Павлодар

Меню

Страницы

Статья

«Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ 2023 жыл бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет есебін жария талқылау туралы № 1 хаттама

Павлодар қаласы

 

 2024 жылғы 29 наурыз

 

 

Өткізу уақыты:                                      

 

Өткізу орны:

 

 

                            10.30 часов

 

Павлодар қаласы, Қайрбаева  көшесі, 32

 

 

 

Төрағалық етті:

 

 «Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ-нің басшысы Қ.Б. Жолжаксинова

 

 

 

 

 

 

 

Қатысқандар:

 

Павлодар қаласы бөлімінің, «Отбасы Банк» ТҚЖБ АҚ өкілдері мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, көрсетілетін қызметті алушылар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күн тәртібі

         «Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ 2023 жылғы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет есебін жария талқылау.

«Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ басшысы Қ. Б. Жолжаксинова есепті жария талқылауды ашты, ол 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 6-тармағына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласында жылына кемінде бір рет қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізетінін түсіндірді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша азаматтарды есепке алу және тұрғын үйді бөлу секторының бас маманы А.К. Шукеева сөз сөйлеп, барлық қатысушыларды 2023 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша "Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысы туралы ақпаратпен таныстырды.

Есепті жария талқылау барысында Пвлодар қаласының тұрғын үй бөлімінің мемлекеттік қызметтері 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 бекітілген мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларына сәйкес көрсетілетіні атап өтілді. Жария талқылау соңында Павлодар қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы қатысушыларға мемлекеттік қызметтер көрсетуге және олардың сапасын арттыруға қатысты өздерінде бар мәселелер мен ұсыныстар туралы сұрақпен жүгінді.

2023 жылдың 12 айында көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар жоқ. Бақылау іс-шарасын өткізу нәтижелері туралы актіге сәйкес Павлодар қаласы әкімі аппараты мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингелеу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді талдау бөлімі өткен 2023 жылы 27 бұзушылықты анықтады. Анықталған бұзушылықтар үшін мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бас мамандары А. К. Шукеева және А. Б. Бахбаева тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Жария талқылау соңында Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы қатысушыларға Мемлекеттік қызметтерді көрсету және көрсету сапасын арттыруға қатысты өздерінде бар мәселелер мен ұсыныстар туралы сұрақпен жүгінді.

Барлық қойылған сұрақтарға толық түсіндірмемен жауаптар берілді. Көрсетілетін қызметті алушылар мен мүдделі тұлғалардан мемлекеттік қызмет көрсету бойынша көбірек сұрақтар мен ұсыныстар түскен жоқ.

Жария талқылау қорытындысы бойынша және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мыналар ұсынылды:

1. Халыққа уақтылы және сапалы мемлекеттік қызмет көрсету;

2. Ақпараттық жүйелерге мемлекеттік қызметтер көрсету сатысы туралы деректердің уақтылы енгізілуіне тұрақты негізде мониторинг жүргізу;

3. Көрсетілетін қызметті алушылармен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу мүмкіндігі туралы түсіндіру іс-шараларын тұрақты негізде жүргізу;

4. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманы зерделеу жөніндегі бөлім ұжымымен тұрақты негізде жалпыға бірдей құқықтық оқыту жүргізу;

5. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мамандардың біліктілігін уақтылы арттыру.

 

Төраға

 

 

 

 

 

К.Б. Жолжаксинова

         Хатшы                               

 

      С.А. Абдықалықова

Дата публикации
03 апреля 2024
Дата обновления
03 апреля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы