Павлодар

Меню

Страницы

Статья

«Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 2025 жылға Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы есебінің жария талқылау отырысының хаттамасы

Өткізу орны                                                                                             Өткізу күні

Павлодар қ., Кривенко к-сі, 25                                                     10.03.2026 жыл

 

Төраға: Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Б.А. Жұмағұлов.

Қатысты: Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметшілері.

 

Күн тәртібі:

  1. 2025 жылғы «Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметінің есебі.

Баяндамашы: Шагманов А. К. – Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі.

Тыңдағандар: «Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мамандары, мүдделі тұлғалар.

 

2025 жылға арналған «Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметін талдау

 

2025 жылдың өткен кезеңінде бөліммен мемлекеттік қызметтің 16 түрі бойынша 29450 қызмет көрсетілді, оның ішінде: eGov.kz (электрондық үкімет порталы) – 3354, ХҚКО-4466, «Е – Собес» АЖ АЖ - 21560 және МО арқылы – 70 (электрондық мемлекеттік қызметтердің үлесі - 99,7%).

Сонымен қатар, қағаз түрінде көрсетілетін 2 мемлекеттік қызмет («Сауықтырылатын тұлғаға куәлік беру», «әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу»).

         Бүгінгі таңда бұл қызметтерді электронды түрге көшіру мүмкін емес.

Қызметтер: («сауықтырылатын тұлғаға куәлік беру» (0), «әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу» (70 өтініш).

2025 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері мен тәртібін бұзу болған жоқ.

Павлодар қаласының мемлекеттік қызметтер мониторингі және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау бөліміне ай сайын, тоқсан сайын мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы бойынша есептер ұсынылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және талаптары мемлекеттік қызмет көрсету ережесімен реттеледі.

         «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес мүгедектігі бар тұлғаларды және мүгедектігі бар балаларды сауықтырудың техникалық (өтемдік) құралдарымен, санаторлы-курорттық  емдеумен, жеке көмекші, ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз ету әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда мүгедектігі бар адамдар портал арқылы 12852-ден астам қаражат пен қызмет түрлерін алады.

Сонымен қатар, азаматтарды қабылдау орталығының ғимаратында бөлім қызметкерлері барлық ниет білдірген азаматтарға кеңес берілді.

Әлеуметтік мәселелерді шешуде түсіндіру жұмыстары маңызды рөл атқарады.

Тұрғындарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында заңнамадағы өзгерістер, әлеуметтік көмек көрсетудегі өзгерістер және басқа да мәселелер бойынша ақпараттандыру мақсатында әлеуметтік желілерде Instagram @otdel_soczashita_pvl ресми беттері және Facebook Павлодар әлеуметтік қорғау бар.

2025 жылы «Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері» тақырыбында                           9 мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі өткізілді.       

«Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де 5 ведомствоға бағынысты мекеме бар: «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ, «Павлодар қаласы әкімдігі, Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» Дағдарыс орталығы» КММ, «Өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларды қайта әлеуметтендіру орталығы» КММ «Отбасын қолдау орталығы» КММ, «Белсенді ұзақ өмір орталығы» КММ. 

Ведомстволық бағынысты мекемелердің қызметкерлерімен және қамқорлыққа алынушылармен ҚР заңнамаларында, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі.

Қызметтер сапалы және белгіленген мерзімде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметшілерді көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ. 

 

Ұсынылады: 

Павлодар қаласы әкімдігінің интернет-ресурстарында және ресми сайтында 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есепті жария талқылау отырысының хаттамасы орналастырылсын.

        

Төраға                                                   Б. Жұмағұлов

 

Хатшы                                                  А. Шагманов

Дата публикации
13 марта 2026
Дата обновления
16 марта 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы