
Павлодар облысының тумасы Білімі жоғары 1987 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын «акушер гинеколог» мамандығы бойынша тәмамдады біліктілігі «акушер-гинеколог».
Еңбек жолы: 1987-1996 жж. - Павлодар орталық аудандық ауруханасының акушер-гинеколог дәрігері;
1990-1991 жж. -Павлодар станциясының бөлімшелік ауруханасының акушер-гинеколог дәрігері
1991-1994 жж. осы станцияның емдеу профилактикалық жұмысы бойынша бас дәрігердің орынбасары болып тағайындалды;
1994-1995 жж. Павлодар станциясының бөлімшелік ауруханасының акушер-гинеколог дәрігері;
1995-1996 жж. Павлодар қаласының 1-ші ауруханасы бас дәрігерінің акушерлік және гинекология жөніндегі орынбасары;
1996-1997 жж. — Павлодар орталық аудандық ауруханасының акушер-гинеколог дәрігері;
1997-2003 жж. - Павлодар облыстық оңалту орталығының акушер-гинекологы;
2003-2024 жж. – Павлодар облыстық перинаталдық орталығы» ШЖҚ КМК директоры.
2024 жылғы ақпаннан бастап «Viamedis Pavlodar» ЖШС әйелдер денсаулығы бөлімінің басшысы лауазымына қабылданды, 2024 жылғы 02 қыркүйекте Viamedis PavlodarЖШС бас дәрігері болып тағайындалды.
Жұмыс барысында Айман Қайыркенқызы өзін жоғары теориялық білімі мен практикалық дағдылары бар білікті маман ретінде көрсетті Талапшыл, бастамашыл басшы әріптестері мен бөлімше басшыларының лайықты беделіне ие, пациенттермен ерекше көзқарасы мен сенімді қарым-қатынасы бар. Ұқыптылық, шыдамдылық, табандылық сияқты қасиеттер оған емдеу-профилактикалық жұмыстардағыдай тапсырмаларды толық орындауға мүмкіндік береді
Марапаттары: «Құрмет» ордені, халықтың денсаулығын сақтау ісіндегі ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы деңсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі, «Медицина саласына сіңірген еңбегі үшін» ордені, «Ерең еңбегі үшін» медалі, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі.
Атақ Павлодар қалалық мәслихатының 2024 жылғы 18 қазандағы шешімімен берілді.