Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 726-бабына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Павлодар қаласында төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, салық төлеушінің салықты дербес қолдануымен оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданған кезде есепті салық кезеңіне корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеу мөлшерлемесі 4 пайыздан 3 пайызға төмендетілсін.
- Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Павлодар қалалық
мәслихатының төрағасы Қ. Кожин