Павлодар

Меню

Страницы

Статья

Павлодар қалалық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабының 14) тармақшасына және 2020 жылғы 21 қазандағы № 29/332 Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

1. 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Павлодар қақалық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.

2. Павлодар қаласының әкімі мен қаланың Бас санитарлық дәрігерімен бірге Павлодар қалалық мәслихат депутаттарын сайлауды өткізу кезеңінде өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сайлау процесінің санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын көздесін.

3. Осы қаулы Павлодар қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

                   Төраға                                                                           А. Маржықбаев

                   Хатшы                                                                          А. Қазбекова

Дата публикации
28 октября 2020
Дата обновления
28 октября 2020
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы