«Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы қызметі туралы 2025 жылғы есебі

2025 жылы «Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтің 16 түрі бойынша 29 450 қызмет көрсетілді, оның ішінде: eGov.kz (электрондық үкімет порталы) – 3 354, ХҚКО-4 466, «Е – Собес» ААЖ - 21 560 және Мо арқылы – 70 (электрондық мемлекеттік қызметтердің үлесі-99,7%).

Павлодар қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау бөліміне ай сайын мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы бойынша есеп беріледі.

Қызмет алушылар үшін қолайлы жағдай жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ұсынылатын мемлекеттік қызметтер шеңберінде мемлекеттік қызметшілердің халықпен тікелей байланысын төмендету мақсатында Генерал Дүйсенов көшесі, 80 мекенжайында орналасқан азаматтарды қабылдау орталығы жұмыс істейді.

Күту залында орналасқан LED панельдерінде электрондық мемлекеттік қызметтерді танымал ету мақсатында бейнероликтер тұрақты негізде таратылады.

Әлеуметтік мәселелерді шешуде түсіндіру жұмыстары маңызды рөл атқарады.

2025 жылы «Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері» тақырыбында                  9 мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі өткізілді.       

Мемлекеттік қызметтердің әлеуетті тұтынушыларының хабардарлығын арттыру мақсатында атқарушы органдармен интернет-ресурстардағы ақпаратты жаңарту және өзектендіру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.

Сайтта, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде бөлімнің көрсететін мемлекеттік қызметтердің тізбесі және мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі ақпарат орналастырылған.

Тұрғындарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамадағы өзгерістер, әлеуметтік көмек көрсетудегі өзгерістер және басқа да мәселелер бойынша ақпараттандыру мақсатында әлеуметтік желілерде Instagram @otdel_soczashita_pvl ресми парақшалары бар.

 

Бөлім басшысы                                           Г. Белялева

 

Дата публикации
13 марта 2026