
Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Белсенді ұзақ өмір орталығы» КММ
Директор: Н.Ш. Кайдарова
Мекенжай: Павлодар қаласы, Ак.Марғұлан көшесі, 102
Тел., 8(7182) 22 09 90
«Белсенді ұзақ өмір орталығы» КММ-де арнаулы әлеуметтік қызметтер ҚР Конституциясына және 29.12.2008 жылғы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес, жеке даму деңгейін арттыруға, әлеуметтенуге және интеграцияға бағдарланған зейнеткерлік жастағы адамдарға олардың физикалық және менталды денсаулығының ұзақтығын арттыру үшін ұсынылады.
Мекемеде көрсетілетін қызметтердің негізгі түрлері:
Әлеуметтік-тұрмыстық
Әлеуметтік-медициналық
Әлеуметтік-еңбек
Әлеуметтік-экономикалық
Әлеуметтік-психологиялық
Әлеуметтік-құқықтық
Әлеуметтік-мәдени
Қазіргі уақытта орталықта 17 қызығушылық клубы жұмыс істейді, онда зейнеткерлер клубтарда әлеуметтік-сауықтыру қызметтерін алады:
Йога-7 топ
Диетолог-нутрициолог, 3 топ
Би - 3 топ
Фитнес, ж/атлетика - 4 топ
Скандинавиялық жүру -2 топ
Әлеуметтік-білім беру қызметтері:
IТ-оқытушы - 2 топ
Ағылшын тілін үйрену - 3 топ
Қазақ тілін үйрену - 2 топ
Әдеби - 2 топ
Арт-терапия - 1 топ
Әлеуметтік-еңбек қызметтері:
«Киіз мектебі» - 1 топ
«Тоқу, тігу мектебі» - 1 топ
«Гарден-терапия» - 1 топ
Әлеуметтік-экономикалық қызметтер:
Бизнес-тренингтер - 2 топ
Тақырыптық консультациялар (заңгер, психолог, әлеуметтік қызметкер, медиаторлар, дәрігердің консультациялары)
Әлеуметтік-бос уақыт қызметтері
Хор - 1 топ
Теннис, шахмат - 4 топ
Кулинария - 1 топ
театр, өлкетану - 2 топ
Ұсынылатын әлеуметтік қызметтердің сапасын бақылау тұрақты негізде жүзеге асырылады, қызмет алушыларға сауалнама жүргізіледі. Әрбір қызмет алушыға жеке жұмыс жоспары әзірленеді.
Орталыққа келушілердің қажеттіліктерін анықтау мақсатында жеке жоспардың орындалуына тоқсан сайын мониторинг жүргізіледі.
Еріктілермен, денсаулық сақтау, білім беру мекемелерімен, қалалық ардагерлер кеңесімен, «Павлодар облысы бойынша ҚР әйелдер күштерінің Альянс» ҚБ, Павлодар облысының ТОП кәсіподақтарымен, Павлодар облысы бойынша «Мир» өңіраралық медиация орталығымен, Славян орталығымен, С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханамен, «Звезда Прииртышья» газеті мен «Найзатас» журналының редакцияларымен, «Ұрпақтар байланысы» бағдарламасы аясындағы Жасөспірімдер үйлерімен белсенді ынтымақтастық жүргізілуде.
Белсенді ұзақ өмір орталығының жұмысы бір жылға бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Орталық аз қамтылған қызмет алушыларға қайырымдылық көмек көрсету үшін демеушілерді тарту бойынша жұмыс жүргізеді, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға қатысты қайырымдылық қызметпен айналысады.