Сіздердің назарларыңызға 2020-2022 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджетінің азаматтық бюджеті ұсынылып отыр, онда негізгі көрсеткіштер, оны қалыптастыру параметрлері және бюджеттік қаражаттың жұмсалу бағыттары туралы ақпарат қамтылған.
Бұл құжат мынадай бөлімдерді:
- қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін;
- Павлодар қалалық бюджетінің түсімдері мен шығыстарын;
- Павлодар қалалық бюджетінің атқарылуы туралы есепті қамтиды.
2020-2022 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Павлодар облысының 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптастырылған және Павлодар қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 442/61 сессиясында бекітілген.
2020 жылғы 30 қарашада № 539/72 Павлодар қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы «2020-2022 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті туралы» № 442/61 шешіміне өзгерістер енгізілді.