Павлодар қаласы бойынша 2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 «Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20284 болып тіркелген) сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2026 жыл үшін кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері айына бір шаршы метр үшін 40,22 (қырық теңге жиырма екі тиын) теңге сомасында бекітілсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Павлодар қалалық мәслихат

төрағасы                                                                                        Қ. Кожин

Дата публикации
10 декабря 2025