Павлодар қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 582-бабына, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 8-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Павлодар қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) бекітілсін.
  2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Павлодар қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасының (схемасының) негізінде жер салығының базалық мөлшерлемелерінен жер салығы мөлшерлемелері арттырылсын.
  3. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Павлодар қалалық

мәслихатының төрағасы                                                Қ. Кожин

Дата публикации
03 декабря 2025