
Павлодар облысының тумасы. Білімі жоғары. Павлодар индустриялық институтын «электр станциялары» мамандығы бойынша бітірген. 1963 жылы кешкі мектепке түсумен қатар «Средазэнергомонтаж» ҚБ-да жұмыс істей бастады, онда 1971 жылға дейін слесарь-электрик, электрик, бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика бойынша электрослесарь болып жұмыс істеді.
Институтты бітіргеннен кейін Павлодар алюминий зауытына бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика бойынша басшысы лауазымында жұмысқа қабылданды. 1972-1973 жж. Әскерде қызмет еткеннен кейін Павлодардағы алюминий зауытының аумағында орналасқан Бүкілодақтық алюминий және магний өнеркәсібі институты зертханасының меңгерушісі болып жұмысқа орналасты.
1974 жылдан бастап Павлодар облыстық партия комитетінің өнеркәсіп бөлімінің нұсқаушысы болып жұмыс істеді. 1976-1982 жылдары – Павлодар облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. 1980 жылдың басында Екібастұз қаласына көшіп, 1982-1986 жылдары Екібастұз қалалық партия комитетінің екінші хатшысы болып сайланды. 1986 жылы Алматы қаласына жіберіліп, 1988 жылға дейін Қазақстан Компартиясы ОК инспекторы болып жұмыс істеді. 1998-1991 жылдары Алматы қаласы Алатау аудандық партия комитетінің хатшысы болып сайланды. 1991 жылы Павлодарға оралып, 1998 жылға дейін Павлодар монополияға қарсы комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді. 1998 жылдан бастап 2010 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін жеке секторда жұмыс істеді.
Марапаттары: «Комсомолдағы белсенді жұмысы үшін» төсбелгісі (1973 ж.), «Құрмет Белгісі» ордені (1980 ж.), облыстық Құрмет кітабына енгізілген (1982 ж.)