
Павлодар ауылы облыс орталығынан 12 км жерде орналасқан. Жалпы көлемі 3956 га, оның ішінде тұрғын мекендердің аумағы – 327 га, шаруашылық жерлері – 3384 га, үй шаруашылықтар- 1720.
2021 жылдың 1 қаңтары жағдайына ауылда 6543 адам тұрады.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
2020 жылға статистикалық есеп бойынша мал және құс саны: ірі қара мал 688, жылқы 365, ұсақ қара мал 1599, шошқа 130, құс 5033 құрайды.
Уақытында көктем-күзгі мерзімде мал дәрігерлік вакциналау жұмысы жүргізіледі.
Жыл сайын ауыл жиындарында мал бағылатын жерлер белгіленеді, әр табынға келісімшарт жасалады және әр табынның жайылатын жер шекарасын бақылайтын бастамашыл топ сайланады. Ауылда 2 қоғамдық табын ұйымдастырылды.
Есеп беру кезеңде қанғыбас иттердің 271 (2019 ж.- 149) эфтаназия жағдайлары тіркелген.
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫ
Ауыл аумағында 82 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген. «Акоба» ЖШС наубайхана, 24 дүкен, 1 дүңгіршек, 3 шаштараз, 2 дәріхана, сәнхана, 1 АЖҚС жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың сәуір айында карантиндік жағдайда ауылда ет дүкені ашылды, онда ауыл тұрғындары Павлодар қаласына шықпай-ақ, балғын ет өнімдерін қол жетімді бағамен сатып алды. 2020 жылы «Арматекс» ЖШС металл құрылымдарын шығаратын шеберхана өз жұмысын бастады. Шеберхананы кәсіпкер А.В. Щербо ашты. Аталмыш шеберханада 8 білдек іске қосылып, 14 адам жұмыс істеуде, оның ішінде 7 ауыл тұрғындары. 2020 жылы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша мал шаруашылығын дамыту мақсатында (жылқы сатып алу және өсіру) көп балалы ана 4 млн.теңге сомасында шағын несие алды. Жоба іске асырылды. Ауылдың 4 тұрғыны жеке кәсібін ашуға өтеусіз грант алды (мал шаруашылығы, сүт өнімін шығару, музыкалық аппаратурасын сатып алу). Гранттардың жалпы сомасы 2 190,0 мың теңгені құрады.
САЛЫҚ ЖИНАУ, ЖЕРГІЛІКТІ САЛЫҚ КІРІСІН ҰЛҒАЙТУ
2020 жылға жоспарланған 10 840,0 мың теңге салық түсімдері 17 691,2 мың теңгені құрады (жоспардын орындалуы 163 %), оның ішінде:
- төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығы – 787,1 мың. теңге (жоспар 449,0 мың теңге); - жеке тұлғалардың мүлкіне – 2 400,3 мың теңге (жоспар 3 102,0 мың теңге); - елді мекендер жерлеріне – 505,9 мың теңге ( 1 026,0 мың теңге); - жеке тұлғалардың көлік құралдары үшін – 13 813,4 мың теңге (6 407,0 мың теңге).
АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ СҰРАҚТАР
Ағымдағы жылы «Автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу» бағдарламасы бойынша 71 510,0 мың теңге сомасында «АЗА» ЖШС мердігерлік ұйымы ауылдың жаңа құрылыс ауданындағы жолдарға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізді. № 44 автобустың бағыты 2,3 шақырымға ұзартылды. Сондай-ақ, 3 аялдама павильоны орнатылды, «Жаяу жүргіншілер өткелі» белгіленіп, жол белгілері орнатылды.
«Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 2020 жылға 34 665,0 мың теңге қаражат бөлінді, оның ішінде:
- Абай, Октябрь, Молодежная көшелері бойындағы ауыл ішіндегі жолдарды орташа жөндеу, Абай көшесінен төмен түсуге арналған жабдықтар және Молодежная - Октябрь көшелері бойында су өткізгіш орнату 19 864,0 мың теңге.
- қыс мезгілінде жолдарды күтіп ұстауға - 4 763,0 мың теңге;
- еріген суды шығаруға - 2000,0 мың теңге; - жолдарды профильдеуге - 2000,0 мың теңге; - жолдардың шұңқырын жөндеуге - 380,0 мың теңге; - жолдын шөбін шабу ға- 515,0 мың теңге
- жолдарға белгі орнатуға - 380,0 мың теңге.
«Автодорсигнал» ЖШС 1 106,0 мың теңгеге 51 жол жол белгілерін жасап, орнатты. «Елді мекеннің көшелерін жарықтандыру» бағдарламасы бойынша ауыл аймағын жарықтандыруына 10 928,0 мың теңге бөлінді. Ағымдағы жылда электр қуатын үнемдеу мақсатында көшелерді жарықтандыру шамдарын энергияны үнемдейтін шамдарға ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Жалпы 200 шам энергияны үнемдейтін шамдарға ауыстырылды. Аталмыш жұмыстарға 4 000,0 мың теңге қаражат жұмсалды. «Исенов» ЖК мердігерлік ұйымымен Отандастар көшесі бойынша 14 тіреу электрлік жеткізу желісі, көше жарықтандыру шамдары өткізілді, 7 500,0 мың теңгеге 63 тіреу орнатылды. Сондай-ақ, көше жарықтандыру тіректеріне 1 924,0 мың теңге сомасында жөндеу (сырлау) жұмыстары жүргізілді. Есепті кезеңде жалпы сомасы 3 377,0 мың теңгеге Қасым Қажы көшесінің бойына ұзындығы 300 метр электр желісі тартылды, Спутник, 2 мекен-жайы бойынша ұзындығы 1,5 км болат кабель өздігінен оқшауланған сымға ауыстырылды. Авариялық тоқтаулардың алдын алу мақсатында ағымдағы жылы «ПРЭК» АҚ жоспары бойынша 0,4 кВ, ұзындығы 3,38 км әуе желілерін ағымдағы жөндеу және жалпы ұзындығы 24,4 км 10 / 0,4 кВ әуе желілерін және 16 КТП 10 / 0,4 кВ техникалық қызмет көрсету жүргізілді. Сондай-ақ, ҚазССР 50 жылдығы көшесінде, ұзындығы 1,1 км болатын 10 кВ әуе желілерін ауыстыру жұмыстары жүргізілді. «Павлодар ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі барлық 19 (26) КТП-ға тексеруі жүргізді, 3 КТП (№ 9, 25, 65) жөндеуден өтті. Электр қуатын апаттық және жоспарлы жағдайларда сөндірулердің себебі, күні мен уақыты белгіле отырып мониторинг жүргізіледі.
Жазғы-күзгі кезеңде қоғамдық жұмыскерлер күшімен ауылды, апатты жағажайларды, Ертіс өзенінің алқабы, Құм карьерінің аумағын санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Ағымдағы кезеңде 2 000,0 мың теңге сомасына ауылдық қоқыс тастайтын жердің аумағында қоқыс жинау 2 рет жүргізілді.
«Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы бойынша 2020 жылдың сәуір айында Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай Павлодар ауылы Абай көшесінің бойында 2625,0 мың теңгеге 175 шырша көшеттері отырғызылды. Көшеттерді суару үшін ұңғыма жабдықталды, қоғамдық қызметкерлердің және әкім аппараты қызметкерлерінің күшімен суару және күту жүзеге асырылды, соның салдарынан көшеттердің 100% өмір сүру деңгейі қамтамасыз етілді. Демеушілік есебінен Абай және Заводская көшелерінің бойына гүлзарлар салынды. 2020 жылы жергілікті бюджет есебінен Отандастар көшесінде 7 500,0 мың теңге сомасына шағын-футбол алаңы және Мир көшесіне 4 000,0 мың теңгеге балалар ойын алаңы орнатылды. 922,0 мың теңгеге 20 аялдама павильондарының ағымдағы жөндеуі жүргізілді. Жазғы уақытта ауылды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың оқушылары қатысады. Ағымдағы жылда жалпы 1171,8 мың теңге сомаға 60 оқушы тартылды.
ҚҰРЫЛЫС
2020 жылы тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту, Павлодар ауылының ішкі құрылымын ұлғайту бойынша мемлекеттік және аймақтық бағдарламалардың шеңберінде келесідей құрылыс жобалары іске асырулуда:
сумен жабдықтау желілерінің құрылысы. «Ай-су Мелиорация» ЖШС мердігерімен 2020 жылдың 4 тамызында 1 543,1 млн.теңгеге келісім шарт жасалды. Техникалық сипаттамалары: Сараптамаға дейінгі құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі - 1 636,5 млрд. Сумен жабдықтау желілерінің ұзындығы - 79528,0 м, құрылыстың ұзақтығы - 9,5 ай. Құрылыс басталуы 2021 жылға жоспарланған.
- Мәдениет үйінің құрылысы. 2020 жылғы 19 маусымда № EPVL-0071/20 оң сараптамалық қорытындысын алды. 2021 жылға қаржыландыру мақұлданды. Сондай-ақ, 320 орындық балабақша және ауылдың жаңа құрылыс ауданында қосалқы станция мен электрмен жабдықтау желілері құрылысының жобаларын іске асыру жұмыстары жүргізілуде. Екі жоба да мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысын алды. Құрылыс үшін қаржыландыру қажет. Барлық құрылыс жобаларының әкімшісі - Павлодар қаласының құрылыс бөлімі.
КӨЛІК
Ауылға орташа қозғалыс аралығы 18-20 минутпен № 44 автобус маршруты және толымдылығы үлкен 5 автобус қызмет көрсетеді
ӘЛЕУМЕТТІК СҰРАҚТАР
Павлодар ауылында 4 жалғызбасты зейнеткер үйде әлеуметтік көмек алады. 19 отбасы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алады. Ағымдағы жыл - волонтер жылы ауыл әкімдігі үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, пандемия кезінде ауылдың әлеуметтік осал тұрғындарына қайырымдылық және әлеуметтік қолдау көрсету саласында үлкен жұмыс атқарды. Төтенше жағдай кезеңінде «Қасым Қажы мәдени мұрасы» қоғамдық бірлестігі, «Рубиком» ЖШС кәсіпорны, «Айдабол» ЖШС және жергілікті кәсіпкерлердің демеушілік қаражаты есебінен қайырымдылық акциялар өткізілді (азық-түлік жиынтығы, көмір, отын, медициналық маскалар және т.б. көмектер көрсетілді). Ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Өмір сыйла» республикалық қайырымдылық акциясы аясында «Шұғыла» ҚБ «Қасым Қажы мәдени мұрасы» ҚБ-мен бірлесіп, Павлодар ауылының тұрғындары үшін оттегі концентратын сатып алды (құны 1 миллион теңгеден асады). «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізілді, оның барысында демеушілер мен меценаттар әлеуметтік осал санаттағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 32 оқушыға мектеп формасын, кеңсе тауарларын, USB желілік карталарын сатып алуға көмек көрсетті. «Қамқорлық» қайырымдылық айлығы аясында «Рубиком» ЖШС кәсіпорны аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 2 оқушыға қашықтықтан оқытуға қажетті планшеттер сатып алды. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Павлодар ауылында «Қасым Қажы мәдени мұрасы» ҚБ «Достық» білім беру орталығымен бірлесіп, әлеуметтік осал санаттағы балаларға (көп балалы және аз қамтылған), №40 мектептің 5-6 сынып оқушыларына (барлығы 12 бала) білім беру жобасын іске қосты. Балаларға Назарбаев Интеллектуалдық мектебі және дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернат сияқты жетекші лицейлерге түсуге дайындық курстары ұйымдастырылды. Оқушылардың дайындық курстары мен жол ақысы «Қасым Қажы мәдени мұрасы» қоғамдық бірлестігі есебінен. Сонымен қатар, «Беркут GROUP KZ» ЖШС есебінен көп балалы отбасыларға арналған көміртегі тотығының 12 автономды датчиктері орнатылды.
БІЛІМ
Павлодар қаласының №40 жалпы орта білім беру мектебінде 928 оқушы білім алуда, соның ішінде мектепке дейінгі дайындықта - 23 бала, шағын-орталықта - 50 оқушы оқиды.
Қашықтықтан оқыту кезеңінде кезекші сыныптар жұмыс істеді, онда 215 оқушы білім алды. №40 ОБМ 89 мұғалім, оның ішінде жоғары білімді - 83, орта арнаулы - 6. Педагог-магистр - 1, жоғары санатты - 25 ұстаз, бірінші санатты - 33 адам, екінші - 19 және санаты жоқ -11. №117 МҚКК бала-бақшасына 150 бала барады. Мұнда 6 топ жұмыс істейді. Карантин кезіңде кезекші топтарға 81 бала барды.
ДЕҢСАУЛЫҚ САҚТАУ
Павлодар ауылында «МедПроект-ПВ» дәрігерлік амбулаториясы қызмет көрсетеді.
Дәрігерлік амбулаториясында ересек және балаларды қабылдау кабинеттері бар. Тұрақты түрде алғашқы анализ зертханасы, ем жасайтын кабинет және күндізгі стационар жұмыс істейді.
Дәрігерлік амбулаторияда «Нива» автокөлігі бар, ол ауыл тұрғындарына сағат 14.00- 18.00-ге дейін қызмет көрсетеді.
Есептік кезеңде 796 ересек адам, 0-18 жасқа дейін 1300 бала профилактикалық тексеруден (скрининг) өтті.
ХАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУЫ
Жұмысқа қабілетті тұрғындардың саны 4199 адамды құрайды, жұмыспен қамтылғандар 3033 адам, 283 өзін-өзі жұмыспен қамтып отыр, жұмыссыздар саны 21.
2020 жылы жұмыспен қамту органдары арқылы 59 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, 5 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді, 8 адам кәсіптік оқуға жіберілді, 1 адам жастар тәжірибесі бойынша, 21 адам қоғамдық жұмысқа тартылды.
АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ
Есептік кезеңде «Павлодар ауылы әкімі аппараты» ММ-не 102 (2019 ж. - 99) өтініш келіп түсті, оның ішінде жазбаша түрде - 27, және ауызша (жеке қабылдау) - 75. Барлық өтініштер бақылауға алынып, заңнамаға сәйкес мерзімдерде жауаптары берілді.
Сұрақтардың басым бөлігі жер пайдалану, тұрғын үй- коммуналдық және әлеуметтік мәселелер бойынша.
2020 жылдың 15 қаңтарында ауыл әкімінің есеп беру кездесуінде 6 өтініш келіп түсті, олардың үшеуіне кездесу кезіңде түсіндіру берілді, үшеуі бақылауға алынып іске асырылды.
Жалпы есептік кезеңде 46 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде шалғайдағы ауылдық жерлерде тұратын балаларға жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне ақысыз көлікпен қамтамасыз ету - 5, нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім қабылдау - 3, сауда-саттық, конкурстар мен аукциондарды қажет етпейтін, жер телімдеріне құқықтар алу - 27, жер телімін алу үшін кезекке тұру - 11.
ҚҰҚЫҚ БҰЗЫШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ТІРТІПТІ КҮШЕЙТУ
Ауылда екі учаскелік полиция инспекторы жұмыс істейді. Полиция ғимараты техникамен, телефонмен жабдықталған, қызметтік автокөлік бар.
Ағымдағы кезеңде абаттандыру ережелерін бұзғаны, қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішкені, ұсақ бұзақылық үшін 1 935,0 мың теңге (2019 ж.-1 700,0 мың теңге) айыппұл салынды.
Павлодар ауылы аумағында есеп беру мерзімінде 18 (2019 ж.-22) қылмыстық істер тіркелген, соның ішінде 13 (17) қылмыстық іс ашылған.
Ал қалған ашылмаған қылмыстық істер бойынша Павлодар қаласының ІСБ ҚМ шұғыл іздестіру шаралары жалғасуда.
2021 жылы жұмыс жалғасатын болады:
- ауылдағы құрылыс жобаларын іске асыру;
- шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту, ауыл тұрғындарын мемлекеттік бағдарламаларға кеңінен тарту;
- өнімді жұмыс істейтін тұрғындар санының өсуі;
- жергілікті өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру;
- қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын-алу бойынша жұмысты күшейту;
- жергілікті жолдарды қанағаттанарлық жағдайда ұстау, жаңа жолдар салу;
- қолданыстағы көше жарықтандыру желілерін ұстау және көшелерді одан әрі жарықтандыру бойынша жұмыстарды жалғастыру;
- ауылға жасыл желектер отырғызу;
- ауылдың тиісті санитарлық жағдайын қамтамасыз ету.