Павлодар

Меню

Страницы

Статья

Рамазан Ғазисұлы Керімбаев - (1948-2024 ж.ж.)

Павлодар облысының тумасы. Білімі жоғары. 1971 жылы Павлодар индустриялық институтын бітірген. 1971 жылдан 1981 жылға дейін темірбетон бұйымдары комбинатының шебері, бас технологы болып жұмыс істеді.

1981-1983 жылдары – «Трансстрой» бүкілодақтық трестінің техникалық бөлімінің бастығы;

1988-2000 жылдары – «Трансстрой» тресті өндірістік кәсіпорындар комбинатының директоры.

2000 жылдан бастап – «Павлодартрасстрой» ААҚ директоры, «Иртыштранстрой» қауымдастығы төрағасының 1-ші орынбасары, «Павлодарстройпут» ЖШС директоры;

Қазіргі уақытта «Атамұра» СК ЖШС директоры болып жұмыс істейді, темірбетон бұйымдары мен құрылымдарын өндірумен айналысады. Р. Керімбаевтың басшылығымен «Павлодартранстрой» ААҚ, «Павлодарстройпут» ЖШС басшылық еткен жылдары қала мен облыста көптеген нысандар салынды: Мәшһүр Жүсіп мешіті, Благовещенский шіркеуі, Екібастұз қаласының бас мешіті және т. б.

2003 жылы Р. Керімбаев Жамбыл облысының Луговая станциясындағы үйлердің құрылысына қатысты, жер сілкінісінен кейін 30 үй салынды.

4-ші сайланған қалалық мәслихаттың депутаты болды. Қандай лауазымда қызмет атқарса да Керімбаев Рамазан өзін жақсы ұйымдастырушы және сауатты маман ретінде көрсете білді. Сапаны жақсарту және өзіндік құнын төмендету бойынша бірнеше рационализаторлық ұсыныстар ұсынылып, енгізілді.

Марапаттары:

«Құрметті құрылысшы» төсбелгісі (1996 ж.), «Ерен еңбегі үшін» медалі (2011 ж.), «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» атағы (2013 ж.), «Қазақстанның даңқы» ордені (2011 ж.), «Үздік адамдар» энциклопедиясы кейіпкерінің Құрмет белгісі (2015 ж.), «Қазақстанның құрметті құрылысшысы», Мәшһүр Жүсіп Мешітінің 20 жылдығы медалі (2021 ж.).

Дата публикации
15 декабря 2022
Дата обновления
15 декабря 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы