
Ленин кенті Павлодар қаласынан республикалық маңызы бар Павлодар-Астана магистральдан оңтүстікке қарай 12 км қашықтықта орналасқан. Кент 1914 жылы құрылды. Кенттің аумағы 7608 га.
2020 жылдың 1 қаңтарына 20-дан астам ұлт пен ұлысты құрайтын кент тұрғындарының жалпы саны 10137 адамды құрайды.
Ленин кентінің аумағында 131 ЖК жұмыс істейді (оның ішінде: ЖҚС-4, дүкен-30, кафе-6, шаштараз-4, наубайхана ), 9 ЖШС, 3 мектеп, 2 балабақша, дәрігерлік амбулатория, кітапхана, Мәдениет үйі, 2 мешіт және православиелік шіркеу.
2019 жылға қойылған келесі міндеттер орындалды:
Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды. Ұзындығы 68,3 км кент су құбыры желілерінің құрылысы аяқталды.
2368 ауланың 1481-і жеке үйге сумен жабдықтау желілері тартылды.
Бүгінгі күні сумен жабдықтау желілері және 3 КБМ «Горкомхоз Модернизация Жилья» ЖШС-не сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берілді.».
Ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлікті дамыту және инвестициялар:
2019 жылға статистикалық есептілікке сәйкес мал мен құс басының болуы: ІҚМ – 871, жылқылар – 242, КҚМ – 1400, шошқалар –164, құстар – 2059 дананы құрады.
Ленин кентінің аумағында 2019 жылдың қараша айынан бастап тұрғындарды қатты отынмен қамтамасыз ету бойынша «Әпет» ЖК ШОБ субъектісі жұмыс істейді.
Бюджет:
Ленин кенті бойынша 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
Кірістер – 330 097 мың теңге, соның ішінде:
Салықтық түсімдер – 24 125 мың теңге;
Салықтық емес түсімдер – 279 мың теңге;
Трансферттер түсімі – 305693 мың теңге;
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында: «Нығманова» ЖК мердігерлік ұйымымен жыл бойы кент аумағын санитарлық тазалау бойынша жұмыстар жүргізілді. 1250 тонна тұрмыстық қоқыс шығарылды және 12 000 м3 буртовка жүргізілді.
«Энергоград» ЖШС мердігерлік ұйымымен жерлеу орындарына қоршау жасау және орнату жұмыстары жүргізілді.
Мектептің жоғары сынып оқушыларының еңбек отрядтары жазғы кезеңде 30 адамды қамти отырып, абаттандыру жұмыстарын орындады.
«Энергоград» ЖШС мердігерлік ұйымы бес аялдама павильонын ағымдағы жөндеу және жылыту, сондай-ақ балалардың ойын және стритбол алаңдарын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар жүргізді.
«Импортер-KZ» ЖШС Титов көшесінде балалар ойын алаңын орнатты.
«Серке» ЖК мердігерлік ұйымымен №38 автобус бағыты бойынша жолдарды қысқы мерзімде ұстау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Бонус Строй» ЖШС жалпы ұзындығы 8,75 км кентішілік жолдарға орташа жөндеуін жүргізді.
«Империя Бек ПВ» ЖШС өткізілген Мемлекеттік сатып алу нәтижесінде қалыптасқан үнемдеу есебінен Макаренко көшесі-11 тірек, Солнечная көшесі-Урожайная көшесі-24 тірек көше жарығын орнату бойынша жұмыстар орындалды..
Ұзындығы 8860 м. кенттің қамтылмаған көшелерінің қосымша жобасы бойынша су құбырын салу аяқталды.
2368 ауланың 1481-і жеке үйге сумен жабдықтау желілері тартылды. Осы бағыттағы жұмыстар көктемгі кезеңде жалғасады.
«АдалЛогистикКом» ЖШС ҚТҚ жинау және сұрыптау бойынша жұмыстар жүргізілуде, 150 жеке келісім-шарт жасалды.
Құрылыс:
Ленин кенті Космонавтов көшесі, 22 мекен-жайында орналасқан 5 қабатты көп пәтерлі үйді одан әрі тұрғын үй алуға кезекте тұрған көп балалы отбасыларды орналастыру үшін қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Көлік:
Жолаушылар тасымалын «№ 1 автобус паркі» ЖШС жүзеге асырады, № 38 маршрут.
Білім:
Кентте бір негізгі, екі жалпы білім беретін мектеп, № 15, № 36 балабақша жұмыс істейді.Оқумен және тәрбиемен 1158 оқушы қамтылды.
Денсаулық сақтау:
Ленин кентінің тұрғындары DamuMed мобильдік қосымшасының көмегімен қабылдауға жазыла алады немесе дәрігерді үйге шақыра алады. Ленин кентінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсетуді Павлодар қаласының № 3 емханасы жүзеге асырады. Жергілікті амбулаторияда таңу кабинеті, стоматологиялық кабинет, физио кабинеті ашылды.
Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту:
Аз қамтылған және көп балалы отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында кент әкімінің аппараты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті ресімдеуге көмек көрсетті.
2019 жылғы 31 желтоқсанға жүгінген азаматтардың жалпы саны - 162, оның ішінде АӘК ресімдеу бойынша -142, және мәселелерін шешуге жәрдем көрсетілген басқа әлеуметтік мәселелер бойынша 19 адам.
Жұмыссыз азаматтар кентті абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша қоғамдық жұмыстарға тартылады,олардың саны 10 адамды құрады. Пробация қызметіне жәрдемдесу шеңберінде абаттандыру бойынша қоғамдық жұмыстарға 3 адам тартылды.
Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік қызметтер 12 жалғыз басты және жалғыз тұратын зейнеткерлерге және бала жастан мүгедек 6 балаға көрсетіледі.
Балаларды қорғау күніне 200 балаға, оның ішінде 34 мүгедек балаларға демеушілерден тәтті сыйлықтар табыстаумен балалар мерекесі өткізілді. Кент кәсіпкерлері мен жеке тұлғалары көп балалы және аз қамтылған отбасыларға азық-түлік жиынтығы түрінде материалдық қайырымдылық көмек көрсетті.
«Ленин кенті әкімінің аппараты» ММ кәсіпкерлердің демеушілік қолдауымен "Мектепке жол"акциясына қатысты.
Демеушілік қаражат есебінен «Рубиком» ЖШС-нің мерекелік түскі ас түрінде қарттар күніне арналған іс-шаралар өткізілді, тыл еңбеккерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға азық-түлік пакеті түрінде демеушілік көмек көрсетілді.
Жаңа жыл мерекесіне орай Мүмкіндігі шектеулі балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған жаңа жылдық шырша өткізілді, жаңа жылдық сыйлықтар алуға демеушілік көмек көрсетілді.
Мәдениет және спорт:
Мемлекет Басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру барысында 2019 жылы Жаяу Мұса атындағы Мәдениет үйі 40 мәдени-демалыс іс-шарасын өткізді, оған 6900-ден астам адам қатысты.
Кент жастары «Павлодар қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ ұйымдастырған Павлодар қаласының ауылдық аймағы арасындағы 48-ші спартакиада бағдарламасына белсенді қатысады. Онда волейбол бойынша - 3 орын, шаңғы жарысы бойынша - 2 орын, Қазақша күрес бойынша - 1 орын, шағын футбол бойынша-1 орын алды.
Қоғамдық қауіпсіздік:
Халық арасында құқықтық тәртіп және алдын алу жұмыстары мәселелерімен ЖПҚ айналысады. Тұрақты негізде жастар жиналатын жерлерде рейдтік іс-шаралар өткізіледі. Кенттің сауда нүктелерінде кәмелетке толмағандарға алкоголь және темекі өнімдерін сатуға бақылау жүргізіледі.