Павлодар

Меню

Страницы

Статья

«Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды ашық талқылау отырысының № 1 хаттамасы

Өткізу орны: Павлодар қ аласы                                                                                           Өткізу күні

Кривенко,25                                                                                                                        01.02.2023 жыл

 

Төраға: «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ басшысының м.а.  А. К. Бектасова 

Қатысты: Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі қызметкерлері

Күн тәртібі:

1. Бөлімнің 2022 жылы көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жұмыстарына сараптама.

Баяндаушы: С. Аубакирова – бас маман  мемлекеттік техникалық  инспектор

Тыңдады:

1. «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ (әрі - Бөлім) мамандары және қызығушылық танытқан жеке және заңды тұлғалар.

2022 жылы көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жұмыстарына сараптама

Бөлім өз қызметін Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы  19 сәуірде бекітілген № 552/2 Ережеге сәйкес жүргізеді.

2022 жылы Бөліммен 940 қызмет көрсетілді, соның ішінде электрондық түрде – 895 (электрондық мем.қызмет үлесі – 98.9 %) мемлекеттік қызметтің 4 түрі бойынша  (оның ішінде қағаз жүзінде  – 1 түрі, электрондық форматта – 3 түрі)

2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімін және тәртібін бұзу болған жоқ.

Павлодар қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметке мониторинг жүргізу және жемқорлық қаупін сараптау бөліміне ай сайын мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы есеп беріліп отырады.

Бөлімнің инстаграмм каналында тұрғындарға ақпарат беру мақсатында заңнамалық актілерге және мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына енгізілегн соңғы өзгерістер және қосымшалар жарияланады.

Түсіндіру жұмыстары.

Азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мерзімдері туралы ақпараттандырулығын, сонымен қатар «электрондық  үкімет» веб-порталының танымалдығын арттыру мақсатында мемлекеттік қызметті электрондық түрде алуды түсіндіру шаралары жүргізіледі.

Қала әкімдігінің бөлімдер мамандарымен «Open Pavlodar» фронт-офис негізінде кеңестер беріледі және қызмет алушылар үшін қолайлы жағдай жасау жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар, akimat.pavlodar инстаграмм каналында мем.қызмет көрсету мәселелері бойынша онлайн жәрмеңкелер өткізілді.

2022 жылғы 19 қазанда кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің  мемлекеттік қызметкерлері үшін Павлодар облысы бойынша ҚР мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті мамандарымен Этикалық кодекс нормаларын түсіндіру семинары өткізілді.

2022 жылы мемлекеттік қызметті электрондық форматта алудың танымалдығын арттыру мақсатында  түсіндіру шаралары өткізілді (қамту - 101 адам).

Әріптестердің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында, мамандарды оқыту жүргізіледі. 2022 жылы бөлімнің бас маманы  мемлекеттік техникалық  инспекторы  Павлодар облысы бойынша ҚР Президенті жанындағы  мемлекеттік басқару академиясының филиалында «Мемлекеттік қызмет нәтижелігіне басқару» тақырыбындағы кәсібилікті арттыру курстарынан өтті

Мемлекеттік қызмет көрсету бүгінгі күні үнемі бақылауға алынды. Мемлекеттік қызметтер сапалы және уақытылы көрсетіледі. Қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша шағымдар түскен жоқ.

Ұсыныстар:

1. «Электрондық үкімет» веб-порталында, интернет-ресурстарында, БАҚ-та мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша есептер орналастырылсын.

 

«Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ басшысының м.а.                    

А. Бектасова 

Бас маман -  мемлекеттік техникалық  инспектор

С.  Аубакирова

     

 

Дата публикации
01 февраля 2023
Дата обновления
01 февраля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы