Павлодар

Меню

Страницы

Статья

Ленин кентінің әкімі М. Қ. Алшимбаеваның тезистері

Ленин кенті Павлодар қаласынан республикалық маңызы бар Павлодар – Нұр-сұлтан магистралінің оңтүстігіне қарай 12 км жерде орналасқан. Ауыл 1914 жылы құрылған.

2021 жылғы 1 қаңтарға халықтың жалпы саны - 10191 адам, 20-дан астам ұлт және ұлыс өкілдері тұрады.

Ленин кентінің аумағында 2 балабақша, 3 мектеп, мәдениет үйі, ДШСК, спорт мектебі, дәрігерлік амбулатория, 125 шағын бизнес объектілері және 9 ЖШС (оның ішінде ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу бойынша 2 кәсіпорын «Рубиком» ЖШС, «МК Евразия-Агро» ЖШС және 125 ЖК).

Бюджет

Павлодар қаласының бюджетін нақтылауды ескере отырып, 2020 жылға арналған жеке қаржыландыру жоспарының жылдық сомасы 825379,4 мың теңгені құрады, бұл пайыздық қатынаста 100,0%-ды құрайды.

Салықтық түсімдер - 13551,0 мың теңге;

Салықтық емес түсімдер - 219,0 мың теңге;

Трансферттер түсімі - 537283,4 мың теңге;

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында

1. Ленин кентінің кентішілік жолдарына орташа жөндеу жүргізілді – 375 446,0 мың теңге (Дорстрой ЖШС). «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бойынша.

2.Ленин кентінің жолдарына ағымдағы жөндеу жүргізілді ( Дорстрой ЖШС) -59360,0 мың тг.;    

3. 2110, 1 мың теңге жол белгілері орнатылды.; 6 жасанды жер кедергісі және 35 белгі.

4. 5 көшеге (100 тірек) жарық орнатылды – 13986,6,0 мың теңге. ;

(Керуен, Қазыбек би, Торайғыр би, Терешкова, Комарова).

5. Тротуарларды орнату бойынша жұмыстар жүргізілді - 13863,1 мың теңге.; (Мақажанов к.)

6. Балалар ойын алаңы орнатылды - 4450,0 мың тг.;

Кәсіпкерлік

Ағымдағы жылы қуаттылығы айына 15000 кірпіш болатын «Серке» ЖК құм блоктық кірпіш өндіру бойынша цех іске қосылды.Жұмысшылар саны, барлығы 4 адам, олар Ленин кентінің тұрғындары.

Сонымен қатар Ленин кентінің аумағында 2 азық-түлік дүкені өз қызметін бастады.

1. «Али ар» дүкені, Козбаков ЖК Мақажанов к-сі, 96

2. «Арзан» дүкені Арзан ЖК Шалохов к-сі 2

Соңғы 2 жылда кентте қатты отынды сату бойынша 3 нүкте ашылды, үйге жеткізуді қамтамасыз етеді: «Агротехника Дидар» ЖШС, Квашина ЖК, Апет ЖК.

Ауыл шаруашылығы

416 ауланың жеке қосалқы шаруашылығы бар. 2020 жылға статистикалық есептілікке сәйкес ІҚМ – 871, жылқы – 242, усақ мал – 1440, шошқа – 164, құс – 2056 құрады.

Жер қатынастары

Кенттің жалпы ауданы 7608 га құрайды, оның ішінде: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 5229 га, елді мекеннің жерлері – 605 га, басқа жерлер - 1231 га.

Қазіргі уақытта жер учаскелеріне құқық беру бойынша арнайы есепте 2493 адам тұр.

Құрылыс

Құрылыс бөлімімен 322 жер теліміне ЖТҚ - ға электрмен жабдықтау құрылысына ведомстводан тыс сараптамадан өтумен жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.

Сондай-ақ, Павлодар қаласының құрылыс бөлімі  «Ленин кентінің ЖТҚ сумен жабдықтау құрылысы» жобасын әзірлеуде.  Жобаны әзірлеу аяқталу сатысында. Осы жобада Ленин кентінде үздіксіз сумен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін Ертіс өзенінен тазарту құрылыстарына су тарту көзделеді.

Абаттандыру

ЖӨБ шешіміне сәйкес кентті абаттандыру және елді мекенді санитарлық тазарту бойынша іс-шаралар өткізілді.

Оның ішінде:

1. Елді мекендердің аумақтарын санитарлық тазалау (Нығманова ЖК) - 329,0 мың тг;

2. Балалар ойын алаңдарын ағымдағы жөндеу (Империя Бек ПВ ЖШС) - 1150,0 мың тг.;

3. Стритбол алаңын ағымдағы жөндеу (Империя Бек ПВ ЖШС) -267,9 мың тг.;

4. Аялдама павильондарын ағымдағы жөндеу (Нығманова ЖК) - 605,4 мың тг

5. Гүлзарларды отырғызу (Нығманова ЖК) -446,4 мың тг.;

6. Ленинский кентінің Республикалық маңызы бар трассасының бойындағы қоршауды ағымдағы жөндеу (Империя Бек ПВ ЖШС) -1000,0 мың тг.(ішінара 72,0 мың тг.)

 Халықты әлеуметтік қорғау жұмыспен қамту

Аз қамтылған және көп балалы отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында кент әкімінің аппараты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті ресімдеуге жәрдем көрсетті.

2020 жылы өтініштердің жалпы саны - 170, оның ішінде АӘК ресімдеу бойынша -59 және қатты отын сатып алуға 111 адам жәрдемақы алды.

2020 жылдың қаңтар айынан бастап Ленин кенті бойынша «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасына 17 адам қатысты. Оның ішінде Бизнес бойынша оқытудан өткендері - 10 адам, қысқа мерзімді оқытудан өткендері - 7 адам. 200 АЕК көлемінде гранттар алды - 14 адам Жастар практикасы - 8 адам техникалық және кәсіптік оқыту - 9 адам.

Көлік

Кентке жолаушылар тасымалына «№1 автобус паркі» ЖШС, №38 автобус бағыты қызмет көрсетеді. Орташа қозғалыс аралығы 30 минут. Рейстер саны - 7. Сонымен қатар Ленин-Ақсу маршруттық автокөлігі де бар. Рейстер саны-4.

Білім

Кентте үш жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді: 1 - негізгі №32 ЖББМ, 2-орта №31,33 ЖББОМ. № 15 ,№ 36 бөбек-бақша. Оқыту және тәрбиемен 1158 оқушы қамтылған. Оқушыларды мектепке дейін және кері тегін тасымалдауды ұйымдастыру үшін жалпы сомасы 14880320 т Паз 32053-70 мектеп автобусы сатып алынды.

Денсаулық сақтау

Дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді, онда 4 жалпы практика дәрігері, 1 гинеколог дәрігер, 1 тіс дәрігері, 11 медбике жұмыс істейді.  Кенттің дәрігерлік амбулаториясында сандық медициналық құжаттау.  Қосымша қызметтік автокөлік бөлінді. Ленин кенті тұрғындарының 80% DamuMed мобильді қосымшасының көмегімен қабылдауға жазылады немесе дәрігерді үйге шақырады.

Мәдениет және спорт

2020 жылы «Сұңқар» дене шынықтыру-сауықтыру кешені жұмыс істей бастады, онда футбол, волейбол, баскетбол, қазақ күресі, ұлттық ойындар (тоғызқұмалақ) үйірмелері өткізіледі. Үстел ойындары (дойбы, шахмат), үстел теннисі, фитнес. Дока аумағында турниктер, брусьялар, швед қабырғасы, гимнастикалық бөрене, тунелли және лабиринттер, сондай-ақ, футбол, баскетбол, стрибол алаңдары бар.

«Жұмвспен қамтудың  жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша «Батыр» спорт мектебіне күрделі жөндеу жүргізілді (қасбетті жөндеу, ішкі әрлеу жұмыстары). Шарттың жалпы сомасы: 26 137 142,00 теңге.

Мемлекеттік қызметтер

Ленин кенті әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызметтің 6 түрі көрсетіледі.

2020 жылы «Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білімнің жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне тегін тасымалдауды қамтамасыз ету» қызметі бойынша 171 оқушы қамтылды.

Мемлекеттік қызметтерді алу үшін Ленин кенті әкімдігінің ғимаратында азаматтар үшін E-gov электрондық үкіметтің өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орналасқан.

Есепті кезеңде Ленин кенті әкімінің аппаратымен 153 нормативтік-құқықтық актілер шығарылды.

Азаматтырдың өтініштері

2020 жылы «Ленин кенті әкімінің аппараты» ММ 56 өтініш түсті, оның ішінде: заңды тұлғалардан - 3, жеке тұлғалардан-53. Аталған өтініштер бақылауға алынды, оларға жауаптар заңнамада белгіленген мерзімде берілді.

Кент әкімінің жеке мәселелері бойынша қабылдауына 31 тұрғын жүгінді.

Есептік кезеңде 47 нотариаттық іс-әрекет жасалды (сенімхаттарды куәландыру-47, құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын куәландыру-0, өтініштерге қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландыру-0, өсиеттерді куәландыру-0).

Қоғамдық қауіпсіздік:

Павлодар қ.ПБ Солтүстік ПБ ЖПҚБ №8 УПП Ленин кентінің әкімшілік учаскесіне қызмет көрсетеді. Штат бойынша-4 қызметкер: УПИ көмекшісі-1, УПИ-1, екі бос орын: учаскелік полиция инспекторы және УПП қызметін ұйымдастыруға жауапты. Есеп беру кезеңінде кент аумағында 29 қылмыс тіркелді, оның ішінде 17 қылмыс ашылды. 321 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 321 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 936186 мың.т. айыппұл салынды.. ВАЗ-21214 1 қызметтік көлігі бар.

Дата публикации
05 января 2021
Дата обновления
05 января 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы