
|
№ п/п |
Қысқаша мазмұны |
Іске асыру бойынша тапсырма |
Қабылданған шаралар туралы ақпарат |
Ұсыныс |
|
8-тар., 1-қ., |
Жаңаауыл ш.а. көшелерінен қарды шығару туралы |
Жаңаауыл ш.а. көшелерінен қарды шығару жұмыстары жүргізілсін |
Жаңаауыл ш.а. көшелерінен қарды жинау және шығару жұмыстары толықтай жасалынды, 15 самосвал және 2 жүк тиегіш тартылды, 15 мың тоннадан астам қар шығарылды. |
Бақылаудан алынсын |
|
14-тар., 1-қ.
|
Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қажеттілігін ескере отырып, 1-ші қалалық аурухана ауданында орналасқан бағдаршамда жаяу жүргіншілер шақыратын таблосын (бұдан әрі - ЖЖШТ) орнату туралы |
Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қажеттілігін ескере отырып, 1-ші қалалық аурухана ауданында орналасқан бағдаршамға ЖЖШТ орнату мүмкіндігі қарастырылсын және ұсыныстар енгізілсін |
1-ші қалалық аурухананың аумағында Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы – Ломов көшесінің қиылысында бағдаршам орналасқан. Бұл қиылыста 3 фазалық трафиктің реттелуіне байланысты (трамвай қызметінің қозғалысы үшін бөлек фаза бөлінген) ЖЖШТ орнату мүмкін емес. Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, ЖЖШТ жол қиылыстарынан тыс жерде орнатылады. |
Бақылаудан алынсын |
|
15-тар., 1-қ.
|
1 Май, 40 және академик Бектұров, 115 к-сі мекенжайы бойынша тұрмыстық қалдықтарға арналған қоқыс контейнерлерді орналастыру туралы |
1 Май к-сі, 40 және академик Бектұров к-сі, 115 бойынша қоқыс контейнерлерін орнату үшін орындарды анықтау жөніндегі мәселесі пысықталсын |
Академик Бектұров к-сі, 115-үй бойында қоқыс контейнерлері 2019 жылдың күз мезгілінде орнатылды. Аталған контейнерлердің орналасуына қатысты, тұрғындардан қызмет көрсететін ұйымға шағымдар түскен жоқ. 1 Май к-сі, 40-үй тұрғын үйде. да қоқыс жәшігін сақтау және коммуналдық-тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға арналған контейнерлерді орналастыру туралы меншік иелеріне жазбаша сауалнама жүргізілуде. |
Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімінің жұмыс бақылауына аударылсын
|