
2019 жылы Павлодар қаласының түзетілген бюджеті 85 462,9 млн. теңгені құрады, 2018 жылмен (71 478,2 млн. теңге) салыстырғанда 19,6%-ға немесе 13984,7 млн. теңгеге артты.
2019 жылы қала бюджеті 4 рет нақтыланды, түзету 13 рет жүргізілді, нәтижесінде түзетілген бюджет бекітілген жоспардан 7 043,1 млн. теңгеге немесе 9,0 %-ға жоғары.
Бюджеттің кіріс бөлігі:
2019 жыл ішінде бюджеттің кіріс бөлігі жоспар 85 462,9 млн.теңге болғанда 100,6%-ға орындалды, 85 999,9 млн.теңге түсті. Асыра орындау сомасы 537,0 млн.теңгені құрды.
РБ және ОБ берілетін трансферттер мен қарыздардың орындалуы 31 197,6 млн.теңгені (100%) құрады.
Өзіндік кірістердің (1–3 санаттардың) орындалуы 101,0%-ды құрады немесе жоспар 53 651,6 млн.теңге болғанда 54 188, 5 млн.теңге түсті. 2018 жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 107,0%-ды құрайды.
Оның ішінде:
1) Салықтық түсімдер: жоспар 49 624, 6 млн.теңге болғанда орындау 50 162, 7 млн. теңгені немесе 101,1 %-ды құрады, асыра орындау 538,1 млн. теңге.
2) Салықтық емес түсімдер: жоспар 264,6 млн.теңге болғанда орындау 331, 7 млн. теңгені немесе 125,4 %-ды құрады, асыра орындау 67,2 млн.теңгені құрайды.
3) Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер: жоспар 3 762,4 млн.теңге болғанда 3 694,1 млн.теңге немесе 98,2% түсті, орындамау 68,3 млн.теңгені құрады.
Асыра орындаудың негізгі сомасы мынадай кодтар бойынша пайда болды:
– 101201 «Төлем көзінен салық салынатын табыс бойынша жеке табыс салығы» 252,6 млн. теңге сомасында;
– 104402 «Жеке тұлғалардан алынатын көлік салығы» 137,6 млн. теңге сомасында;
– 101202 ««Төлем көзінен салық салынатын табыс бойынша жеке табыс салығы» 80,5 млн. теңге сомасында;
– 105274 спирттің барлық түрлеріне акциз бойынша 77,9 млн. теңге сомасында;
– 104101 «Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салық» 23,9 млн. теңге сомасында.
Орындамаудың негізгі сомасы мынадай кодтар бойынша пайда болды:
– 105284 «ҚР аумағында өндірілген бензин (авиациялық отынды қоспағанда) және дизель отыны» 164,0 млн. тенге сомасына; 2019 жылы дизель отынының өндірісі ұлғайды және бензинді өндіру азайды. Азайтуға ПМХЗ-да КТ-1 кешенін жоспардан тыс жөндеуге тоқтату және 100 млн. тоннаны қайта өңдеуге толық жеткізбеу әсер етті;
– 301103 «Азаматтарға пәтерлерді сатуда түсетін түсімдер» 130,7 млн.теңге сомасына. Павлодар қаласы, Циолковского 6/1 көшесі мекенжайы бойынша үйдңі кеш тапсырылуына (2019 жылдың қараша айы), сондай-ақ «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ депозит шартына бойынша мемлекет сыйлықақысын және сыйақы алу үшін қарыз алушылардың ағымдағы жылдың қаңтар айында кредиттеу ниетіне байланысты.
2020 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша қаланың ҚБШ-да бюджеттік қаражаттың қалдығы 590,4 млн. теңге сомасында қалыптасты.
Бюджеттің 4-деңгейінің кіріс бөлігінің атқарылуы:
2019 жылы бюджеттің 4-деңгейі бойынша жоспар 895,0 млн. теңге болғанда кірістер 14,8 млн. теңге асыра орындау сомасымен бірге 909, 7 млн.теңгені немесе 101,6%-ды құрады.
Оның ішінде жоғары тұрған мемлекеттік басқару органдарынан берілетін трансферттер 813,8 млн. теңге, 100% (оның ішінде 349,7 млн.теңге нысаналы ағымдағы трансферттер, 464,1 млн.тенге субвенциялар), бюджеттік қаражаттың еркін қалдығы 5,9 млн. теңге.
ЖӨӨБ (1– 3 санаттардың) өзіндік кірістерінің атқарылуы жоспар 75,2 млн. теңге болған кезде 90,0 млн.теңге немесе 119,6%-ды құрады. Асыра орындау 14,8 млн. теңге құрады, оның ішінде:
– «Жетекші ауылы әкімінің аппараты» ММ – 3,3 млн. теңге,
– «Павлодарское ауылы әкімінің аппараты» – 4,2 млн. теңге,
– «Кенжекөл селолық округі әкімінің аппараты» ММ – 3,1 млн. теңге,
– «Ленин кенті әкімінің аппараты» – 4,2 млн.теңге.
2020 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша ЖӨӨБ ҚБШ-да бюджеттік қаражат ақлдығы 14,8 млн. теңге сомасында қалыптасты.
Қала бюджетінің шығыс бөлігі:
2019 жыл ішінде бюджеттің кіріс бөлігі жоспар 85 462,9 млн. теңге болған кезде 85 394,7 млн. теңгеге немесе 99,9%-ға атқарылды.
Егер бюджетке тиістілігі бойынша қарайтын болсақ, онда:
– республикалық бюджеттен берілетін трансферттер жоспар 16 554,3 млн. теңге болғанда 100,0%-ға атқарылды, қалдық 0,6 млн. теңге құрады;
– облыстық бюджеттен берілетін трансферттер жоспар 14 643,2 млн. теңге болған кезде (оның ішінде кредиттер жоспар 5 951,7 млн. теңге болған кезде) 1,2 млн. теңге қалдықпен 100%-ға игерілді;
– қалалық бюджет жоспар 54 515,3 млн. теңге болған кезде 99,9%-ға атқарылды, қалдық 67,5 млн. теңгені құрады.
2020 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша облыс қалалары арасында игеру көрсеткіштері былайша көрініс тапты:
млн. теңге:
|
№ р/р |
Атауы |
2019 жылғы 31 желтоқсан бойынша игеру (қазынашылықтың үзінді көшірмелері бойынша) |
|||
|
Жоспар |
Кассалық орындау |
% |
Ауытқу |
||
|
1 |
Ақсу қ. |
15 167,9 |
15 160,3 |
99,9 |
-7,6 |
|
2 |
Екібастұз қ. |
20 382,7 |
20 336,6 |
99,7 |
-46,1 |
|
3 |
Павлодар қ. |
85 381,7 |
85 313,5 |
99,9 |
-68,2 |
2018 жылмен (99,4%) салыстырғанда игеру көрсеткіші 0,5%-ға жоғары.
Егер игеруді ББӘ бөлінісінде қарайтын болсақ, онда мынадай ББӘ қоспағанда барлық ББӘ-мен 100% қамтамасыз етілді:
– Павлодар қаласы әкімінің аппараты 98,9% (игерілмеу сомасы – 3,9 млн. теңге);
– Павлодар қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі – 99,8% (игерілмеу сомасы – 28,5 млн. теңге);
– Павлодар қаласының құрылыс бөлімі – 99,9% (игерілмеу сомасы – 16,8 млн. теңге);
Бюджеттік қаражаттың жалпы орындалмауы 68,2 млн. теңгені қүрайды, оның ішінде:
Объективті себептер бойынша 26,3 млн. теңге сомасында:
– 10,0 млн. теңге – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резерві;
– 8,9 млн. теңге – жолдарды ағымдағы жөндеу бойынша үнемдеу;
– 5,7 млн. теңге – жуықтау есебінен қалдықтар, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу;
– 1,7 млн. теңге – №16 үйдің желілерін салу бойынша ( «Фирма «СтройГрад» ЖШС).
Субъективті себептер бойынша 41,9 млн. теңге:
ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі – 17,3 млн. теңге:
Анықтама үшін:
– 3,4 млн. теңге – Павлодар қаласын көгалдандыру тұжырымдамасы, сотқа талап арыз берілді («Берегиня Био» қоры);
– 2,3 млн. теңге – шамдар мен химиялық қуат көздерін кәдеге жарату, актілер ұсынылған жоқ («Промотход Казахстан» ЖШС);
– 6,4 млн. теңге – өнім берушінің жабдықты (автомобильдік таразыны) жеткізу бойынша өз міндеттемелерін орындамауына байлынысты «Коммунсервис» КММ бойынша қалдық;
– 5,2 млн. теңге – «Коммунсервис» КММ бойынша қалдық, 2-ші Павлодарда (Алтайская көшесі) кәріз науаларын айдап шығару қызметтері үшін, шарт аумақтық қазынашылық органында тіркеуден өткен жоқ;
– құрылыс бөлімі – 12,5 млн. теңге:
Анықтама үшін:
– 5,6 млн. теңге – Ленин кентінде ДСК құрылысы («Репер-СК» ЖШС), енгізу актісі жоқ;
– 3,3 млн. теңге – №27 үйдің желілерін салу («Кереку-ПВЛ» ЖШС), енгізу актісі жоқ;
– 2,9 млн. теңге – №22 үйдің желілерін салу («Саулет-ПВ» ЖШС), енгізу актісі жоқ (ОБ берілетін НТ-ны толық пайдалану);
– 0,5 млн. теңге – Жетекші ауылында ЖТҚ ауданына сумен жабдықтау желілерін салу, конкурс рәсімдері бойынша қорытындылар жоқ;
– 0,2 млн. теңге – «Достық» шағын ауданында тұрғын үйдің құрылысын бастау (4 қабылданды), конкурс рәсімдері бойынша қорытындылар жоқ;
– білім бөлімі – 8,2 млн. теңге:
Анықтама үшін:
– 5,3 млн. теңге – жаңа жыл іс-шараларын ұйымдастыру шеңберінде жосықсыз өнім берушінің тауарды жеткізбеуі («ДБК Вектор Закуп» ЖШС);
– 2,9 млн. теңге – жосықсыз өнім берушінің №2 оқу-өндірістік комбинатты жабдықтандыруға арналған жабдықты жеткізбеуі;
– Павлодар қаласы әкімінің аппараты – 3,9 млн. теңге, ЖЖМ сатып алу шарты бойынша жосықсыз өнім беруші.
Бюджеттің 4-деңгейінің шығыс бөлігінің атқарылуы:
Бюджеттің 4-деңгейі бойынша 2019 жылы селолық округтердің әкімдері жоспардағы 894,9 млн. теңгеден 100% игерді.
2019 жылы Павлодар қаласының әкімдігі 121 бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырды, жоспар 22 141,1 млн.тенге болған кезде шығыстар 22 124,3 млн. теңгені немесе 99,9%-ды құрады.
– Павлодар қаласының құрылыс бөлімі және Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары – 77 жоба, жобалау-сметалық құжаттама – 42 жоба, 2 жоба жарғылық капиталды ұлғайту үшін жіберілді.
Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде 42 объект пайдалануға берілді, 39 жобаның ЖСҚ бойынша қорытындысы бар; 40 жоба 2020 жылға өтпелі жоба.
«Нурлы жер» мемлекеттік бағдарламасын орындау:
2019 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын өткізу процесінде Павлодар қаласы бойынша 18 жоба екі бағыт бойынша жалпы сомасы 9 483,0 млн. теңгеге іске асырылды, шығыстар 9 482,8 млн. теңгені немесе 99,9%-ды құрады.
– ОБ берілетін қарыз есебінен тұрғын үйді жобалау және (немесе) салу – 12 жоба 5 951,7 млн. теңге сомасына;
– республикалық бюджет трансферттері есебінен АКИ-ны жобалау, дамыту және жайластыру – 6 жоба 3 531,3 млн.теңге сомасына.
2019 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 8 объект пайдалануға берілді, 10 объект 2020 жылға өтпелі жоба.
Оның ішінде 5 тұрғын үй (№20, 24/1, 25, 30, 1-тип) инженерлік электрмен жабдықтау желілерінің 3 объектісі пайдалануға берілді. Өтпелі объектілер: 7 тұрғын үй (№19,24/2,29,31, 2-тип, 3-тип, 4-тип), Сарыарқа шағын ауданын жылумен жабдықтауға арналған 2/3 сорғы станциясы және Достық шағын ауданы инженерлік желілерінің 2 объектісі.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасын орындау
2019 жылы 3563 (14 836 адам) АӘК алды (Төлемдердің орташа мөлшері 1 отбасына 12 884,5 теңге). Жалпы сомасы 1 729,4 млн. теңге, 1 729,3 млн. теңге игерілді, ауытқу 0,7 млн. теңгені құрайды.
Дебиторлық және кредиторлық берешек:
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық тәртіп жағдайы индикаторларының бірі дебиторлық және кредиторлық берешектердің болуы болып табылады.
2020 жылғы 1 қаңтар бойынша Павлодар қаласы бойынша дебиторлық берешек 618,2 млн. теңгені, оның ішінде ағымдағы жылғы 567,8 млн. теңге, откен жылдардың дебиторлық берешегі – 50,4 млн. теңгені құрайды.
2018 жылмен салыстырғанда дебиторлық берешек 461,4 млн. теңгеге немесе 75,0%-ға ұлғайған (2018 жылы – 156,8 млн. теңге, оның ішінде ағымдағы жылғы – 151,6 млн. теңге).
Дебиторлық берешектің негізгі үлесі құрылыс бөліміне тиесілі және 613,0 млн. теңгені немесе берешектің жалпы сомасынан 99,2 %-ды құрайды, ТҮКШ бөлімі бойынша – 5,2 млн. теңге немесе 0,8 %.
Ағымдағы дебиторлық берешектің негізгі себептері құрылыс бөлімі бойынша 567,8 млн. теңге сомасында 30 % аванстық алдын ала төлем болып табылады:
– Павлодар қаласында №11 тұрғын үйдің құрылысы бойынша – 130,2 млн.теңге;
– Павлодар қаласында №31 тұрғын үйдің құрылысы бойынша – 83,6 млн. теңге;
– Павлодар қаласында №24/2 тұрғын үйдің құрылысы бойынша – 173,8 млн.теңге;
- Павлодар қаласының «Достық» шағын ауданында магистральдық және торапішілік инженерлік желілердің құрылысы бойынша – 99,6 млн. теңге;
– шекаралардағы тұрғын үйлер үшін орталықтандырылған кәріз желілерін салу – 29,9 млн. теңге;
– Солтүстік өнеркәсіптік ауданда спорт құрылысы кешенін салу – 50,7 млн. теңге.
Өткен жылдардың дебиторлық берешегі – 50,4 млн.теңге, оның ішінде:
- Құрылыс бөлімі бойынша мынадай объектілер бойынша 45,2 млн.теңге сомасында аванстық алдын ала төлем:
«Сарыарқа» ТК-же №27 тұрғын үйдің құрылысы бойынша – 2,8 млн.теңге;
«Сарыарқа» ТК-де №2 тұрғын үйдің сыртқы желілерін салу және абаттандыру бойынша – 3,6 млн.теңге;
«Сарыарқа» ТК-де №13, 13А тұрғын үйдің сыртқы желілерін салу және абаттандыру бойынша – 0,6 млн.теңге;
«Сарыарқа» ТК-де №2 тұрғын үйдің сыртқы желілерін салу және абаттандыру бойынша – 0,6 млн.теңге;
«Сарыарқа» ТК-де №13, 13А, 14 тұрғын үйлердің сыртқы желілерін салу және абаттандыру бойынша – 6,8 млн.теңге;
«Сарыарқа» ТК-де №2 тұрғын үйдің сыртқы желілерін салу және абаттандыру бойынша –1,3 млн.теңге;
«Сарыарқа» ТК-де №23 тұрғын үйдің сыртқы желілерін салу және абаттандыру бойынша – 0,3 млн.теңге;
Ген. Дюсенов көшесі, 138/1 бойынша екі 9-қабатты 2-кіреберісті тұрғын үйдің сыртқы электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы бойынша – 16,8 млн.теңге;
Космонавтов көшесі, 1/50-үй бойынша «Павлодар қалалық белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған бейімделу орталығы» ғимаратына инженерлік желілерді салуға ЖСҚ-ны әзірлеу бойынша – 1,7 млн.теңге;
Жетекші ауылында мал қорымының құрылысы бойынша – 2 592,4 млн.теңге;
Мойылды, Жетекші, Байдалы ауылдарында, Ленин кентінде ветеринарлық пунктілердің құрылысы бойынша – 8,1 млн.теңге;
– ТҮКШ бөлімі бойынша 2012 жыл үшін берешекті өтеу жөніндегі сот шешімдерінің орындалмауына байланысты (Ломов көшесі, 180, Луначарский көшесі, 50, Мир көшесі, 41 бойынша трансформаторлық кіші станцияларды қайта жаңғырту) 5,2 млн. теңге сомасында пайда болды. Бұл ретте ТҮКШ бөлімі өткен жылдардың берешегін төмендету бойынша жұмыстарды жүргізбейді;
2020 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша кредиторлық берешек 2018 жылға (359,7 млн. теңге) 311,8 млн. теңгеге азайтумен 47,9 млн. теңгені (ағымдағы жылғы – 45,5 млн. теңге, 2,4 млн.теңге өткен жылдардың берешегі) құрады.
Ағымдағы кредиторлық берешек құрылыс бөлімі бойынша 45,5 млн. теңге сомасында пайда болды (жаңа объектілерді салумен және қолда бар объектілерді қайта жаңғыртумен байланысты төлемнен 5%-ды ұстап қалу себебі бойынша):
– «Сарыарқа» шағын ауданында 19 тұрғын үйдің, Павлодар қаласында 9-қабатты 2-кіреберісті № 19 тұрғын үйдің құрылысы бойынша (сыртқы инженерлік желісіз және абаттандырусыз). 5% сақтандыру сомасы аударылмаған, мердігер «Нур Астана» ЖШС – 35,1 млн.теңге;
– «Сарыарқа» ТК-де №23 т/ү сыртқы желілерін салу және абаттандыру бойынша, мердігер «Реголит» ЖШС. Пайдалануға беру актісі жоқ – 0,3 млн.теңге;
– «Сарыарқа» шағын ауданында №22 т/ү сыртқы желілерін салу және абаттандыру бойынша, 2018 жылғы 23 наурыздағы №10 шарт, мердігер «Саулет-ПВ» ЖШС. Пайдалануға беру актісі жоқ – 1,7 млн.теңге;
– «Сарыарқа» ТК-де №27 т/ү сыртқы желілерін салу және абаттандыру бойынша, мердігер «Кереку» ЖШС. Пайдалануға беру актісі жоқ – 3,2 млн.теңге;
– Ленин кентінде ДСК құрылысы бойынша, 5% сақтандыру сомасы, мердігер – «Репер» ЖШС; Енгізу актісі жоқ – 5,2 млн.теңге.
Өткен жылдардың кредиторлық берешегі 2,4 млн.теңге сомасында:
(Кредиторлық берешектің пайда болуының негізгі себебі сақтандыру сомасының 5 %-ын ұстап қалумен байланысты, төлем объектілерді пайдалануға беру актісінен кейін).
– Амангелді көшесі бойынша тұрғын үйдің құрылысы бойынша – 0,13 млн.теңге;
- Железнодорожников кентінде 0,4кВ электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы бойынша – 0,06 млн.теңге;
– «Сарыарқа» шағын ауданында №6 тұрғын үйдің сыртқы желілерін салу және абаттандыру бойынша – 0,7 млн.теңге;
- «Сарыарқа» шағын ауданында №22 тұрғын үйдің сыртқы желілерін салу және абаттандыру бойынша – 1,2 млн.теңге;
– Мойылды ауылында, Ленин кентінде, Кенжекөл, Жетекші, Павлодарское ауылдарында 5 ДСК ЖСҚ әзірлеу үшін – 0,3 млн.теңге.
Сондай-ақ, «Павлодар қаласының құрылыс бөлімі» ММ осы берешекті өтеу бойынша жұмыстарды әлсіз жүргізеді.
Осы фактілер мемлекеттік органдардың бухгалтерлік есепті және есептіліктілікті жүргізуді толық көлемде сақтамайтынын, яғни басшылардың тарапынан өз есепші қызметкерлеріне тиісті бақылау жоқ екенін куәландырады.
2019 жылы барлық жоспарланған іс-шаралар, оның ішінде жалақыны, демалыс және басқа әлеуметтік төлемдерді төлеу уақытында жүргізілді, кідіріс жағдайлары байқалған жоқ.
2019 жыл ішінде бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп Қаржы министрлігімен бекітілген есептерді жасау қағидаларына сәйкес жасалды және Павлодар облысының қаржы басқармасына белгіленген мерзімдерде тапсырылды. Жылдық есеп қабылданды және ол бойынша ескертулер жоқ.
Слайд «2019 жыл ішінде Павлодар қаласы бюджетінің атқарылуы туралы» - Жүктеу