Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгідеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
он төртінші және он бесінші абзацының 8 - тармағының 2) тармақшасы алынып тасталсын:
«2) біржолғы әлеуметтік көмек:
Қағиданың 12-тармағының 1) тармағында, төртінші абзацының 3) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде «жүйелі қызыл жегі» ауруынан зардап шегетін тұлғаларға 10 (он) АЕК мөлшерінде;
Қағиданың 12-тармағының 1) тармағында, төртінші абзацының 3) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде «инсулинге тәуелді, инсулинге тәуелді емес инсулинді қажет ететін түрі бар қант диабеті» ауруынан зардап шегетін тұлғаларға 10 (он) АЕК мөлшерінде;».
Павлодар қалалық
мәслихатының төрағасы Қ. Кожин