Павлодар қаласында оңайлатылған декларациясы негізінде арнайы салық режимі бойынша салықтарды есептеу кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы

Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 726-бабына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Павлодар қаласында төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеуді оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтық кезеңде салық салу объектісіне мөлшерлеме 4 пайыздан 3 пайызға төмендетілсін.
  2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Павлодар қалалық

мәслихатының төрағасы                                                Қ.Кожин

Дата публикации
03 декабря 2025