
Парасаттылық - сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негізі
Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру мақсатында Павлодар қаласының әкімдігі сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік атмосферасын құру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Ерекше назар аударатын аймақта сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеуге, парасаттылық идеологиясын ілгерілетуге бағытталған алдын алу жұмыстары жүргізілуде.
Шығыстың ұлы ғалымы Әл-Фарабидің «Бақыттың мәні — парасаттылықта, әркімнің өз алдында игілікті мақсат қоя білуінде... адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағыттап отыруында» деген қанатты сөзі бар.
Парасаттылық туралы айтатын болсақ, бұл мәдениет пен тәрбиеге, білімге, жеке жауапкершілікке, хабардарлыққа, әділеттілікке байланысты адамның ішкі факторы деп айтуға болады.
Тоқсан сайын менің төрағалығыммен жергілікті атқарушы, өкілді және құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен, сондай-ақ жұртшылықты шақыра отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өткізіледі, онда мемлекеттік органдар басшыларының жүргізіліп жатқан жұмыстар және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің көрінуіне жол бермеу жөніндегі нақты шаралар туралы есептерін тыңдаймыз.
Жергілікті атқарушы органдарда «Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша қабылданатын шаралар туралы», «Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында жергілікті атқарушы органдарда өткізілетін іс-шаралар туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы бағдарламалық құжаттардың іске асырылу барысы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларының сақталуы туралы» және тағы басқалары.
Мұндай семинарлардың мақсаты мемлекеттік әкімшілік қызметшілерде парасаттылық, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік идеологиясын ілгерілету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру болып табылады. Семинарлар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің және өзге де құқық қорғау қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып өткізілуі мүмкін.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды көрсеткіштерінің бірі мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапалы көрсету бойынша жұмыс болып табылады.
Бекітілген тізілімге сәйкес қала әкімдігі халыққа мемлекеттік қызметтің 67 түрін көрсетеді.
2023 жылдың 1 тоқсанында Павлодар қаласының атқарушы органдары мемлекеттік қызметтердің 67 түрі бойынша (оның ішінде қағаз жеткізгіште – 3 түрі, электрондық форматта – 24 түрі және балама форматта – 40 түрі) 17 772 қызмет көрсетті, оның ішінде қағаз түрінде – 83 қызмет, балама түрде – 22 қызмет, электрондық түрде-17 617 қызмет (электрондық мемлекеттік қызметтердің үлесі – 99 %). Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі мен тәртібін бұзуға жол берілмегені туралы айта кету керек.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер аясында мемлекеттік қызметшілердің халықпен тікелей байланысын азайту мақсатында Павлодар қаласының әкімдігі «Open Pavlodar» жобасын іске асырды.
Ағымдағы жылдың 5 айында «Open Pavlodar» фронт-кеңсесіне 48 087 адам жүгінді, оның ішінде 22 167 адам мемлекеттік қызмет алды, 24 736 адам мемлекеттік емес мекемелердің консультацияларын, қызметтерін алды, 1184 адамнан өтініштер қабылданды.
«Open Pavlodar» фронт-кеңсесінде «Ashyq kabinet» жобасы жұмыс істейді.
Халықпен өзара іс - қимылдың жаңа форматының басты құрамдас бөлігі-ашықтық, қолжетімділік және тиімділік болып табылады.
Сонымен қатар әрбір фронт-кеңсе қызметкерінің жұмыс орындарында бейнебақылау камералары орнатылған.
Жалпы, «Open Pavlodar» жобасында көрсетілген шаралар:
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде барлық мемлекеттік мекемелерде 2022 жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қала әкімдігінің 14 дербес бөлімінде және 5 ауыл әкімдігінде жүргізілді. Жүргізілген ішкі талдау қорытындысы бойынша 24 ұсыным әзірленді. Бүгінгі таңда барлық ұсыныстар орындалды. Атқарылған жұмыстар туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша Департаментіне жолданды.
Ағымдағы жылы «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс – қимыл» төртінші үлгілік базалық бағытын (бұдан әрі - 4-ҮББ) іске асыру басталды. 4-ҮББ аясында бірінші кезең сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу болып табылады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Павлодар облысы әкімінің аппаратымен бекітілген кестеге сәйкес, Павлодар қаласы әкімдігінің барлық мемлекеттік мекемелерінде жүргізілуде.
Жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта әлеуметтік жарнама орналастырылады. Қалада осы бағыт бойынша 15-тен астам билборд орналастырылды.
Қазіргі уақытта Павлодар қаласында 7 билборд орналастырылды. Қаланың 6 LED экранында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы бейнероликтер көрсетіледі.
Халық «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дегендей, қала тұрғындарын парасаттылық, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік идеологиясын ілгерілетуге одан әрі тарту мақсатында халық арасында, әсіресе өскелең ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты дамыту жөніндегі жұмыс жалғасады.
Бүгінгі күні еліміз реформалар мен жаңару бағытын ұстана отырып, өзінің дамуы мен «Әділетті Қазақстанды» құрудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ мемлекетіміздің болашағы әрқайсымыздың заңды әрекеттеріміз бен әділ шешімдерімізге байланысты!
Павлодар қаласының әкімі