Павлодар

Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік меншіктегі жер телімдерінің жалдау құқығын сату бойынша және ағылшын әдісі бойынша пайдалануға берілмеген жер телімдеріне аукцион (27 қаңтар)

«Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2020 жылдың 27 қаңтардағы сағат 10 00-де мемлекеттік меншіктегі жер телімдерінің жалдау құқығын сату бойынша және ағылшын  әдісі бойынша жер пайдалануға берілмеген жер телімдеріне аукцион өткізеді. Сауда-саттық Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25, 415- кабинет мекенжайы бойынша өтеді.

 

Сауда-саттықтардарда сату үшін  ұсынылатын 

жер телімдерінің және оларға құқықтардың тізбесі

 

№

р/с

Жер телімінің орналасқан жері

Жер телімінің

мақсатты нысаны

Жер телімінің көлемі, га

Құқық 

түрі

Жалдау

төлемінің сомасы

Сауда-саттықты  өткізу тәсілі  мен әдісі

Бастапқы бағасы,

(теңге)

Кепілдік  жарнаның сомасы, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Павлодар қаласы,  Ленин кенті

2-пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысын салу үшін

0,64

3 жылға уақытша жер пайдалану

8 602

Аукцион, ағылшын

328 320

132 550

2

Павлодар қаласы,  Ленин кенті

2-пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысын салу үшін

0,8

3 жылға уақытша жер пайдалану

Аукцион, ағылшын

Аукцион, ағылшын

410 400

132 550

3

Павлодар қаласы,  Ленин кенті

2-пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысын салу үшін

0,64

3 жылға уақытша жер пайдалану

Аукцион, ағылшын

Аукцион, ағылшын

328 320

132 550

4

Павлодар қаласы,  Ленин кенті

2-пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысын салу үшін

0,96

3 жылға уақытша жер пайдалану

Аукцион, ағылшын

Аукцион, ағылшын

492 480

132 550

5

Павлодар қаласы,  Ленин кенті

2-пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысын салу үшін

0,8

3 жылға уақытша жер пайдалану

Аукцион, ағылшын

Аукцион, ағылшын

410 400

132 550

6

Павлодар қаласы,  Ленин кенті

2-пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысын салу үшін

0,64

3 жылға уақытша жер пайдалану

Аукцион, ағылшын

Аукцион, ағылшын

328 320

132 550

7

Павлодар қаласы, Кенжекөл ауылы, Кирпичная көшесі, 3-үй

Екі пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын салу үшін

 

0,1378

3 жылға уақытша жер пайдалану

18 617

Аукцион, ағылшын

70 691

132 550

8

Павлодар қаласы, Ленин кенті, М.Мәметова көшесі, 81/2

Екі пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын салу үшін

 

0,2000

3 жылға уақытша жер пайдалану

2 688

Аукцион, ағылшын

102 600

132 550

Конкурсқа қатысушыларды тіркеу, қабылдау: Аукционға қатысушылардың өтінімдерін тіркеу хабарландыру жарияланған күннен бастап  жүргізіледі және аукционның басталуына 24 сағат қалғанда аяқталады. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттарды тапсыру қажет: 1) жер телімінің жалдау құқығын  сату жөнінде аукционға қатысуға өтінімді; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын; 3) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжатты. Көшірмелердің дұрыстылығын растау үшін түпнұсқаларды салыстыру үшін беріледі.

Кепілдік жарна әрбір сауда-саттықтың объектісі бойынша «Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімі» ММ депозиттік шотына БИК KKMFKZ2A. Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, Павлодар облысы бойынша Қазынашылық Департаментіндегі ИИК KZ460705034633004001, Код 4633004, БИК KKMFKZ2A, БИН 041240007579, КНП 171, КБе 12, КБК-жоқ, кез келген банк арқылы № 9-бағанындағы жоғарыда көрсетілген  тізілім мөлшерінде енгізіледі. 

Сауда - саттықтарға қатысуға өтінімдер мына мекенжай бойынша қабылданады: Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25, 620  кабинет, телефон: 730-586.

Конкурстың өткізу талаптары: Аукционшы объектінің  бастапқы бағасын және бағаның өсу қадамын хабарлайды. Сауда-саттықта қатысушылардың нөмірді көтеруі бастапқы бағаны өсіреді, бірақ ол хабарланған қадамнан кем болмауы керек. Аукционшы сауда-саттық процесінде қадамдардың өзгеруі туралы хабарлайды. Бұл ретте, қадам объектінің ағымдағы бағасының бестен он пайызына дейінгі  шектерде өзгереді.

Аукционшы, қолайлылық үшін, ағымдағы қадамның бірден екі  бөлігінен аспайтын мөлшерге объектінің бағасын дөңгелендіреді. Аукционшы объект бойынша  аукционға қатысушылардың  аукциондық нөмірлерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны өсіруді ұсынады. Аукционшы объект үшін  неғұрлым жоғары баға ұсынған  қатысушының аукциондық нөмірін хабарлайды. Аукционшы объектінің  соңғы бағасын үш рет  қайталайды және басқа көтерілген аукциондық нөмірлері болмаған кезде балға соғу арқылы аталған объектінің сатылғаны туралы хабарлайды.

Сауда-саттықты ұйымдастырушы сауда-саттықтың алдында  сауда-саттыққа қатысушылардың санын белгілейді. Егерде осы жер телімі немесе жер телімінің жалдау құқығы бойынша  сауда-саттыққа қатысушылардың саны екеуден кем болса, сауда-саттық өтпеген болып саналады. Егерде объект бірінші аукционда сатылмаған жағдайда, ол келесі аукциондарға сатуға қойылады.

Жер телімдерінің жалдау құқығын сату шарттары: мақсатты нысанына сәйкес пайдалану,  жалдау құқығын сатып алу - сату келісім шартын жасасу, белгілі бір жерде  жер телімінің шекарасын белгілеу,  жер теліміне жалдау келісім шартын жасасу, объектіні жобалау үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасын алу, келісімді қамтамасыз ету және инженерлік коммуникацияларды ауыстыру (олар болған жағдайда). 

Төлемнің нысаны мен шарты: сатушы мен сатып алушының арасындағы сатып алу – сату  келісім шарты бойынша есеп жүргізіледі, бұл ретте сатып алушы  мынадай тәртіпте есеп жүргізеді:

елу пайыз мөлшердегі аванстық төлем сатып алу - сату келісім шартына қол қойылғаннан күннен бастап банктік бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде төленеді. Кепілдік жарна тиісті аванстық төлемнің есебіне жатқызылады.

қалған сома жалдау құқығын сатып алу - сату келісім шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей енгізіледі.

Жер телімін  немесе жер телімінің жалдау құқығын беру туралы  жергілікті атқарушы органның шешімі аукцион аяқталғаннан кейін екі жұмыс күннен кем емес мерзімде қабылданады.

Жергілікті атқарушы орган шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде сауда-саттықтың объектісін сатып алу - сату келісім шарты жасасылады.

Дата публикации
13 января 2020
Дата обновления
13 января 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы