
Павлодар қаласы әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі Е.Б. Иманзаипов Павлодар қаласы жергілікті атқарушы және өкілетті органдары басшыларының, ауылдық округтері әкімдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтау бойынша жиналыс өткізді.
Жиналыс барысында мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға негіз болып табылатын қызметтік әдептің негізгі стандарттары түсіндірілді.
Бірінші басшыларға мерекелер қарсаңында мемлекеттік қызметшілер арасында моральдық-әдеп нормаларын сақтау бойынша түсіндірме сипатындағы іс-шаралар өткізу, қоғамға қарсы мінез-құлық, сондай-ақ қызметтік автокөлікті тиімсіз және мақсатсыз пайдалану жағдайларына жол бермеу туралы тапсырма берілді.