Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгідеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
8-тармақта:
бірінші абзацының 2) тармақшасы мынадай мазмұнда толықтырылсын:
«2) біржолғы әлеуметтік көмек:»;
екінші абзацының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қағиданың 12-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде қызметтердің және (немесе) атқарылған жұмыстарына келісім-шарт, тұрғын үйді жөндеуге нақты шығындар бойынша 500 (бес жүз) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі-АЕК), 7-тармақтың
1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін;»;
он бесінші және он алтыншы абзацтарының 2) тармақшасы алынып тасталсын:
«Қағиданың 12-тармағының 1) тармағында, төртінші абзацының
3) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде «жүйелі қызыл жегі» ауруынан зардап шегетін тұлғаларға 10 (он) АЕК мөлшерінде;
Қағиданың 12-тармағының 1) тармағында, төртінші абзацының
3) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде «инсулинге тәуелді, инсулинге тәуелді емес инсулинді қажет ететін түрі бар қант диабеті» ауруынан зардап шегетін тұлғаларға 10 (он) АЕК мөлшерінде;».
Павлодар қалалық
мәслихатының төрағасы Қ. Кожин