Павлодар

Меню

Страницы

Статья

Бакытжамал Шаханқызы Мақсилова (14.04.1948 ж.т.)

Павлодар облысының тумасы. Білімі жоғары. Семей педагогикалық институтын «математика мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. Жалпы педагогикалық өтілі 45 жыл. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған «№2 мектеп-интернат» ММ қатардағы мұғалімнен мектеп директорына дейін еңбек жолы өтті. 2013 жылы Қазақстан Мұсылман әйелдер лигасының (Қазіргі «Нұр-Ана әлемі» ҚБ) облыстық филиалының төрайымы болып сайланды.

11 жыл бойы ҚХА Аналар кеңесі мен «Нұр-Ана әлемі» ҚБ басқарып, қаланың және жалпы Ертіс-Баян өңірінің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысады.

Отбасылық құндылықтарды, халықтық дәстүрлер мен мәдениетті насихаттау, аға буынға құрметпен қарауды насихаттау және жастарды тәрбиелеу бойынша көптеген жобаларды іске асырудың бастамашысы болып табылады: «Ұлы Даламның мәңгілік тілі», «Мен жылғыз емеспін – Сен жалғыз емессін», «Этно – мейірімділіктің қайнар көзі», «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт», «Қыз тәрбиесі – Ұлт тәрбиесі». Жыл сайын «Бесік жыры» облыстық фестивалі, «Қымызмұрындық» мерекесі өткізіледі.

Марапаттары: Құрмет» ордені (2019 ж.), төс белгілері: «Қазақстан Республикасының Білім беру үздігі» (1996 ж.), «Мейірім» (2019 ж.) «Белсенді қызметі үшін» (2022 ж.), мерейтойлық медальдар: «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» (2015 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016 ж.), «Астана 20 жыл» (2018 ж.), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» (2020 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» (2021 ж.).

Дата публикации
26 октября 2023
Дата обновления
26 октября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы