
Өткізу орны Өткізу күні
Кривенко, 25 15.04.2022 ж
Төраға: Павлодар қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.В. Абильтаев
Күн тәртібі:
1. 2021 жылғы дене шынықтыру және спорт бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметті талдау.
Баяндамашы: Д.С. Билялов – Павлодар қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманының м. а.
Тыңдады:
1. Билялов Д.С. – Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманының м. а.:
2021 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметті талдау.
2021 жылдың өткен кезеңінде Павлодар қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» 2007 қызмет көрсетілді, оның ішінде электронды түрде – 2007.
2021 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері мен тәртібін бұзуға жол берілмеді.
Павлодар қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі бөліміне мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы бойынша Есеп және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау ұсынылады
Ұсынылған:
1. «Электрондық үкімет» веб-порталында, интернет - ресурстарда мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызмет туралы есеп орналастырылсын.