Павлодар

Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен өмір сүру сапасын арттыру» жолдауы тұрғысынан жастар жылы аясында жастар саясатын іске асыру барысы туралы ақпарат

Мемлекеттік жастар саясаты Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 ақпандағы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына (бұдан әрі - Заң) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы «Қазақстан 2020: болашаққа жол «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы туралы» қаулысына сәйкес іске асырылады.

Жастар саясатының басым бағыттары жастардың әлеуметтік мәселелерін шешуге көмек көрсету болып табылады:

- Қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету;

- Салауатты өмір салтын қалыптастыру;

- Құқықтық мәдениетті арттыру және жастарда мемлекеттіліктің негізін қалаушы құндылықтарына құрмет қалыптастыру;

- Жастарды жұмысқа орналастыру үшін жағдай жасау;

- Жастар үшін қолжетімді тұрғын үй жүйесін дамыту;

- Жастарды мәдени құндылықтарға тарту;

- Жастардың азаматтық және патриоттық өзін-өзі жүзеге асыруын ынталандыру.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл - ауқатының өсуі: табыс пен өмір сүру сапасын арттыру» Қазақстан халқына Жолдауы аясында - 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланды.

Павлодар қаласында 14-29 жас аралығындағы 74 144 жас өмір сүреді, бұл қала халқының жалпы санының 21% құрайды, қаланың ауылдық аймағында ұқсас жастағы 5 014 жас өмір сүреді, бұл қала халқының жалпы санының 1,5% құрайды.

2019 жылы жастар саясаты саласындағы іс-шараларды іске асыруға қалалық бюджеттен қаржыландыру көлемі 32,0 млн.тнг құрады. (2018 жылы-21,5 млн.теңге).

 Есеп беру кезеңінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша барлық конкурстық рәсімдер өткізілді, іс-шаралар жоспары шеңберінде 12 ҮЕҰ 16 бағыт бойынша 60 іс-шаралар өткізу көзделген.

Анықтама: «Здоровая Нация» ҚҚ, «Жастар жобаларының Павлодар лигасы» ҚБ, «Менің тілім» тілдерді дамытуды қолдау қоғамдық қоры, «Павлодар қаласы мен Павлодар облысы Ауған соғысы және жергілікті соғыстардың ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық қоры, «Шығармашылық жобалар орталығы» ЖШҚ, «Асыл Заман» ҚҚ, «Жасыл Ел» студенттік құрылыс және жастар жасақтарының Павлодар штабы» қоғамдық қоры, «Самал» оңалту орталығы» МҚҚ, «Тәлімгер» ЖҚБ, «KAISAR-KZ» ҚБ, «Кенжекөл Жастары» ЖҚБ, «Павлодар облысы Қазақстан Жастарының Конгресі» ҚҚ..

Бүгінгі күні аталған ҮЕҰ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 43 іс-шара өткізді.

Қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету

Павлодар қаласында 2019-2020 оқу жылының басына 14-18 жас аралығындағы жалпы орта білім беретін мектептердегі оқушылар саны 13 388 адамды құрады, ТжКБ оқушыларының саны – 18 345 адам, ЖОО студенттерінің саны – 15 000 астам адам.

Облыс колледждерінде мемлекеттік грант бойынша 12 614 студент, ЖОО - да-4846 студент, облыс әкімінің гранты бойынша -231 адам оқиды.

Облыс орталығында колледж және университет студенттері үшін 2 994 орындық 10 жатақхана бар. Ағымдағы жылдың қазан айында Павлодар көлік және коммуникация колледжінде 200 орындық жатақхана құрылысы аяқталады. 2020 жылы С. Торайғыров атындағы ПМУ-да  600 орындық жатақханасын ашу жоспарлануда, сондай-ақ № 34 мектеп аумағында ПМПУ студенттері үшін 300 орындық жатақхананы пайдалануға беру жоспарлануда.

«Дипломмен ауылға!» жобасы аясында 70 АЕК көлемінде көтерме жәрдемақы төлемімен Жетекші ауылына 2 педагог жұмысқа жіберілді (2018 жылы Кенжекөл а. 1 қатысушы).

«Жас маман» жобасы шеңберінде Павлодар облысының ТжКБ ұйымдары анықталды, олардың негізінде қазіргі заманғы жабдықтармен жабдықталған құзыреттілік орталықтарын құру жоспарлануда.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру

Павлодар қаласында барлығы дене шынықтырумен және спортпен тұрақты түрде 109 384 адам айналысады, бұл қала халқының 30,4% құрайды, оның ішінде 18 277 адам - 14 пен 29 жас аралығындағы жастар.

Жастарға дене шынықтырумен шұғылдану үшін 1134 спорт ғимараттары берілді: стадиондар, спорт сарайлары, жүзу бассейндері, ипподром, спорт алаңдары, залдар және т. б.

Қаланың ауылдық аймағында спорт объектілерінің көлемі 48, бұл-ату тирлері, хоккей корттары, жазықтық құрылыстар, спорт залдары, спорт ғимараттары кешендері.

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне қалада 249 спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шаралары өткізілді, оған 40 спорт түрі бойынша салауатты өмір салтын сүйетін 8 мыңнан астам жастар қатысты.

Ағымдағы жылы жастар үшін «Bolashaq Arena» футбол манежі ашылды және 56 стритбол алаңы орнатылды.

Мұз сарайының, олимпиадалық резервті даярлау орталығының құрылысы, «№ 1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» жанында ат спорты түрлері бөлімшесінің ашылуы, Ленин кентінде, Павлодар ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы жүргізілуде.

Жыл сайын 8 спорт түрінен жастар командалары арасында қалалық кешенді спартакиада өткізіледі,биыл спартакиадаға 550-ден астам адам қатысты.

Құқықтық мәдениетті арттыру және жастарда мемлекеттіліктің негізін қалаушы құндылықтарына құрмет қалыптастыру

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Менің ата - анам-мемлекеттік қызметшілер» атты үздік видероликтерге, ҮЕҰ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта және вайнерлер арасында жастар арасындағы үздік жұмысқа конкурстар, жалпы қамтылуы 800 адамға жуық акциялар өткізілді.

Жастар арасында электоралды сауаттылықты арттыру шеңберінде «Тәлімгер» жастар бірлестігі жалпы 400 адамды қамти отырып, 6 семинар ұйымдастырды, осы тақырып бойынша әлеуметтік желілер мен МТК-медиада 2 бейнеролик іске қосылды.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2019 жылдың есепті кезеңінде 118 кәмелетке толмағандар есепке алынды.  Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар саны бойынша жасөспірімдер қылмысы 19-дан 10-ға дейін азайды. Сонымен қатар, 12 кәмелетке толмаған тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды (мектеп оқушылары – 7, колледж студенттері – 5).

Жастарды жұмысқа орналастыру үшін жағдай жасау

Есептік кезеңде жастар жұмыссыздық деңгейі 4% құрады (2017 жылы – 3,4).

NEET жастардың үлесі (білімсіз, жұмыссыз және біліктілігін арттырмайтын) – 5,2 % (облыс бойынша 5,5%) құрады, бұл 3 856 жас адамды құрайды.

2019 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналасуға жастар арасынан 2 286 өтініш білдірген, өтініш білдіргендердің 28,1% құрайды.

Қысқа мерзімді оқытуға 29 мамандық атауы бойынша 216 адам жіберілді, ТжКБ базасында кадрлар даярлауға 340 адам жіберілді.

«Мәңгілік ел жастары - индустрияға!» («Серпін») жоба аясында 389 түлек (200 ТжКБ түлегі, 189 - ЖОО) жіберіледі.

«Бизнес-Бастау» жобасы аясында 22 жас кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, 3 қатысушы өз ісін ашуға шағын несие алды.

Жастар тәжірибесіне колледждердің және жоғары оқу орындарының 222 түлегі жұмысқа орналастырылды (ЖОО түлектері - 80, колледж түлектері -142), жастар тәжірибесі 108 кәсіпорында ұйымдастырылды.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 92 адам жұмысқа орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға 77 адам қатысты.

Жастар үшін 9 Бос орындар жәрмеңкесі өткізілді, 200 жас азамат жұмысқа қабылданды.

«Жастар - ел тірегі» ұлттық жобасы аясында «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 135 адам жіберілді.  Сондай-ақ, аталған жоба бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 86 мемлекеттік грант бөлінді, 28 грант қазірдің өзінде берілді.

Павлодар облысының әкімі Б. Бақауовтың тапсырмасы бойынша «Жас шебер» жобасы жүзеге асырылуда, бүгінгі таңда 204 адам жас кәсіпкер ретінде тіркелді.

Сонымен қатар, жазғы кезеңде 607 жоғары сынып оқушылары қаланы абаттандыру бойынша жасақтарда, 177 студент «Жасыл ел» жасақтарында еңбек етті.

Жұмыс мамандықтарын дәріптеу мақсатында біз «Павлодар облысының Қазақстан жастар конгресі» ҚҚ-мен бірлесіп «Жұмысшы жастар арасындағы мамандығы бойынша Үздік» қалалық конкурсын өткізуді жоспарладық.

Жастар үшін қолжетімді тұрғын үй жүйесін дамыту

2019 жылы тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесі бойынша «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ПОФ арқылы 258 жас отбасы тұрғын үй алды. Сондай-ақ, 342 жолдама қаланың қаржы бөлімімен төлем қабілеттілігін бағалаудан өту үшін берілді, оның ішінде банкпен 163 бас тартылды, 179 қабылданды.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ПОФ-да есеп шоттары ашылған жастардың (жас отбасылардың) жалпы саны өзектендірілді, бүгінгі таңда олардың саны 16 837 адамды құрайды.

Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын іске асыруға қатысуға ниет білдірген жастар үшін екінші деңгейлі банктермен түсіндіру алаңдары ұйымдастырылып, өткізілді.

«7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ұлттық банк, екінші деңгейдегі банктер қызметкерлерінің қатысуымен диалог алаңы форматында түсіндіру кездесулері өткізілді. Бүгінгі күні «7-20-25» бағдарламасы аясында 839 жас тұрғын үйге ие болды.

Жастар мен жас отбасылардың тұрғын үй мәселелерін шешуге жәрдемдесу бойынша Жастар бастамаларын дамыту орталығы 5 мыңнан астам кеңес өткізді (он-лайн және жеке).

Жастарды мәдени құндылықтарға тарту

Жастарды мәдени құндылықтарға тарту

Ағымдағы жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Жастар жылы аясында Жастар бастамаларын дамыту орталығының базасында «Жастарға арналған IT-орталығы» және «Голливуд актерлік шеберлік мектебі» ашылды, қызығушылықтары бойынша 17 клуб пен үйірмелер ұйымдастырылды. Қаланың жоғары оқу орындарында ірі іс-шаралар өткізілді: «Dala-party», «Ауыз-tea» және «Ертіс мұрасы» жобалары; «Ұлы даланың ұлы есімдері» және т. б. диалог алаңдары іске асырылды. жастарды қамтумен 3 мыңнан астам адам қамтылды.

Жастардың азаматтық және патриоттық өзін-өзі көрсетуін ынталандыру

«Айбын» әскери-патриоттық әндер фестивалінің Гала-концерті, «Лесная сказка» жазғы лагерінің базасында «Сарбаз» әскери-патриоттық ойыны, «Менің Туым! Менің Елімбам! Менің Әнұраным!».

Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мәліметтеріне сәйкес 2019 жылдың 1 қыркүйегіне 1 656 неке және 1 068 ажырасу тіркелді (2018 жылдың 1 қыркүйегінде 1 657 неке және 1 142 ажырасу тіркелді). Биылғы жылы біз ЖБДО базасында "Бастау-Начало" отбасылық тәрбиелеу орталығын ашылды; отбасы күні аясында жас отбасылардың қалалық Форумын өткізу жоспарланған.

Павлодар қаласында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру туралы ақпарат өңірлік баспа және электрондық БАҚ-тарда, «Звезда Прииртышья» және «Сарыарқа самалы» газеттерінде, теледидар және радиодарда, Pavlodarnews.kz және Pavon.kz жаңалықтар порталдарында, «Ertis» және «Ирбис» телеарналарында, Халық радио радиостанциясында, сондай-ақ «Мой Павлодар», «Позитивный Павлодар», «Типичный Павлодар», Kazinform, Tengrinews Instagram әлеуметтік желілерінде үнемі жарияланып отырады. Бөлімнің Instagram ресми аккаунтында Жастар жылы аясында өткізілетін барлық іс-шаралар жарияланады.

Жастар іс-шараларын өткізуге көмек көрсету мәселесі бойынша бөлімге түсетін барлық өтініштер бойынша көмек көрсетіледі.

Жастар іс-шараларының мониторингін «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Заңның 6-4 бабына сәйкес «Павлодар облысының Азаматтық Альянсы «Қауымдастығы» ЗТБ және «Десента» ҚҚ сарапшылары жүргізеді, онда жыл қорытындысы бойынша қорытынды және ұсыныстар қабылданады.

Дата публикации
24 июня 2020
Дата обновления
24 июня 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы