Павлодар

Меню

Страницы

Статья

Роза Мухамедьярқызы Имантаева - (20.05.1952 ж.т.)

Павлодар облысының тумасы. 1974 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Университетті аяқтағаннан кейін 1974-1976 жылдары Павлодар ауданы прокурорының көмекшісі, тергеуші болып қызмет атқарды.

1979 жылы қыркүйекте Р. М. Имантаева Павлодар қаласы Ильичев аудандық сотының халық судьясы болып сайланды, 1992 жылы маусымда осы соттың төрағасы болып бекітілді. Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 11 шілдедегі №4012 Жарлығымен Павлодар қаласы Ильичев аудандық сотының төрағасы қызметінен босатылып, осы соттың судьясы болып тағайындалды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 шілдедегі №415 Жарлығымен Павлодар қаласы Ильичев аудандық сотының төрағасы қызметінен босатылып, Павлодар облыстық сотының судьясы болып тағайындалды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 желтоқсандағы №991 Жарлығымен Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы болып тағайындалды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 20 мамырдағы №594 Жарлығымен Р.М. Имантаева Павлодар облыстық мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметінен босатылып, Павлодар облыстық сотының судьясы болып тағайындалды.

Марапаттары:

«Сот жүйесінің құрметті қызметкері» төсбелгісі (2010 ж.), «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі (2021 ж.), «Павлодар облысына 75 жыл» мерейтойлық медалі, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі, «Судьялар одағының құрметті мүшесі» Құрмет белгісі.

Дата публикации
15 декабря 2022
Дата обновления
15 декабря 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы