
ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке жөніндегі комитетінің ақпараттық жүйелерін танымал етуді іске асыру аясында Павлодар облысы бойынша басқарма бастығының орынбасары С.Е.Сунгатова, бөлім бастығы А.Б.Мажитова, аға прокурор Д.Д.Арынов Павлодар қ. әкімдігінде ақпараттық жүйелерімен таныстыру өткізді.
«Е-өтініштер», «Тексерулер субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі» (ТСОБТ), «Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі» (СДТБТ), «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі» (ӘІБТ) ақпараттық сервистері таныстырылды.
Сонымен қатар, нақты уақыт режимінде «Qamqor.gov.kz» порталдың жұмысы көрсетілген.