
«Балалары бар әйелдердi әлеуметтiк-психологиялық
сауықтыру және бейiмдеу
Павлодар қалалық орталығы» КММ
Директоры: А. Ильясова
Орналасқан жері:
Павлодар қаласы
Осипенко көшесі, 5
Мекеменің байланыс телефондары:
87182 62-55-85– Сенім телефоны
Өмірлік қиын жағдайға тап болған балалары бар әйелдерді әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеуі Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты мен мәні болып табылады.
Мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін Орталық мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) Өмірлік қиын немесе дағдарыстық жағдайға тап болған адамдарға сенім телефоны арқылы шұғыл психологиялық, заңгерлікконсультациялық, әлеуметтік көмек көрсету.
2) Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға психологиялық, заңдық, әлеуметтік көмек пен қызметтерді бетпе-бет кеңес беру режимінде ұсыну.
3)Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және отбасының әлеуметтік бейімсіздігінің профилактикасы жөніндегі ақпараттық іс-әрекет.
4) Өмірлік қиын жағдайға тап болған балалары бар әйелдерге уақытша баспана беру.
Орталық 53 төсек - орынға арналған.
2024 жылдың басынан бері 516 адам - 182 әйел және 334 бала тұрды.
Жұмыс келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
Бірінші бағыт-тұрмыстық жанжалдар мен басқа да дағдарыстық жағдайларды шешуде сенім телефоны арқылы шұғыл консультациялық психологиялық, құқықтық және әлеуметтік көмек. Сенім телефоны анонимділік құқығын сақтауға көмектесетін төтенше психологиялық жағдайларда жауап береді.
Жыл басынан бері 1423 өтініш келіп түсті.
Екінші бағыт-2022 жылғы 31 наурыздан бастап әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, психологжәне заңгер кешенді консультациялық қызметтер көрсете отырып, өмірлік қиын жағдайға тап болған балалары мен отбасылары бар әйелдерге арналған «Бақытты отбасы» орталығының қызметін ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Осы бағыт шеңберінде мынадай жұмыстар жүзеге асырылады:
1.2952 адамға (тіркеу, құжаттау, жоғалған құжаттарды қалпына келтіру, еңбек өтілін қалпына келтіру, некені бұзуға сотқа талап арыздар, алимент өндіріп алу, әке болуды анықтау) орталықтың мамандары: заңгер, психолог, әлеуметтік қызметкер халыққа бетпе-бет кеңес берді.
2.Ағымдағы жылдың басынан бері 4969 өтініш білдірген тұлғаларға мынадай қызметтер көрсетілді, оның ішінде:
- шұғыл психологиялық көмек - 185;
- заң мәселелері бойынша кеңес беру -358;
- әлеуметтік мәселелер бойынша консультациялар -1950;
- ақпараттық консультациялар -2203.
Жоғарыда көрсетілген қызметтердің ішінде зорлық-зомбылық бойынша 26 адамға көмек көрсетілді.
Құқық қорғау органдары, сот жүйесі, денсаулық сақтау өкілдерімен тұрақты түрде консультациялық кездесулер өткізіледі.
Анықтама:
|
№ |
Қызмет түрлері |
2023 г. |
2024 г. |
|
1. |
Сенім телефоны |
1655 |
1410 |
|
2. |
Бетпе-беткеңес беру (психолог, заңгер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман) |
3887 |
4696 |
|
3. |
Өтініш білдірді, оның ішінде Орталықта тұрды - әйелдер - бала |
431
131 300 |
516
182 334 |
|
|
Барлығы: |
5973 |
6622 |
Жұмыс уақыты сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін
Түскі ас сағат 13.00-ден 14.30-ғадейін
Инстаграм: centr_zhenshin_pvl
Электрондық пошта мекенжайы: centr_zhenshin@mail.ru