«Павлодар қаласының қалалық қоғамдық көлігінде (таксиден басқа) тегін жол жүру құқығын қоса алғанда, көлік қызметтеріне жеңілдіктер белгілеу туралы» Павлодар қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 18 желтоқсандағы № 1722/2 бірлескен қаулысына және Павлодар қалалық мәслихатының 2024 жылғы 18 желтоқсандағы № 209/23 шешіміне толықтыру енгізу туралы

Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «Павлодар қаласының қалалық қоғамдық көлігінде (таксиден басқа) тегін жол жүру құқығын қоса алғанда, көлік қызметтеріне жеңілдіктер белгілеу туралы» Павлодар қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 18 желтоқсандағы № 1722/2 бірлескен қаулысына және Павлодар қалалық мәслихатының 2024 жылғы 18 желтоқсандағы № 209/23 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7625-14 болып тіркелген) келесі толықтыру енгізілсін:

1-тармақ келесі мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

«4-1) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен және зейнеткерлік жасқа толған азаматтарға;».

  1. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына және Павлодар қалалық мәслихатының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  2. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Павлодар қаласының әкімі                                            Х. Хабылбеков

 

Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы               К. Кожин

Дата публикации
08 января 2026