
Павлодар қаласында жолаушылар мен багажды автомобиль мен қалалық тұрақты тасымалдаудың маршруттық желісі 34 автобус маршрутын қамтиды (оның ішінде 9 маршрут – шағын класты /А/ - (№№ 003, 3, 14, 111, 115, 126, 151, 152, 153,) оның ішінде 2 маусымдық № 6,17.
Автобус маршруттарының жалпы ұзындығы - 617, 5 км.
Жолаушылар мен багажды автомобиль мен қалалық тұрақты тасымалдау маршруттарымен облыс орталығынан басқа, Павлодар қаласы ауылдық аймағының 5 елді мекенінде қызмет көрсетіледі, атап айтқанда:
Павлодар ауылы (№44 маршрут);
Ленин кенті (№38 маршрут);
Мойылдыауылы (№66 маршрут);
Кенжекөл ауылдық округі (Кенжекөл ауылы, Байдалы ауылы, Долгое ауылы) (№24 және № 21 маршрут);
Жетекші ауылы (№41 маршрут);
Теміржолшылар кенті (№42, № 10 маршрут);
Жаңауыл кенті (№14 маршрут).
Тұрғындарды тасымалдау үшін қалалық маршруттар 5 (бес) автомобиль тасымалдаушыларына қызмет көрсетеді (1 мүгедектердің қоғамдық бірлестігі және 4 ЖШС), онда 134 бірлік үлкен класты автобус (165 резервімен), 279 шағын А класты автобус (319 резервімен) жұмыс істейді. Барлық қоғамдық автокөлік кәсіпорындарының жылжымалы құрамы 413 бірлік (484 резервімен). Тәулік сайын қоғамдық автомобиль көлігімен 246480 қала тұрғындары мен келушілерге дейін тасымалданады. Павлодар қаласында автокөлік кәсіпорындарынан басқа, жолаушылар тасымалдаумен теңгерімінде 111 жолаушы вагоны бар «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ айналысады, оның ішінде күн сайын желіге 68 бірлік электр көлігі шығады (75-77 резервімен). Трамвай маршруттарының жалпы ұзындығы 89,2 км құрайды. Тәулік сайын трамваймен 44723 қала тұрғындары тасымалданады.
Тасымалдардың сапасы мен жайлылығын жақсарту мақсатында «№ 1 Автобус паркі» ЖШС және «Павлодар автокомбинаты» ЖШС 2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жалпы сыйымдылығы 1 класты 106 жаңа жайлы автобус сатып алынды (тиісінше 33 автобус «№1 Автобус паркі» ЖШС 2013 жылы сатып алынды, оның ішінде 2017 жылы 3 автобус МАЗ-103, 2012 жылы және 2019 жылы «ҚДБ-Лизинг» АҚ жеңілдікпен қаржыландыру бағдарламасы бойынша 30 бірлік жаңа жылжымалы құрам: сыйымдылығы үлкен 1 класты 10 электробус және сыйымдылығы үлкен 1 класты 20 жаңа дизельді автобус, «Сарыарқа Авто Пром» ЖШС (Қостанай қ.) шығарған Еуро 5 экологиялық класты «Анкай» маркалы автобус және «Павлодар автокомбинаты» ЖШС 46 автобус). 2022 жылы «№ 1 Автобус паркі» ЖШС30 жаңа автобус түсті. Сондай-ақ, «Таксомотор» ТФ ЖШС 2014 жылдан бастап 2019 жылға дейін Ресейде шығарылған шағын класты (Next) 53 жаңа автобус сатып алынды. «Жаңғырту жобасы шеңберінде «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ «БелКоммунМаш» (Беларусь Республикасы) өндірісінің 23 жаңа трамвай вагондары қалалық бағыттарда орнатылды және жұмыс істейді. Трамвай паркін жаңарту жиыны 23 жаңа заманауи вагонды құрайды, 2013-2015 жылдары сатып алынған 7 вагонға, бұл күн сайын бағыттарға тартылған, жалпы вагондардың санынан 40% құрайды (резервпен 75 бірлік).
Мүмкіндігі шектеулі жолаушылар тобын, оның ішінде арбамен жүретін мүгедектерді тасымалдау үшін қалалық маршруттарда «мобильді пандустары» және «Книлинг» жүйесі бар 115 төмен едендік автобус («№1 Автобус паркі» ЖШС - 60 автобус, «Павлодар автокомбинаты» ЖШС - 55 автобус) жұмыс істейді. Трамвай маршруттарында 30 жаңа төмен еденді вагондар жұмыс істейді.
Қалалық қоғамдық көлікті диспетчерлеу.
Павлодар қаласында қоғамдық көліктің барлық бағыттарында GPS жүйесінің борттық жабдығы (спутниктік мониторинг құралы) 100% орнатылды және икемделді. Қоғамдық көлік жолаушыларына ыңғайлы болу үшін «РАС» фирмасы Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушыла көлігі бөлімімен бірлесіп, go2.bus-pvl.kz сайт әзірледі және іске қосты.
Павлодар қалалық мәслихатының 2022жылғы 26 мамырдағы № 142/19 шешіміне сәйкес ағымдағы жылы қоғамдық көлікте (1-сыныпты сыйымдылығы үлкен автобустарда, трамвайларда, шағын кластыавтобустарда (маршруттар)) бекітілген барлық 16 санаттағы азаматтарды тегін және жеңілдікпен тасымалдау қамтамасыз етіледі.