Мемлекет пен қоғам арасындағы ашықтық пен тұрақты өзара іс-қимыл жағдайында қызметтік әдеп мәселелері ерекше маңызға ие болуда. Азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейі, көрсетілетін қызметтердің сапасы және тұтастай алғанда мемлекеттік қызметтің имиджі мемлекеттік қызметшінің мінез-құлқына тікелей байланысты.
Қызметтік әдептің негізгі қағидаттары
Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметші қызметтік міндеттерін атқару кезінде:
заңдылықты, әділдік пен бейтараптық қағидаттарын сақтауға;
• азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне құрметпен қарауға;
• мемлекеттік қызметке деген сенімге нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеуге;
• азаматтармен қарым-қатынас кезінде сыпайы, әдепті және байыпты болуға міндетті екендігі белгіленген.
Қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық және бедел
Мемлекеттік қызметші өзінің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлқы, оның ішінде әлеуметтік желілердегі белсенділігі де мемлекеттік қызметтің беделіне әсер ететінін есте сақтауға міндетті.
Кодексте мемлекеттік қызметшілер:
• қоғамдық айыптауға әкеп соғуы мүмкін әрекеттерден тартынуға;
• дәйексіз ақпараттың таралуына жол бермеуге;
• жалпыға ортақ мораль мен іскерлік әдеп нормаларын сақтауға тиіс екендігі көрсетілген.
Әдеп нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілік
Әдеп кодексінің талаптарын бұзу тәртіптік жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін. Сонымен қатар, әдеп жөніндегі уәкіл институтының негізгі міндеті – бұзушылықтардың алдын алу, адал және құрметті мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру болып табылады, жазалау шаралары емес.
Қызметтік этика – бұл формалдылық емес, мемлекеттік қызметтің сапасын арттырудың маңызды құралы екенін атап өткен жөн. Азаматтарға сыпайы қарым-қатынас жасау, іскерлік қатынас нормаларын сақтау және әрбір мемлекеттік қызметшінің жеке жауапкершілігі қоғамның мемлекетке деген сенімін нығайтуға және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға ықпал етеді.