
Павлодар облысының тумасы. Білімі жоғары. Семей зооветеринарлық институтын және Мәскеу қаласындағы КОКП ОК жанындағы қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген. Еңбек жолын Қашыр ауданында (қазіргі Тереңкөл) зоотехник болып бастаған. Павлодар облысы Қазақстан ЛКЖО Қашыр аудандық комитетінің, Павлодар облысы Қазақстан ЛКЖО Павлодар облыстық комитетінің бірінші хатшысы, Павлодар облысы Қазақстан Компартиясы Май аудандық комитетінің екінші хатшысы, облыстық партия комитетінің нұсқаушысы болды.
1991-2005 жылдары «Конда» ЖШС бас директорының орынбасары қызметін атқарды. Павлодар қаласы, «Топаз» ЖШС директоры.
2005-2008 жылдары – Павлодар қаласы әкімінің орынбасары;
2008-2012 жылдары – Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы;
2012-2014 жылдары – «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары;
2014-2018 жылдары – Павлодар облыстық мәслихатының депутаты, хатшысы;
2018-2020 – «Павлодар ӘКК» ҰК АҚ ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы;
2020 жылдың тамыз айынан бастап осы уақытқа дейін – «Д. Махмудов атындағы Павлодар қаласы Трамвай басқармасы» АҚ күрделі құрылыс бөлімінің маманы.
«Павлодар облысы ҚХА жанындағы Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ облыстық филиалының төрағасы болып табылады.
Марапаттары:
«Знак Почета» ордені (1986 ж.), «Ерен еңбегі үшін» медалі (2009 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі» (2011ж.), «Белсенді қызметі үшін медалі» (2012 ж.), «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі (2012 ж.), «Павлодар облысының 75 жылдығына» мерейтойлық медалі (2012), «Құрмет» Ордені (2015 ж.).