
«Балалары бар әйелдердi әлеуметтiк-психологиялық
сауықтыру және бейiмдеу
Павлодар қалалық орталығы» КММ
Директоры: А. Ильясова
Орналасқан жері:
Павлодар қаласы
Осипенко көшесі, 5
Мекеменіңбайланыстелефондары:
62-55-85 - қабылдау
Өмірлік қиын жағдайға тап болған балалары бар әйелдерді әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеуі Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты мен мәні болып табылады.
Мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін Орталық мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) Өмірлік қиын немесе дағдарыстық жағдайға тап болған адамдарға сенім телефоны арқылы шұғыл психологиялық, заңгерлікконсультациялық, әлеуметтік көмек көрсету.
2) Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға психологиялық, заңдық, әлеуметтік көмек пен қызметтерді бетпе-бет кеңес беру режимінде ұсыну.
3) Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және отбасының әлеуметтік бейімсіздігінің профилактикасы жөніндегі ақпараттық іс-әрекет.
4) Өмірлік қиын жағдайға тап болған балалары бар әйелдерге уақытша баспана беру.
Орталық 53 төсек - орынға арналған.
2024 жылғы 01қыркүйекке жағдай бойынша 40 адам тұрады (15 әйел 25 бала).
Жұмыс келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
Бірінші бағыт-тұрмыстық жанжалдар мен басқа да дағдарыстық жағдайларды шешуде сенім телефоны арқылы шұғыл консультациялық психологиялық, құқықтық және әлеуметтік көмек. Сенім телефоны анонимділік құқығын сақтауға көмектесетін төтенше психологиялық жағдайларда жауап береді.
Жыл басынан бері 1403 өтініш келіп түсті.
Екінші бағыт-2022 жылғы 31 наурыздан бастап әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, психолог, заңгер және медиатор кешенді консультациялық қызметтер көрсете отырып, өмірлік қиын жағдайға тап болған балалары мен отбасылары бар әйелдерге арналған «Бақытты отбасы» орталығының қызметін ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Осы бағыт шеңберінде мынадай жұмыстар жүзеге асырылады:
2.2024 жылдың басынан бері 365 адам - 126 әйел және 239 бала тұрды. Ағымдағы жылдың басынан бері 1886 өтініш білдірген тұлғаларға мынадай қызметтер көрсетілді, оның ішінде:
- шұғыл психологиялық көмек 170 адам;
- заң мәселелері бойынша кеңес беру 174 адам;
- әлеуметтік мәселелер бойынша консультациялар 903 адам;
- ақпараттық консультациялар 639 адам.
Жоғарыда көрсетілген қызметтердің ішінде зорлық-зомбылық бойынша 18 адамға көмек көрсетілді.
Құқық қорғау органдары, сот жүйесі, денсаулық сақтау өкілдерімен тұрақты түрде консультациялық кездесулер өткізіледі.
Анықтама:
|
№ |
Қызмет түрлері |
2023 г. |
2024 г. |
|
1. |
Сенім телефоны |
1655 |
1403 |
|
2. |
Бетпе-беткеңес беру (психолог, заңгер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман) |
3887 |
2034 |
|
3. |
Өтініш білдірді, оның ішінде Орталықта тұрды - әйелдер - бала |
431
131 300 |
365
126 239 |
|
|
Барлығы: |
5973 |
3802 |
Жұмыс уақыты сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін
Түскі ас сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін
Инстаграм: centr_zhenshin_pvl
Электрондық пошта мекенжайы: centr_zhenshin@mail.ru