
13 қазанда, Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауының тағайындалуына байланысты қалалық сайлау комиссиясы сайлау науқанын дайындау мен өткізуге қатысты бірқатар мәселені қарады.
Сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес мынадай шешімдер қабылданды:
Павлодар қалалық мәслихаты депутаттарының сайлауы бойынша сайлау округтері туралы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының қаулысына өзгерістер енгізу туралы;
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған кезектен тыс сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы.