Павлодар

Меню

Страницы

Статья

«Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы» тақырыбы бойынша қоғамдық пікірталас

Ағымдағы жылдың 9 желтоқсанына «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен 2021 жылға арналған есепте техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы» тақырыбында қоғамдық пікірталас өткізілді.

«Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ техникалық инспекция саласында мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетеді:

1. Тракторлар мен олардың негізінде жасалған өзі жүретін шасси мен механизмдерді тіркеу және қайта тіркеу.

2. Тракторист-машинист куәлігін беру,

3. Жыл сайынғы тракторлар мен олардың негізінде жасалған өзі жүретін шасси мен механизмдерге мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу.

4. Машиналарды кепілдікке қою шарттарын тіркеу.

2022 жылы бөліммен қызметтің 1713 түрі көрсетілді: есепке 536 ауылшаруашылық машиналары алынды, 411 есептен шығарылды, 525 данаға техникалық тексеру жүргізілді, кепілдікке қою 55 шарттары тіркелді, 186 тракторист-машинист куәлігі берілді. Қызметтің 95% электрондық форматта көрсетілді.

2020 жылмен салыстырғанда 2021 жылы мемлекеттік қызметтер түрлерін көрсету 57% өсті (974 қызмет көрсетілді, оның 95% электрондық форматта).

Мемлекеттік қызметтер көрсетуде өтінушілер мен қызмет көрсетуші арасында жеке қатынасты максималды болдырмау мақсатында Кривенко, 25 әкімшілік ғимаратының бірінші қабатында «бір терезе» принципімен фронт-офис «Open Pavlodar» жұмыс істейді. Электрондық (Touch панель) форматта мемлекеттік қызметтер стандарттары орналастырылған.

Мемлекеттік техникалық инспектор құжаттарды қабылдау және беруді бірінші қабатта фронт-офис «Open Pavlodar»-да жүргізеді.

2020 жылдан бастап Ковид-19 таралуына байланысты карантин кезінде  мемлекеттік қызметтер көрсетудің 95% электрондық форматта Е-Лицензирование бағдарламасы арқылы көрсетіледі.

Әр  қызмет алушы үйден шықпай қашықтықтан интернет арқылы онлайн форматта жоғары көрсетілген мемлекеттік қызметтер түрлерін ала алады.

Бөлімнің инстаграм каналында заңнамаға енгізілген ақырғы өзгерістер мен толықтырулар және мемлекеттік қызметтер стандарттары жарияланады.

Қызмет алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпараттандыру және кеңес беру, бұқаралық ақпараттық құралдарымен жұмыс істеу үнемі жүргізіледі, ол өз кезегінде азаматтардың мемлекеттік қызметтер алудағы уақытын үнемдейді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету жұмыстары бүгінгі күні үнемі бақылауда.

Дата публикации
12 декабря 2022
Дата обновления
12 декабря 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы