
|
|
«КЕЛІСЕМІН» Павлодар қаласының әкімі ____________ Е. Иманслям |
|
№ п/п |
Қысқаша мазмұны |
Іске асыру бойынша тапсырма |
Қабылданған шаралар туралы ақпарат |
Ұсыныс |
|
1-тар., 1-қ. |
Абай көшесінде (бұдан әрі – к-сі) асфальт төсеу туралы |
Павлодар а., Абай көшесіне асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі мәселесі қарастырылсын |
2020 жылы «Аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 23 300,0 мың теңге бөлінді. Ағымдағы жылдың маусым айында «Бонус Строй» ЖШС мердігерлік ұйымымен Абай, Молодежная, Октябрьская көшелері бойындағы кентішілік жолдарға 17 600,0 мың теңге сомасына орташа жөндеу жүргізілді. Абай көшесінде негізгі жолдан шығатын жол жабдықталды, жарылуларды бекіту, қиыршық тас төсеу, асфальттау жұмыстары жүргізілді. Абай көшесіндегі асфальтталған жолдың ауданы 2407 ш. м. құрады.
|
Бақылаудан алынсын |
|
2-тар., 1-қ.
|
Кенжекөл а., Солодникова к-сі бойынша (№10, 14 үйлер) электр беру желілерін жүргізу туралы |
Кенжекөл а., Солодовникова көшесін (№10, 14 үйлер) электр берудің желілерін жүргізу бойынша зерттеу өткізілсін және ұсыныстар енгізілсін |
Осы үйлерге электр беру желілерін салу бойынша есептік-сметалық жұмыстар жүргізілді. Құрылыс жұмыстары 2020 жылдың қазан айында жоспарланған. |
Бақылаудан алынсын |
|
6-тар., 1-қ.
|
Жаңаауыл шағын ауданының (бұдан әрі – ш.а.) көшелерін асфальт төсеу туралы |
Жаңаауыл ш.а. көшелерін асфальт төсеу бойынша зерттеу жүргізілсін және ұсыныстар енгізілсін |
Ағымдағы жылы Жаңаауыл ш.а. Жаңаауыл, 3 және 7 көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. |
Бақылаудан алынсын |
|
7-тар., 1-қ. |
Жаңаауыл ш.а. спорт алаңын орнату үшін жер учаскесін беру туралы |
Жаңаауыл ш.а. спорттық алаңын орнату үшін орынды анықтау бойынша зерттеу жүргізілсін |
«Балалар-жастар спорт орталығы» МКҚК Жаңаауыл ш.а. Жаңаауыл көшесі, 6 бойында 50-ші және 51-ші үйлер арасында орналасқан жаңа жерде шағын футбол алаңының құрылысына жер телімін ресімдеу бойынша жұмыс жүргізілді. Жер телімін ресімдеу бойынша құжаттар толығымен аяқталды. |
Бақылаудан алынсын |
|
9-тар., 1-қ. |
2-ші Павлодар ш.а. кәріз және дренаж жүйелеріне жобалық сметалық құжаттама әзірлеу туралы |
Кәріз және дренаж жүйелерін салудың 3-кезеңінің ЖСҚ әзірлеу бойынша іс-шаралар жүргізілсін |
«Павлодар қаласы құрылыс бөлімі» ММ және «МПК-Проект» ЖШС арасында 5,950 млн. теңге сомасына «Екінші Павлодар ауданында орталықтандырылған кәріз желілерін салу. 3-кезең» жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарт жасалды. Әзірлеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жоба сараптамадан өтуге жіберіледі. Жұмыстың болжамды аяқталу күні қазан айының үшінші онкүндігі. |
Бақылаудан алынсын |
|
10-тар., 1-қ. |
2-ші Павлодар ш.а. көшелерін асфальттау туралы |
2-ші Павлодар ш.а. көшелерін асфальттау туралы |
Ағымдағы жылы 2-ші Павлодардың жеке секторының 9 көшесін асфальттау жұмыстары жоспарланған. Бүгінгі күні 8 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. |
Бақылаудан алынсын |
|
11-тар., 1-қ. |
Жетекші а. жаңақұрылыстар ауданында су құбырының құрылысы туралы |
Жетекші а., жаңа құрылыстар ауданында су құбырын салу бойынша зерттеу өткізілсін және ұсыныстар енгізілсін |
Қазіргі уақытта «Көлсай Строй» ЖШС мердігерлік ұйымымен Жетекші ауылында су құбыры желілерінің құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Келісім шарт 772,386 млн. теңге сомасына жасалды. Жалпы ұзындығы 13,6 км құбыр желісі төселді, 147 құдық орнатылды. Құрылыс-монтаж жұмыстары жұмыс жүргізу кестесіне сәйкес жүргізілуде. Құрылыстың аяқталуы 2021 жыл. |
Бақылаудан алынсын |
|
17-тар., 1-қ. |
Ледовский 37, 39, 41, Хромзавод 6 көшелері тұрғын-үйлерінің аулаларында балалар ойын алаңын орнату туралы |
2020 жылға арналған қала бюджетін нақтылау кезінде Ледовский к-сі, 37, 39, 41, Хромзавод к-сі, 6 тұрғын үйлердің ауласында балалар алаңдарын орнатуға қаражат қарастырылсын
|
Ледовский көшесі, 37, 39, 41, Хромзавод көшесі, 6 тұрғын үйлердің ауласында балалар алаңын орнату бойынша жұмыстар орындалды.
|
Бақылаудан алынсын |
|
18-тар., 1-қ. |
Ледовский к-сі., 37, 39, 41, Хромзавод к-сі, 6 аулаларын жарықтандыру туралы |
Ледовский к-сі, 37, 39, 41, Хромзавод к-сі, 6 аулаларында көше жарығын қосу бойынша шаралар қабылдансын
|
Қазіргі уақытта «ХЛЕБСТРОЙ» ЖШС мердігерлік ұйымымен жарықтандыру тіректерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. |
Бақылаудан алынсын |
|
19-тар., 1-қ. |
Павлов к-сі, 78-үй мекенжайы бойынша тұрғын үйді бұзу кезінде құны тең тұрғын үйді беру үшін «Алюминстрой» ш.а. қоныс аударушыларға тұрғын үй салу туралы |
«Алюминстрой» ш.а. Павлов к-сі, 78-үй мекенжайы бойынша тұратын тұрғындарды көшіру бойынша жұмыстар жүргізілсін |
Павлов көшесі, 78 тұрғын үйдің тұрғындары жергілікті атқарушы органдар 26 және 28 құрылыс нөмірлерімен салған үйлерде тұрмысқа жайлы тең бағалы тұрғын үй берілгенге дейін уақытша тұрғын үйге көшірілді. |
Бақылаудан алынсын |
|
20-тар., 1-қ. |
Радиозавод ш.а. көшелерін асфальттау туралы |
Радиозавод ш.а. көшелерін асфальттау бойынша зерттеу жүргізілсін және ұсыныстар енгізілсін
|
2020 жылы «ИНЭК Қазақстан» ЖШС мердігерлік ұйымымен Радиозавод ш.а. келесі өтпе жолдарда: 3А, 2а, 1а, а, Г, Б, Н, Т, Р, П, О, С, Д асфальттау бойынша жұмыстар орындалды. Жолдардың жалпы ұзындығы - 5,5 км.
|
Бақылаудан алынсын |
|
21-тар., 1-қ. |
Радиозавод, Лесозавод ш.а. жылу трассасының құрылысы туралы |
Радиозавод-Лесозауыт ш.а. жылу трассасын салу бойынша зерттеу жүргізілсін және шаралар қабылдансын |
2019 жылдың қараша айында «Павлодар қаласы құрылыс бөлімі» ММ және «ДАНиЕР» ӨСҚФ» ЖШС арасында Павлодар қаласының «Радиозавод» және «Лесозавод» ш.а. жылу трассасының құрылысына № 165/19 жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарт жасалды. Тұтынушыларды тиісті параметрлері бар жылу тасымалдағышпен қамтамасыз ету үшін жобада № 3 (СС-3) сорғы станциясынан ЖК-539/7 жылу беру камерасына дейін ЖМ-34а жылу магистралін кеңейту көзделген. Жобамен В өтпе жолы бойынша жылумен жабдықтау трассасын салу қарастырылған. Құрылыстың аяқталуы 2021 жылға жоспарланған.
|
Бақылаудан алынсын |
|
22-тар., 1-қ. |
Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 3/1 тұрғын үйдің ауласында балалар алаңын орнату туралы |
2020 жылға арналған қала бюджетін нақтылау кезінде Нұрсұлтан Назарбаев даңғ., 3/1 тұрғын үйдің ауласында балалар алаңын орнатуға қаражат қарастырылсын
|
Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 3/1 бойынша тұрғын үйдің ауласында балалар алаңын орнату 2021 жылға жұмыстарды жоспарлау кезінде қаралады. |
Бақылаудан алынсын |
|
26-тар., 1-қ. |
Балалар ойын алаңын орнату туралы |
2020 жылға арналған қала бюджетін нақтылау кезінде Нұрсұлтан Назарбаев даңғ., 157-тұрғын үйдің ауласында балалар алаңын орнатуға қаражат қарастырылсын
|
Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 157 бойынша тұрғын үйдің ауласында балалар алаңын орнату 2021 жылға жұмыстарды жоспарлау кезінде қаралады. Қолданыстағы ойын алаңына жөндеу жүргізілді. Спорттық тренажерлер орнатылды. Қазіргі уақытта ашық көпфункционалды спорт алаңын орнатуға құжаттар келісілуде. |
Бақылаудан алынсын |
|
1-тар., 2-қ. |
Павлов к-сі, 1-тұрғын үйінің ауласында балалар ойын алаңын орнату туралы |
Павлов көшесі, 1-тұрғын үйінің ауласында балалар ойын алаңы орнатылсын |
Павлов көшесі, 1 бойынша тұрғын үйдің ауласында балалар алаңын орнату 2021 жылға жұмыстарды жоспарлау кезінде қаралады. |
Бақылаудан алынсын |