бойынша 15 867,0 мың теңге   сомаға.              

- 2020 жылдың мамыр айында «АВМ - 98» ЖШС Мир көшесінен Школьная көшесіне дейін шаруашылық жолдарды орташа жөндеу жұмыстарын жүргізді жалпы сомасы 3 287,0 мың теңге, Геологическая көшесі бойынша 9 098,0 мың теңге сомаға жолдарды орташа жөндеу, Қобыланды батыр көшесі - Строительная көшесіндегі орташа жөндеу жұмыстары 7 631,0 мың теңге сомаға.

Жолдарды  орташа  жөндеу

1)  2020 жылғы  тамызда  «Асфальтобетон – ПВ»  ЖШС  Абай  көшесі бойынша  жолдарды  орташа  жөндеу (0,900 км) 17 645,0 мың теңге сомасына, сондай-ақ  Мир көшесі бойынша жолдарды орташа жөндеу (0,220 км)  4 192,0 мың теңге сомасына жүргізілді.

Жолдарды ағымдағы жөндеу                                                                                                        

1)  Ағымдағы жылдың сәуір айында «ИНЭК» ЖШС Санияз би көшесіндегі  3 393,0 мың теңге  сомаға  жолдарға  ағымдағы  жөндеу  жүргізді.                                    

2) 2020 жылдың мамыр айында «MultiGrup 21» ЖШС Школьная көшесіндегі 2 688,0 мың теңгеге  ағымдағы  жөндеу жұмыстарын жүргізді.      

Ауылдағы  көшелердің  жалпы ұзындығы 26,5 км, оның 16,8 км асфальт  жабыны  бар, 2021  жылға ауылдың  (ЖТҚ ауданы) 9,7 км жолын асфальттау жұмыстары жоспарланған.

2021 жылға жоспарланған іс-шаралар:

- ЖТҚ ауданының 10 көшесінің жолдарын орташа жөндеу: Кенесары хан көшесі ЖТҚ (0,950 км), Молдағұлова көшесі (1,0 км), Бөгенбай  батыр көшесі (1,0 км), Мәншүк  Мәметова көшесі (1,0 км), Сәтпаев көшесі (1,0 км), Алтынсарин көшесі (1,0 км), Уәлиханов көшесі (0,600 км), Аймауытов көшесі (0,500), Бәйтерек көшесі (3,0 км), Орда көшесі (0,700 км). ЖСҚ әзірленген, қаржыландыруды талап етеді. - Шағын футбол алаңын дайындау және орнату     

- Балалар  ойын  алаңын  дайындау және орнату - Санияз би көшесіндегі саябақты абаттандыру. Ауданы 1,8 га жер телімі анықталып, қаржыландыруды талап етеді.

- Мәдениет үйінің құрылысы. Жобалық сметалық құжаттама ( ЖСҚ ) әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жіберілді.

 КӨЛІК

Жетекші ауылында жолаушылар тасымалын № 41 автобус маршруты жүзеге  асырады, күніне 11 рейс орындалады, қозғалыс  аралығы 60-90 минут.

БІЛІМ

Жетекші жалпы орта білім беретін мектебінде 413 оқушы оқыйды, дайындық  сыныбында - 43 оқушы . Жыл басында барлығы 43 мұғалім жұмыс істейді, оның ішінде 3 жас маман. Жоғары білімді - 37 мұғалім, 1 - магистр, орта  арнайы - 4 мұғалім.   Жоғары санатты 16 мұғалім, 1 санатты – 11. Бүгінгі таңда өздерінің  педагогикалық шеберліктерін дәлелдеді : педагог – зерттеуші - 9, педагог- сарапшы - 9, педагог – модератор - 6 мұғалім.  2 санатты - 5 мұғалім, санатсыз - 3 мұғалім.

Мектепте шағын орталық бар. Шағын орталықта 3 жастан 5 жасқа дейінгі  балаларға  арналған екі топ бар, бір топ қысқа мерзімді болатын (күніне 6 сағат-22 адам), екінші топ толық күн болатын (27 адам) жұмыс істейді. Шектеу шаралары  кезеңінде  шағын орталықта 15 баладан 2 кезекші топ құрылды. 2020 жылдың жазғы кезеңінде «Павлодар қ.Жетекші ЖОМ» ММ Жол картасы - 2020 бойынша мектеп қазандығын ағымдағы жөндеу бойынша 1 221 000 мың теңге сомасына іс - шаралар өткізілді, өрт дабылын жөндеу - 428 мың теңге, 3 124.999 мың теңге сомасына 14 компьютер сатып алынды. 2020 жылдың мамыр айынан бастап жол картасы бойынша 300 орындық мектеп және 100 орындық шағын орталық құрылысы басталды. Нысанды тапсыру жоспарланған - маусым 2021 ж. жұмыстар шамамен 70 пайызға орындалды.

Жетекші ауылының мұғалімдері мен тұрғындары «Мейірімділік» еріктілер қозғалысына белсене қатысады. Қозғалыс жетекшісі - Бердугожина Айдана Акмурзаевна. Бұл қозғалыс қызметінің бағыты «Бір күн қайырымсыз»- ол  дегеніміз еңбек ардагерлері мен жалғыз басты зейнеткерлерге көмек көрсету болып табылады, және де мәдени- ойын сауық қызметі , оқиғалық еріктілік, педагогикалық  қолдау, экологиялық қызмет. Қозғалысқа  қатысушылар саны 20 адамды құрайды.

 ДЕНСАУЛЫҚ

Жетекші ауылында медициналық қызмет көрсетуді «Павлодар қаласының № 3 емханасы» КМҚК құрылымдық  бөлімшесі  болып табылатын дәрігерлік амбулатория жүзеге асырады. Дәрігерлік амбулаторияда  ересектер мен балаларды қабылдауға арналған кабинеттер, егу кабинеті, таңу кабинеті, күндізгі стационарға арналған 3 төсек-орын бар. Ауылдың дәрігерлік амбулаториясы күн сайын 20-25 адамға қызмет көрсетеді.

Биыл ауылда 37 бала дүниеге келді.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі барлық 5 жасқа дейінгі  балаларға, сондай – ақ  гипертониктерге, өзекшелерге, ЖИА-ға, бронх демікпесі, қант диабеті, зоб эндокриндік  аурулары-барлығы 310 адамға дәрілік препараттарды босату жүзеге асырылады.  

Өткен кезеңде 450 ересек адам, 0 – ден 18 жасқа дейінгі балалар-500 адам профилактикалық тексеруден өтті.

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

Жетекші ауылының аумағында 4 кәсіпорын орналасқан. Кәсіпорындар «Гринланд Инвест» ЖШС ауыл тұрғындарына -10 адам, «Павлодар Құс» ЖШС -  60 адам, «Асқар тау» ЖШС- 10 адам, «Павлодаргидрогеология» ЖШС - 49 адам, жұмыспен қамту орталығында тіркелген қоғамдық қызметкерлерге -  6 адам жұмыс орындарын ұсынады.

Еңбек бағдарламасы бойынша 3 адам - 11 000,0 мың теңге сомасына шағын  несие алды, 5 адам - 2 666,0 мың теңге сомасына өтеусіз гранттар алды, бағдарлама бойынша 3 отбасы қоныс аударуға төлем алды, оның ішінде 18 адам - 1 750,2 мың теңге сомасына.

2020 жылы атаулы әлеуметтік  көмекті 14 отбасы, 68 адам - 5 966,4 мың теңге сомасына алды.

 - бір жолғы  көмек алғандар: онкологиялық науқастарға (11 адам) - 305,6 мың теңге сомасына;  тубқа.науқастар 4 адам - 111,1 мың теңге; көзі көрмейтін мүгедектерге (1 адам) - 11,1 мың теңге сомасында; қатты отынға (7 адам)-  150,0 мың теңге сомасында, жүкті әйелдерге 12 аптаға дейін (1 адам) - 27,8 мың теңге; 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балалары бар мүгедек әйелдерге (4 адам) -  25,6 мың теңге сомасында, БЦП (1 адам)-  55,6 мың теңге сомасында.

ЖЕР  ҚАТЫНАСТАРЫ

Қазақстан  Республикасы Үкіметінің  2020 жылғы 17 ақпандағы «Павлодар облысы Павлодар  қаласының  шекарасын (шегін) өзгерту туралы» қаулысымен  Павлодар қаласының шегіне  2013 жылы  Павлодар қаласының шегіне аумақтық енбеген Жетекші ауылының 192,8 га жері енгізілді, бүгінгі күні ЖТҚ ауданының тұрғындары  құқықтық құжаттарын  сәйкестікке келтіру.

МӘДЕНИЕТ, СПОРТ

Ауылда  «Жетекші ауылы әкімі аппаратының  Мәдени  ойын- сауық орталығы» МКҚК жұмыс істейді. Ағымдағы жылы онлайн режимде 53 мәдени-демалыс іс-шаралары өткізілді, онда 11,0 мыңнан астам қаралды. Ауылдық  кітапхананың  кітап  қоры 7640 дана кітапты құрайды, бір жылда -  4000 рет қаралған.

Бүгінгі  таңда президенттік  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы белсенді жұмыс істеуде. Осы бағдарлама аясында Жетекші ауылының мәдени ойын-сауық  орталығында келесі бағыттар бойынша және арнайы жобалар іс-шаралар өткізілді:

- «Ұлттық бірегейлікті сақтау» (сохранение национальной идентичности)

- «Туған жер»

- «Ұлы даланың ұлы есімдері» (Великие имени Великой степи)

- «Ауыл-ел бесігі»

- «Дала фольклоры  мен  музыкасының 1000 жылдық тарихы» (дала фольклоры мен музыкасының мың жылы).

Әкімдікте (Әкіматта) спорт нұсқаушысы жұмыс істейді, ол бұқаралық спорт түрлері: волейбол, футбол, жеңіл атлетика жарыстары мен эстафеталар бойынша  түрлі  іс-шаралар  өткізеді.

ҚҰҚЫҚ  БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ  АЛДЫН АЛУ  ЖӘНЕ  ҚОҒАМДЫҚ  ТӘРТІПТІ  НЫҒАЙТУ

Ауылда екі учаскелік полиция инспекторы жұмыс істейді, олардың негізгі міндеттері әкімшілік аумақта құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын  кесу болып табылады.

Есепті  кезеңде 87 хаттама толтырылды.

 Учаскелік  полиция пункті оргтехникамен,  телефонмен  жабдықталған, автокөлігі бар.

ЖЕТЕКШІ  АУЫЛЫН ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ  2020 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР ТІЗБЕСІ: 

- ауыл әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер - 32 956 мың теңге;

– мұқтаж  азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету - 3 635 мың теңге;

- ауылдық  жерлерде оқушыларды жақын маңдағы мектепке дейін тегін алып баруды және кері алып келуді ұйымдастыру - 2 126 мың теңге;  

- елді мекен көшелерін жарықтандыру -32 940 мың теңге;

- елді мекенді санитарлық тазалауды қамтамасыз ету-9 161 мың теңге;

- жерлеу  орындарын  күтіп - ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеу -117 мың теңге;

- елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру-27 232 мың теңге.

- автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету-20 836 мың теңге;

- ауылдағы жолдарды қысқы ұстау-3 648 мың теңге;

- қар шығару - 3 000 мың теңге;

- аудандық маңызы бар қалаларда,ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу - 82 852 мың теңге;

- жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау-5 631 мың теңге (субсидиялар).

Дата публикации
05 января 2021
Дата обновления
05 января 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы