
Өткізілген күні: 2023 ж 26 қаңтар, сағ. 11.00
Өткізілген орны: Мәдени ойын-сауық орталығы
Қатысқандар: 42 адам.
Қоғамдық талқылауға қатысқандар: жергілікті қоғамдастық мүшелері, ауыл тұрғындары.
Төрағалық еткен: Абдрахманов Н. М. – Жетекші ауылының әкімі
Хатшылық еткен:
Болатбаева Д.С.- «Жетекші ауылы әкімінің аппараты» ММ бас маманы.
КҮН ТӘРТІБІ:
1. 2022 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы ақпарат.
Күн тәртібі бойынша Жетекші ауылының әкімі Нұрлыбек Маратұлы Абдрахманов сөз сөйледі.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілген қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңының 23-бабының 6 тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар жылына кемінде бір рет қоғамдық талқылаулар өткізеді.
«Жетекші ауылы әкімнің аппараты» ММ 5 мемлекеттік қызмет атқарады:
1) Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жататынын растайтын анықтама беру (тексеру актісі).
2) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім беру.
3) Елді мекендер шегінде объекті салу үшін жер учаскесін беру.
4) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу.
5) Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.
1. Байтуғанов Аманжол Түлеубайұлы, зейнеткер, Жетекші ауылы, Қыз Жібек көшесі, 22, пәтер 2.
Қобланды батыр көшесінде орналасқан (бұрынғы шошқа комплексі) кәсіпорыннның иелері жайлы білгім келеді, сбебі ғимарат ұзақ уақыт бойы иесіз тұр.
Абдрахманов Н.М.:
Қобланды батыр көшесінде орналасқан мекеме «Тараз Май» ЖШС тиесілі, аталған мекеменің басшысы ұрлықтың алдын алу үшін кәсіпорын қауіпсіздігін сақтау шаралар жүргізу, сонымен қатар абаттандыру шараларын жүргізу туралы хабарланған.
2. Шишкова Людмила Константиновна, Жетекші ауылы, Қобланды батыр көшесі, 11, пәтер 2.
Қанша жастан бастап жер учаскесін алу үшін кезекке тұруға болады.
Абдрахманов Н.М.:
Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтары жеке тұрғын үй құрылысын салуға жер учаскесін алуға болады, ол үшін «Электрондық Үкімет» порталында «Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алуға кезекті қарау немесе кезекке тұру» қызметін таңдау қажет.
3. Абдрахманов Жарқын Әсетұлы, Жетекші ауылы, Мәшхүр Жүсіп көшесі, 8, пәтер 2.
Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай мемлекеттік қызметті қалай алуға болады.
Абдрахманов Н.М.:
Халықтың өз еркімен қызмет алу сауаттылығын арттыру аясында әкімшілік ғимаратында «Электронды Үкімет» порталында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жабдықталып, жауапты маман тағайындалған, сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бойынша ақпараттық бұрыш орналасқан.
Төрағалық еткен: Егер басқа сұрақтарыңыз және ұсыныстарыңыз болмаса, пікір таласты тоқтатып, қоғамдық талқылауды қабылдауды ұсынамын.
Құрметті тұрғындар, мемлекеттік қызмет туралы барлық сұрақтарыңыз бойынша ауыл әкімшілігіне келулеріңізге болады.
Жетекші ауылының әкімі Абдрахманов Н. М.
Хатшы Болатбаева Д. С.