
Павлодар ауылы 2023 жыл 30.01.
Тікелей эфир
Қатысқандар: Instagram әлеуметтік желісіндегі akimat_selo_Pavlodarskoe акаунт жазылушылары
Күн тәртібі: Павлодар ауылы әкімі аппаратының 2022 жылда мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызмету туралы есебі
Баяндамашы: Павлодар ауылының әкімі – С. Т. Рушанов
Тындалды:
Павлодар ауылының әкімі – С. Т. Рушанов - Павлодар ауылы әкімі аппаратының 2022 жылда мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызмету туралы есебі
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңының 23-бабы, 6-тармағына сәйкес ауыл әкімдері мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жылына кемінде бір рет жария талқылаулар өткізеді.
2022 жылда «Павлодар ауылы әкімі аппараты» ММ-мен 3 түрлі мемлекеттік қызметтің 2044 қызмет көрсетілді, оның:
1 тоқсанда – 28;
2 тоқсанда 1440;
3тоқсанда – 231;
4 тоқсанда – 255.
1) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 9 (1тоқсан-4; 2тоқсан-3; 3тоқсан-1; 4тоқсан-1), 2 өтінішке жалпы жоспарға сәйкес келмегендіктен бас тартылды.
2) «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» - 104 (1тоқсан-15; 2тоқсан-26; 3тоқсан-43; 4тоқсан-20) жер комиссиясының шешімімен 10 өтінішке бастарту жасалды;
3) «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» - 1931 (1тоқсан-9; 2тоқсан-1411; 3тоқсан-277; 4тоқсан-234)
2022 жылдың 25 наурызынан бастап Жер учаскесін алу үшін кезекке қою қызмет түрі Е-gov порталы арқылы электронды форматқа ауыстырылды, (1931) автоматтандырылды. Е – лицензирование базасы арқылы 113 өтініш қабылданды.
Ауыл тұрғындарының назарына «Павлодар ауылы әкімі аппараты» ММ-нің ғимаратында Е-gov порталының өзі-өзіне қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
Сұрақ: Кез келген адам, жер алу үшін бірнеше жерге кезекке тұрады, ол кезектің ұлғайып өсуіне байланысты болады, сол себепті бір жерге ғана кезекке тұру керек.
Жоғарыда аталған сұраққа тікелей эфир барысында түсіндірме жасалды.
Ұсынылды: Осы хаттаманы Павлодар қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында Павлодар ауылы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі іс-шаралар туралы есебі қосымшасында орналастыру.
Павлодар ауылының әкімі С. Т. Рушанов