
4 ақпанда қалалық аумақтық сайлау комиссиясы жоспарға сәйкес қалалық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының хатшыларына оқыту семинарын өткізді.
Талқылау мен тәжірибелік жаттығулардың тақырыбы кандидаттарды ұсыну және тіркеу процедураларын рәсімдеу болды. Семинарға қатысушылар депутаттардың кезектен тыс сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес сайлау рәсімдерін өткізу кезеңдерін, азаматтардан құжаттарды қабылдау алгоритмін, сайлау құжаттарының нысандарын толтыруды қарастырды. Жұмыс барысында сайлау комиссияларының жұмыс тәжірибесінен нақты жағдайлар бойынша істерді талдау жұмыстары жүргізілді.